1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
9 маусым 2015
Сүйгендер де қоштасады...
“Ол сенен үнсiз күйде, тыныш қана кетiп қалады. Ең қорқыныштысы – ойламаған жерден кетедi. Тағы бiр қорқыныштысы – олар ешқашан қайта оралмайды”. Өзiнiң махаббаттағы қоштасулар жайлы ойын британдық классик Оскар Уайльд осылай түсiндiредi. Қыз бен жiгiттiң қарым-қатынасында әртүрлi жағдай болып жатады. Махаббатта тек қана сүйiспеншiлiк дәурен құрмайды.
9 маусым 2015
БЕЛЬГИЯНЫ БЕРI ҚАРАТТЫ
Қазақстанның Мемлекеттiк рәмiздер күнiне орай Бельгиядағы қазақстандық студенттер шетелдiк курстастарына ұлттық тағамдар ұсынып, өздерiнiң елi мен оның мемлекеттiк рәмiздерi туралы баяндап бердi деп хабарлады ҚазАқпарат. “Бельгиялық студенттер үшiн қазақ ұлттық тағамдарын әзiрледiк, шетелдiк­тердi мәдениетiмiз және
9 маусым 2015
Мемлекет өз мiндетiн жастарға жүктедi
Грантпен бiлiм алғандар кемiнде үш жыл өз мамандығы бойынша жұмыс iстеуге мiндеттi. ҚазАқпараттың хабарынша, осындай норманы жуырда ғана ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары бiрiншi оқылымда мақұлдапты. Дұрыс-ақ. Бiрақ грантпен оқыған студент өз мамандығы бойынша жұмыс iстеуге мiн­деттi ме әлде оны тапсырыспен оқытқан мемлекет жас­тар­ға жұмыс тауып беруге мiндеттi ме? «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселе­лерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасының қорытындысына
9 маусым 2015
МГУ студентi қалай ИМ қатарына өттi?

Ресей құқық қорғау органдары да, Варя Караулованың ата-анасы да қазiр осы са­уалмен бас қатыруда. 29 мамыр күнi университетке кетiп, артынша анасының телефонына “итiммен бiраз серуендеп келемiн” деп смс жазып, сол күйi ұшты-күйлi жоғалған студент Сириядан бiр-ақ шыққан. Сонда мектептi алтын медальмен бiтiрген, университеттi тек беске оқыған, ағылшын, немiс, француз, араб тiлдерiн жетiк бiлетiн, әке-шешесiнiң алдын кесiп өтпеген, достарымен араздаспаған Варя Караулова нелiктен

28 сәуір 2015
Тар шалбарды тастаңдар!
Вашингтондық дәрiгерлер осылай деп дабыл қағып жатыр. Бұған АҚШ жастарының қалай қарайтынын кiм бiлсiн, бiрақ қазақ жастары ойлануы керек-ақ. Өйткенi бұтқа жабысқан тар джинсы сәндi көрiнгенiмен, денсаулық үшiн аса зиян екен. Кейбiр аурулардың пайда болу себебiне қатысты ұзақ жылдар бойы зерттеу жасаған Вашингтондық дәрiгер Карен Бойл былай дейдi: “Тар шалбарлар неврит ауруына, жүйкенiң қабынуы мен жамбас тамырларының қысылуына әкелiп соғады. Невритке шалдыққан адамның жамбасында шаншу пайда болады, аяғы жиi ұйып қала бередi”.
28 сәуір 2015
Студент-ақпарат
ЖАСЫ ЖҮЗДЕН АСҚАНДА...
“АҚШ-та 103 жастағы кейуана орта мектептi бiтiрiп шықты, ендi ол колледжге құжат тапсыру жөнiнде ойланып жүр” деп жазады New York Daily News. Басылым дерегiнше, Мари Хант Висконсин штатының тұрғыны екен. Ол өзiнiң бауырлары мен сiңлiлерiн асырау үшiн кезiнде мектептi тастауға мәжбүр болған. Алайда қанша жыл өтсе де оның осы бiр арманы жанына маза бермеген көрiнедi. “Бұл менiң ылғи да аяқтағым келiп жүрген iсiм едi.
28 сәуір 2015
Аслан несiн мiндет қылады?
Естерiңiзде болса, сайлауға он шақты күн қалғанда Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келген едi. Сол келiсiнде Орталық стадионда ұйымдастырылған “Алматы көктемi” фести­валiне де қатысты. Мемлекеттiк ақпарат құралдары бұл шара туралы “Назарбаев  20 мың адаммен кездестi” деген ақпарат таратты. Нақты қанша адамның жиылғанын қайдам, әйтеуiр стадионға келген жұрттың негiзгi бөлiгi жастар болатын. Ал президент не айтты? “Алматыда бiлiм алуға да, жұмыс iстеуге де барлық жағдай жасалған” дедi. “Жастар үшiн еңбек етiп жатырмын” дедi. Стадионға кездесуден 5-6 сағат бұрын
28 сәуір 2015
Үйленгелi жүрген жiгiттiң шаблон сөздерi

Қыз бен жiгiт отбасын құрып, үйленгелi жүрген кезде өздерiн әлемнiң ең бақытты адамдарындай сезiнедi. Олардың болашаққа құрған жоспарлары мен арман-тiлектерi көп болады. Бiр-бiрiне серт берiп, “ерлi-зайыпты болғанда былай етемiн, былай етемiн” деп уәде етедi. Тек сол айтылған сөздердiң бәрi отбасылы болған соң ұмыт болады немесе күшiн жоғалтады. Мұны үйленгелi жүрген жастардың шаблон сөздерi деп атап, сондай “құлақтан iлетiн” тiлектердi жинақтап ұсынғанды жөн санадық. Ендеше, жiгiттер үйленбес бұрын қандай шаблон сөздерге ұста болады?

