1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
9 ақпан 2010
Тұжырымдама – тұғырың

Владимир КОЗЛОВ, тiркелмеген “Алға” партиясының жетекшiсi:

ОРЫСТIЛДI ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ БIР АУЫЗ СӨЗ ЖОҚ
- Қазақстан Республикасының атауын “Қазақ Республикасына” өзгерту, қазақ ұлтын мемлекетқұрушы ұлт ретiнде мойындау, мемлекеттiк тiл проблемасын көтеру сияқты мәселелердi орыстiлдi жұртшылық екiұшты бағалап, қабылдайды. Бiрақ, мен бұлардың бәрiн де қолдаймын. Бұл елдегi қалыптасқан жағдай, ұлт патриоттары мұны тек қағазға түсiрiп, осыны бекiткiсi келедi. Ендi бiз не iстеуiмiз керек? Ең бастысы, қазақ тiлiнде айтыл­ған, мемлекеттiк тiлде жазылған нәрселердi орыстiлдi қауымға дұрыстап түсiндiруiмiз қажет. Мәселен, ұлт жанашырларының жиындарына мен де қатыстым. Бұл жерде Қазақстанды мекендейтiн орыстiлдi жұртшылыққа қатер төндiретiндей бiрде-бiр мәселе көтерiлген жоқ. Мұндайды ту етiп көтеру ұлт тұлғаларының ойына да кiрмейдi. Бұған анық көзiм жеттi. Мiне, осыны басқа азаматтарға да түсiндiрiп, анық айту керек. Бұл үшiн ұлт жанашырлары облыс-облыстарға шығып, аймақтарды аралап, Тұжырымдаманы халыққа түсiндiруi керек. Қазақтан басқа да ұлт өкiлдерiн тартсын бұл iске.
Тұжырымдамада көтерiлген Қазақ Республикасы атауын қайтару туралы идеяны мен қолдаймын. Бұл мәселе баяғыдан айтылып келе жатыр. Кеңес Одағы тұсында қазiргi мемлекет “Қазақ КСР” деп аталды. Бұл әбден дұрыс. “Қазақстан”, “қазақстандық” дегенiмiз саяси ойын үшiн ғана керек. “Қазақстандық ұлт” идеясы мемлекетқұрушы ұлт пен өзге де этностар арасына сына қаққаны болмаса, басқа еш пайдасы жоқ.
 
Владимир АКИМОВ, ғалым, аудармашы:
ТҰЖЫРЫМДАМАДА «ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ» АНЫҚ ӘРI ДӘЛ КӨРСЕТIЛГЕН
- Ұлт дегенiмiз бiр ғана мәдениет, бiр ғана тiл, бiр ғана дiлдi ұстанатын қауымдастық. Қазақстандағы мемлекетқұрушы ұлт – қазақ ұлты. Осыны жоғары билiк өкiлдерi түсiнгiсi келмейтiн де сияқты. АҚШ-тың негiзiнде “қазақстандық ұлт” идеясын қоғамға ұсына отырып, олар мемлекетқұрушы ұлт пен басқа да этникалық топтардың арасына сына қақты. Бұл дұрыс емес. АҚШ-та мемлекетқұрушы ұлт атымен жоқ. Ал Қазақстанда бар. Яғни, американдық үлгiнi бiз ұстана алмаймыз. Бiр кездерi Кремль “совет халқы” идеясын ұсынды. Жасанды ұлт жасау билiктiң қолынан келмедi. Нәтижесiнде, миллиондаған адамдар маргиналдарға айналып, ұлттық бiтiм-болмысынан айырылды. Осындай қатерлi саясаттан бiздiң аулақ болғанымыз жөн.
Қоғамдық күштер ұсынған “Ұлттық саясат тұжырымдамасында” ұлттық идея ұғымы анық әрi дәл көрсетiлген. Қазақ ұлтын мемлекетқұрушы ұлт ретiнде мойындауымыз керек, ал ол ұлт қоғамның жетекшi күшiне айналуы тиiс. Сонда ғана ұлт саясатын тиiмдi шешуге болады.
 
