1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
24 маусым 2014
Студент ақпарат
АБИТУРИЕНТТЕР «АТ» МIНДI
Өткен жылы ҰБТ қорытындысы бо­йынша бесiншi орын­ға тұрақтаған Ақтөбе облысы биыл алғашқы үштiкке ендi. Тек Алматы мен Астана қалаларын ғана алдыға салған Ақтөбе өңiрiнiң бұл жетiстiгiне аймақ басшылары ерекше разы. Биыл облыста 6502 бала мектеп бiтiрiп, солардың 69,3 пайызы, яғни 4508 түлек ҰБТ-ға қатысқан.
24 маусым 2014
ОН СЕГIЗБЕН ҚОШТАСУ
О, он сегiз –
Менiң отты тұғырым,
Сенi де алып бара жатыр ұры күн.
Барасың сен ғашығымдай өкпелеп,
24 маусым 2014
Жанармай «жемейтiн» көлiк

Францияның Сен-Себастьен қаласындағы Техникалық колледждiң студенттерi «Микроджоуль» жобасына қатысып, тағы да рекорд орнатты. Жобаның мақсаты – студенттердi үнемдi көлiк жасап шығаруға ынталандыру. Ал француз жастарының автомобильдерi 3218 шақырымдық қашықтықты тек 1 литр жанармаймен жүрiп өткен. «Микроджоуль» жобасы 1985 жылдан берi дәсүрлi түрде өткiзiлiп келедi. Оған әлемнiң 25 елiнен 200-ге жуық команда қатысады.

24 маусым 2014
Сен мықтысың, Түркия!

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң 9 студентi “Mevlana” бағдарламасы бойынша Түркияда бiлiм алып жатыр. Анкарадағы Гази университетi мен Қазақ ұлттық университетi арасындағы байланысқа дәнекер болған филология факультетiнiң мемлекеттiк тiл кафедрасы екен. Бiз әлеуметтiк желi арқылы Түркиядағы студенттерге хабарласып, бiрқатар сауал қойған едiк. Сабақтан бос уақыт тауып, бiздiң сұрақтарымызға Ербол Молдажанов жауап бердi.

29 сәуір 2014
Жаңа заман телефоны
Абу Райхан Беруни атындағы Ташкент мемлекеттiк техникалық университетiнiң студентi бұл ерекше телефонды Өзбекстанның VII республикалық инновациялық жобалар жәрмең­ке­сiнде көпшi­лiкке ұсынды. Ең таңданарлығы, Сирожиддин Насриддинов 1 курс­ты әлi аяқтамаған. Ал оның МХ-1 ұялы телефонын мамандар әлемде теңдесi жоқ жаңалық деп бағалап отыр.
29 сәуір 2014
ҚЫЗДАР ШЕРТКЕН КҮЙ ҚАНДАЙ!?
Жуырда Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетiнiң Өнер және мәдениет факультетiне қарасты Музыкалық аспаптар кафедрасының “Күй құдiретi” атты есептiк концертi өттi. Бұл шара университеттiң 70 жылдық мерейтойына және Музыкалық аспаптар кафедрасының құрыл­ғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
29 сәуір 2014
Сарапшылар 65 мемлекеттiң оқу орындарына қатысты зерттеулер жүргiзгеннен кейiн бұл сұрақтың жауабын тапты, деп хабарлайды uaua.info порталы. Тiзiмнiң басында Шанхай қаласының (Қытай) жастары мен Оңтүстiк Корея және Финляндия студенттерi тұр. Ал “ақылдылық” қандай өлшемдер бойынша сараланған?
29 сәуір 2014
Жуырда Сыр елiнiң iргелi бiлiм ошағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнде қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығы бойынша VI республикалық студенттiк пән олимпиадасы өттi. Оған елiмiздiң әр аймағындағы 27 жоғары оқу орнының жастары қатысты.
29 сәуір 2014
Мақаң да «дей» бередi екен

Бойдақ салығы туралы әңгiме қайта көтерiлдi. Оны қозғаған адам – қазақтың әйгiлi демографы Мақаш Тәтiмов. Мақаңа салсаң, салықтың бұл түрi салт басты, сабау қамшылы жүрген жiгiттер мен отырып қалған қыздардың санын азайтады екен. Бұрын бұл кiсi “үйленгендерге үкiмет көмек берсiн, жас отбасыларға қаржылай қолдау жасалсын” дегендi де сан мәрте айтқан.

11 наурыз 2014
Ақылды итке алып ескерткiш

Жапондар – қолындағының қадiрiн бiлетiн халық. Мәселен, әлемге айнымас достықтың үлгiсi ретiнде танылған итке тағы бiр ескерткiш қойғалы жатыр. Иесiне адал қызмет еткен естi иттiң екiншi ескерткiшi Токио университетiнiң ауыл шаруашылығы факультетiнiң ауласына қойылмақ.

11 наурыз 2014

• Жапондық студенттер емтиханға өздерiмен бiрге Kit Kat шоколадын алып кiредi. Бұл – олардың сәттiлiк әкелетiн бойтұмарлары iспеттi. Себебi “Кitto katsu” сөзi жапон тiлiнен аударғанда «мiн­деттi түрде жеңемiн» деген мағынаны бiлдiредi.

11 наурыз 2014

Бiлiм саласы былықтан арылмай-ақ қойды. Петропавлда колледжде оқымайтын студенттердiң орнына шәкiртақы алып келген директор ұсталды. Құрылыс колледжiнiң басшысы күзетшiден бастап бiрнеше адамды студент ретiнде тiркеп қойып, жастардың стипендиясына ортақтасып келген.

11 наурыз 2014
Опа-далап та – қалтаға салмақ

“Profinance.kz” тiлшiсi Алматыдағы студент қыздар арасында сауалнама жүргiзiп, “бүгiнгi бойжеткендер опа-далап үшiн айына қанша ақша жұм­сайды?” деген сұраққа жауап iздеген екен. Бiр қызығы, респондент­тердiң барлығы да қосымша жұмыс iстемей­тiн, тек ата-аналарының қолына қарап отырған бойжеткендер болып шыққан.

11 наурыз 2014
Қазақ жастары нелiктен Кореяда оқуды армандайды?

Жуырда ғана Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң магистранты Айгерiм Шәлiмбаева Сеул қаласынан оралды. Оңтүстiк Кореяның Донгук қаласында бiлiмiн шыңдап, бiлiктiлiгiн арттырған бойжеткенмен әңгiмелескен едiк. Жалпы, дамыған елдердiң бiлiм саласындағы жетiстiктерi мен ерекшелiктерi газет оқырмандарына да қызықты болар деген оймен шағын сұхбатымызды ұсынып отырмыз.

21 қаңтар 2014
Париж – үздiк қала
“Әлемдегi ең үздiк сту­дент­тер қаласы анықталды. Ол – Париж” деп хабарлайды dni.ru. QS агенттiгi үздiк қалалар тiзiмiн түзгенде мынадай шартты басымдыққа алған: ол шаһардағы халық саны 250 мыңнан кем болмауы керек. Және ол қалада кемiнде екi университет болуы тиiс. Мiне, осы талаптар бойынша, аталған агенттiк 98 қаланы iрiктеп алып,
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»