28 сәуір 2015
Yнi керiм Ұлжан

Өнерге деген қызығушылық өзгерген, дәстүрлi өнердiң қоңыр даусын эстраданың даңғыр-дұңғыры басқан, әу дерi бардың бәрi өздерiн жұлдыз санайтын, елi сүйген дүлдүлдер нәпақасын тойдан iздеген бүгiнгiдей заманда бойында ұлы өнердiң ұшқыны бар жастардың – топ жарып, жұртқа танылуы қиынның қиыны. Сондықтан жастар бетiнен “Шолпан” деген жаңа айдар ашуды жөн санадық. Мақсатымыз – ел iшiндегi таланттарды оқырманға таныстырып отыру. Егер даусын тыңдап, дарынын бағаласа, жұрттың “жұлдыз” туралы түсiнiгi өзгерер деген үмiтiмiз де жоқ емес. Сонымен “Шолпанның” алғашқы кейiпкерi – Ұлжан Ағлақова.

3 наурыз 2015
Студент-ақпарат
МАМАНДЫҚТЫҢ «БАҚЫТТЫСЫ» ҚАЙСЫСЫ?
Спортшылар, ғалымдар мен мұғалiмдер – Испания­ның “ең бақытты мамандықтары”. Бұл жөнiнде “Adecco” халықаралық компаниясы жасаған рейтинг­те белгiлi болды, деп хабарлайды espanarusa.com. сайтына сiлтеме жасаған Baq.kz.
3 наурыз 2015
Сүйiктiңiздiң сезiмiн сынап көрiңiз

Әрбiр бойжеткен сүйгенiне тұрмысқа шығуды қалайды. Ғашық болып күйiп-жанып, көрмесе тұра алмайтын жiгiтiңiз кейде өзгерiп кеткендей болып көрiнедi. Сондықтан жiгiтiңiздiң шын сүйетiнiне күмәнданатын кезiңiз болады. Әр нәрсенi ойлап, таусылғанша, күдiгiңiздi сейiлтуге тырысыңыз.

3 наурыз 2015
Ақыл да уақытқа бағынады
Ақылы кемел, қиялы ұшқыр, кез келген жағдайдан айла тауып кететiн жандарды көрсек қызығамыз. Ақыл-ойға анықтама беру мүмкiн емес дейiн десек, ғылым мұның да шешiмiн тауып қойыпты. Ұшқыр ойлау (креатив) үшiн көп оқу мен үлкен iзденiс керек, бiрақ уақыттың ұшқыр ойлауға тигiзер әсерi туралы бiлесiз бе? Ұшқыр ойлаудың маңыздылығында шек жоқ. Басқалардың ойына келмеген, тiптi, түсiне де кiрмеген дүниелердi ойлап тапқан,
3 наурыз 2015
Соғысты студенттер тоқтата ма?
Ресей мен Украина арасындағы қырғи-қабақ соғыстың қашан аяқталары белгiсiз. Себебi Норманд форматындағы төрттiктiң кездесуi де көпшiлiк күткендей нәтиже бермедi. Атыс әлi тоқтаған жоқ. Ал қос елдiң жастары арасында жылы байланыс басталды деуге болатындай. Киев студенттерiнiң видео-үндеуiне Ресейдегi жастар жауап қатты. Және бiр емес, бiрнеше мәрте. Бiр емес, ондаған адам.
6 қаңтар 2015
Кiтап оқу шынымен пайдалы ма?
Кiтап оқуды қашанда пайдалы iске жатқызатыны бәрiмiзге мәлiм. Ал сiзге бiреу “кiтап оқудың қандай пайдасы бар?” десе, қанша дерек келтiре алар едiңiз? Әдетте, адамның ойына 5-тен артық пункт келмейдi. Сондықтан назарларыңыз­ға осы мәселенi тереңiнен ашатын жаднама ұсынамыз:
1. Ойды дамытады. Кiтап оқудың басты пайдасы – ой-өрiсiмiздi кеңейтедi. Себебi шығарманы оқу кезiнде бiз басты идеяны, сюжеттi түсiну үшiн терең ойға түсемiз.
6 қаңтар 2015
ҚАЗАҚСТАНДА ШЕТЕЛДIК СТУДЕНТТЕР КӨБЕЙМЕК
Елiмiздегi медицина саласында бiлiм алатын студент­тердiң 10 пайызын болашақта шетелдiк тәлiмгерлер құрауы мүмкiн. Бұл жөнiнде жуырда тенгринюс тiлшiсiне ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов мәлiмдедi. Ақановтың мәлiметiне қарағанда, қазiрдiң өзiнде ұлттық медицина университетiндегi 17 мемлекеттiң жастары бiлiм алуда. 11 мың студенттiң 600-700-i – шетелдiктер.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»