Асылы ОСМАН, қоғам қайраткерi:
ҚАЗАҚСТАНДА БIР ҒАНА ҰЛТ БАР,ОЛ – ҚАЗАҚ ҰЛТЫ
- Менiңше, Тұжырымдамада екi басты мәселе негiзгi өзек етiп алынған. Оның бiрi – қазақты мемлекетқұрушы ұлт ретiнде мо­йындау болса, екiншiсi – “Қазақстан” атауын “Қазақ Республикасына” өзгерту. Екеуi де дұрыс әрi орынды мәселелер. Неге дейсiз ғой? Себебi, Қазақстанда бiр ғана ұлт бар, ол – қазақ ұлты! Басқасының бәрi де – этникалық топтар. Мұнымен ешкiм де таласа алмайды. Сондықтан да, елiмiздiң атауын Қазақ Республикасы деп атасақ дұрыс болар едi. “Ел бiрлiгi” доктринасы осы мәселенi ескерген жоқ. Онда қазақты да, орысты да, татарды да, чувашты да қатар қойып, бәрiн де ұлт ретiнде таныған.
Бұл құжаттағы бiр мәселемен келiспеймiн. Онда шетелдегi қазақтардың құқығын қорғау керек деген мәселе көтерiлген. Мұны қалай жүзеге асырмақ? Бiр мемлекеттiң iшкi iсiне екiншi елдiң араласуға құқы жоқ. Шеттегi қазақ бауырларымызды елге көшiру мәселесiн, оларға азаматтық беру туралы ұсыныс көтеруге болады, әрине. Бiрақ шетелдегi қазақтың құқығын қорғау қиынға соғатын тәрiздi. Мұны мемлекетаралық келiсiм арқылы ма, әлде басқа жолдар арқылы ма, басқаша бiр жолмен жүзеге асыру керек шығар. Ал негiзiнен, құжат өте орынды проблемаларды көтерген. Мұны қолдау керек.   
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (8)
Ақжол | 9 ақпан 2010 12:10
Владимир Козловтың пікірі өте орынды. Ұлт тұжырымдамасын түсіндіру үшін ұлт жанашырлары облыс-облыстарға шығулары тиіс. Енді сөзді қойып іске көшкен жөн.
Ұстаным | 9 ақпан 2010 12:24
Мәулен Әшімбаевтің есіне уәдесін салып, Тұжырымдаманы елдің бас баслымдарында жариялату керек. Сөйтіп бүкіл қоғам ашық талқылағаны жөн. Билік уәдесін орындамаса қатаң шаралар қолданған жөн.
қазақ | 9 ақпан 2010 16:03
Асылы апайдың айтқандары дұрыс. Ал барлық пәле басқа ұлттан қазаққа, оның тіліне жаны ашымайтын, Олжас Сүлейменовтер сияқты дүмбілез шала қазақтардан.
Алаштың ұлы | 9 ақпан 2010 17:55
Владимир Козлов, Владимир Акимов сыяқты нағыз орыс азаматтарының мына сөзін тыңдаған адам, Олжас Сүлейменов, Ермұқамет Ертісбаев, Нұрлан Ерімбетов секілді адамдардың қазақ болғанына ұялады екенсің. іштен шыққан шыбар жыландар ғой олар.
Үсен | 10 ақпан 2010 01:31
Олжас Сүлейменов орыстың ақыны,ұлты қазақ.
Раке | 10 ақпан 2010 06:37
Қазақ ұлтының жаңа заманындағы достары мен жаулары деген тізім жасалса, онда нөмірі бірінші досқа Владимир Козловты, нөмірі екінші досқа Асылы апамды қояр едім. Себебі құдай бірінші ер кісіні жаратқан ғой.
Арқалық Бөрілі | 10 ақпан 2010 10:35
Асылы апайдың айтқандары дұрыс. Ал барлық пәле басқа ұлттан қазаққа, оның тіліне жаны ашымайтын, Олжас Сүлейменовтер сияқты дүмбілез шала қазақтардан.
Сүлейменов, Ертісбаев сыяқтылар ұлттық азғындар ғой. оларды қазқ деуден намыстанамын.
Асель | 10 ақпан 2010 15:15
О, шіркін!!! Мен "Қазақ Республикасында" тұрамын деп қашан ашық түрде айталады екенбіз. Алла тағала қашан осы күнге жеткізер екен?!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар