«Ұлт көсемiне» қатысты заң жобаларын мәжiлiс те, сенат та мақұлдады. Ендiгi сөз — Н.Назарбаевта. Оның әрекетi қандай болмақ?
Заңды керi қайтарып, кезектi рет ұпай жинайды (32.6%)
«Көсемге» де кепiлдiк керек (41.7%)
Жарамсақтанбақ болғандарды жазалайды (4.1%)
Мұны мерейтойға кезектi сыйлық деп қана қабылдайды (21.5%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Ақпанның 18-i күнi «Рух пен тiл» клубы елiмiздегi бiрқатар жастар ұйымдарының жетекшiлерiн, ақындардың, жазушылар мен журналистердiң және Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттерiнiң басын қосып, алқалы жиын өткiзген болатын. Дөңгелек үстелге қатысқан жастар өздерiнiң дербес саяси күш екенiн, қоғамдағы күрделi мәселелерге бейжай қарай алмайтынын айтып, билiкке ескертпе хат жолдаған едi. Ескертпе хатта («Бiз өзгерiстi қалаймыз!» – «Жас Алаш», 23 ақпан, №15) жастардың, халықтың шыдамының шегi де, шетi де жеткенi айтылып, 11 сәуiр күнi жастардың жалпы ұлттық митингiсiн өткiзетiнiн мәлiмдедi. Бұл бастама қоғамда үлкен қолдауға ие болып, оған қатысты көптеген пiкiрлер түсiп жатыр. Белгiлi қоғам және саяси қайраткерлердiң пiкiрi төмендегiдей.
МұхтарШАХАНОВ,
ақын, «Мемлекеттiктiл» қоғамдыққозғалысыныңжетекшiсi:
МЕН ЖАСТАР ЖАҒЫНДАМЫН
– Егемендi ел болдық деп мақтанғанымызбен, үш жүз жылға созылған Ресей патшалығының, Кеңестiк тоталитарлық жүйе кезiндегi ұлтыздандыру саясатына әлi күнге дейiн баға берiлген жоқ. Ол бiздiң мемлекетiмiздiң ең бiр бейшара тұсы деп айтуға болады. Тәуелсiздiк алғанымызға он сегiз жылдан асса да, сол ұлтыздандыру саясаты әлi де жалғасып келедi. Жастарымыздың көп бөлiгi өз ана тiлiнде сөйлей де, жаза да алмайды. Тiптi, соны жетiстiк санайтындары да бар. Желтоқсан көтерiлiсi қазақ тарихына алтын әрiппен жазылатын күрделi оқиға. Сол кезеңде 18-20 жастағы азаматтар ұлттық мүдденiң тапталуына, ана тiлiмiздiң аяқасты етiлуiне қарсы бой көтерген. Қазiргi жастар ше? Президент ауылды жерлерге, оқу орындарына барғанда жастар бiр-бiр жалауды көтерiп алып, «Нұрсұлтан – Қазақстан» деп ұрандатып, күлкiлi жағдайға қалады. Қастарына келiп тұрған мемлекет басшысына сұрақ қойып, елдiң, халықтың мұң-зарын жеткiзудiң орнына жағымпаздықпен айналысады. Елдiк, ұлттық мүдденi сатып, үлкен «көкелерiне» ұқсап жағымпазданады. Бiрақ, жастардың барлығы да осындай деуден аулақпын. Жастардың iшiнде де қанатты, пайымды, парасатты жастар өсiп келе жатқанына соңғы кездерi көз жеткiзе бастадық. Жанболат Мамай бастаған жас азаматтар тобы ұлттық, елдiк мүддеге бел шеше кiрiстi. Бұл – қуанарлық жағдай. Мұндай жастардың бас көтеруi ұлттық, мемлекеттiк мүдденiң қанаттануы деп бiлемiн. Жоғарыда айтқан қазақ тiлiнде сөйлей, оқи алмайтын қазақ жастарының iшiнде де ұлттық сезiмi жоғалмағандары бар. Бұдан былай сол жастардың барлығын бауырымызға тартуымыз қажет. Себебi, оларды осындай күйге түсiрген ұлтсыздандыру саясатына олардың кiнәсi жоқ. Ондай жастарды мүмкiндiгiнше өзiмiздiң қатарымызға қосайық.
Мен қашанда жастармен бiргемiн. Жастардың халықтық мүддеге жаны ашып, соған бет бұрғанына, соны өзiнiң тағдырына балағанына қуаныштымын және олардың бастамасын түгелдей қолдаймын. Өзiм жастар жағындамын, олардың маған көрсетiп жүрген қолдауына да өте ризамын.
Жармахан Тұяқбай, «Азат» ЖСДП партиясының тең төрағасы:
МҰНДАЙ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ
Қазiр бiздiң қоғамда билiк болсын, Ақорда болсын жастардың пiкiрiмен санасып жүрген жоқ. Жастарды саясаттан тыс, күрделi мәселелермен еш iсi жоқ деген көзқарас қалыптасқан. Бiрақ, менiңше бұл – қате пiкiр. Қоғамда қордаланған көптеген мәселелермен қоса, жастардың жеке өздерiне ғана қатысты проблемалар да жетерлiк. Оларды жастардың өздерiнен артық ешкiм көтере алмайды. Жастардың белгiлi бiр дәрежеде бойкүйездiгi бар екенiн мойындауымыз керек. Оған қазiргi таңда жастарды алға тартатын Ғани Мұратбаев сынды серкелердiң болмауы себеп пе деймiн. Бiрақ, осы ескертпе хат қабылданған дөңгелек үстелге жиналған жастарды көрiп қуандым. Мұндай жастардың бар екенiне риза болдым. Ел болашағына алаңдайтын жастардың бар екенiне көзiмiз жетiп отыр. Оның алдында да осы жастардың және жетi мыңға тарта студент жастардың қолы қойылған ашық хатты жарияланды. Оған да билiк жауап қатқан жоқ. Жастардың саясатқа деген салғырттығының басты себебi – көптеген жастардың жұмыссыз, өз бастарының жайын күйттеп кеткендiгiнде. Олар күнкөрiстiң қамымен жүрiп, басқаға назар аудара алмайды. Бiрақ, осы көптеген кедергiлерге қарамастан жастардың билiкке ықпал етуге деген ұмтылысы қуантады. Ал жастардың митингiсiне мiндеттi түрде келемiн. Мұндай бастамаларды жеке өзiм де, бiздiң партия да әрқашан қолдауға дайын. Қолымыздан келген көмегiмiздi аямаймыз.
Сейдахмет Құттықадам, саясаттанушы, қоғам қайраткерi:
ӘРБIР АЗАМАТ АТСАЛЫСУҒА ТИIС
– Жастардың ескертпе хатта айтқан мәселелерiнiң барлығы да ащы шындық. Бұл жас толқынның жан айқайы. Мен де көп жылдан берi өз мақалаларымда осы жастардың ескертпе хатында айтқан мәселелерiн көтерiп жүрген адаммын. Сондықтан, жастарды жақсы түсiнемiн. Қазiргi таңдағы мәселелердiң ең күрделiсi – жастардың тағдыры. Қоғамның да ең үлкен ауыртпалығы солардың мойнына түсiп отыр. Оларды ешкiм ойламайды, проблемаларына көңiл аудармайды. Оларға берiлiп жатқан жөнi түзу тәрбие, жасалып жатқан жағдай жоқ. Жастар өздерiнiң жолын дұрыс таба алмаса, сонда бiздiң ел қайда барады? Дөңгелек үстелге жиналған жастардың өз болашағын, ел келешегiн ойлап, осындай хат жолдап жатқаны құптарлық. Олардың бұл бастамасын елдегi титтей де болса ұяты бар, ары бар, шынайы патриоттардың барлығы да қолдайды деп ойлаймын. Жастардың дәл осылай мiнез танытуы алғашқы рет. Осыған дейiн талай азаматтар көтерiлдi. Бiрақ, олар орта буын, үлкен буын өкiлдерi. Ал бұл – жастардың алғашқы дауыс көтеруi. Демек, шыдамның да шегi келдi деген сөз. Егер бiздiң билiк дәл осы хатқа, жастардың үнiне жауап қатпаса, онда олар не бiтiрiп, ненi ойлап жүргендерiн бiлмеймiн. Кезiнде, «көш жүре түзеледi» дегендi жиi айтатын едiк. Ал бiздiң қоғам түзелiп жатқан жоқ. Керiсiнше, қисық жағына бұрылып барады. Есi болса билiк жастардың осы үндеуiнен кейiн-ақ ойланып, саясатын өзгертуге тиiс. Жастар ғана емес, бүкiл халық жемқорлыққа негiзделген билiк жүйесiнен әбден шаршады. Халық бiр жыл шыдады, екi жыл шыдады, мiне он сегiз жылдан берi шыдап келедi. Ендi қашанғы шыдауға болады? Көпшiлiктi «бес жылдан кейiн жақсы болады, отыз жылдан кейiн жақсы болады» деп қашанғы алдай беруге болады? Менiң ойымша, мына хатты жазып отырған жастар – сол жылаған халықтың көз жасын құрғатқысы келген азаматтар. Жастардың халықтың болашағына алаңдағанына мың да бiр рахмет! Мұндай жастар болса бiздiң келешегiмiз бар екенiне сенуге тиiспiз.
Алғашқы қадам ретiнде 11 сәуiрде митинг өткiземiз деген ойын да қолдаймын. Оған өзiм де қатысамын. Жалпы, елдегi жастар ғана емес, ел болашағын ойлайтын әрбiр азамат атсалысуға тиiс деп санаймын бұл шараға. Бiрақ, жастар ұятқа қалмас үшiн, ол шараға әбден дайындықпен баруға тиiс. Өздерiн салмақты саясаткер ретiнде көрсетiп, айғай-шуға ерiк бермей, үлкен-үлкен мәселелер жүйелi түрде айтылуы керек. Митингтi басбұзарлық әрекет ретiнде емес, салиқалы жиын ретiнде өтiкiзгендерi дұрыс.
Владимир КОЗЛОВ,
тiркелмеген «Алға» партиясының жетекшiсi:
11 СӘУIР КҮНI МИТИНГIГЕ ҚАТЫСАМЫН
– Ең әуелi айтарым, жастардың бұл ескертпе хатты қабылдап, дөңгелек үстелге жинағанына қуаныштымын. Қазақ жастарының елдегi оқиғаларға ықпал етуге деген ұмтылысы қуантады. Бұл жастардың болашағын ойлағанының белгiсi. Бiз дәл қазiр жастарға не ұсынарымызды бiлмей дал боламыз. Бiрақ, олар бiзсiз де өз жолдарын тапқан сияқты. Жастардың бұл бастамасы – тәуелсiз Қазақстан тарихындағы үлкен оқиға. Сондықтан, бұл жастар жан-жақты қолдауға лайық. Жастарға «Алға» партиясының атынан айтарым және жеке өзiм кез келген көмек беруге дайынбыз. Олардың 11 сәуiр күнi митингiге шығамыз деген ойын толықтай қолдап, сол күнi өзiмiз де сол жерден табылатынымызды айтқым келедi. Өзiм жастардың митингiсiнде мiндеттi түрде боламын!
Өте дұрыс. Қазақстан Темір Жолы Ұлттық компаниясына ескерту: 9,10,11,12 сәуірдегі Атырау-Алматы-Атырау, Жезқазған-Алматы-Жезқазған, Ақтөбе-Алматы-Ақтөбе, Семей-Алматы-Семей, Арқалық-Алматы-Арқалық бағыттарына 50 процент жеңілдік жасасын. Вставай страна огромная, вставай на смертный бой. Акординсой силой темною, с проклятою ордой!
Ханболат | 25 ақпан 2010 16:47
Барша қазақты көтеру керек. Алматының шетіне ғана рұхсат берді демей, "берсе қолынан бермесе жолынан" деп, митингіні қазақтың қыршын қаны төгілген Республика алаңында күні бойға жоспарлап өткеру керек. Сол арада Ұлттық саясат тұжырымдамасы 100 пайыз орындалмаса 1-шілдеде Ақорданың маңдайына жиналуға барлық өңірлерден жаяу шеру жасау керек. Бір көшбасшыны таңдап алу керек. Оның өзі, балалары қазақ мектебінде оқыған болуы шарт.
Жанат | 25 ақпан 2010 18:00
Мен өзім ауылдың жастарын ұйымдастырып, сол митингіге қатыстырамын. Тек ауызбіршілік болып, уйымдасқан түрде өткізейік.
ОР | 25 ақпан 2010 18:37
Қазақ жастары, қазақтың бар үміті енді сендерде, артыңа жалтақтамай алға! .
- Кәрі шал О.Р
ШОҒЫ | 25 ақпан 2010 20:59
Жиынды Республика алаңында өткізген дұрыс, оған ешкім де кедергі келтірмеуге тиісті! Белсенділікті бір сәтке де бәсеңдетпей күннен күнге бейбіт тұрғыда өршітіп арттыруға тиістіміз БӘРІМІЗДЕ, барлық қазақстандықтар, оның ішінде әсіресе нағыз қазақ азаматтары, ештеңеденде тайынып тайсақтауға жол жоқ деп түсіну керек!!!
Zamirka-san | 25 ақпан 2010 23:59
Е,алла!Өз бетімізге күлімсіреп қарайтын күнге жеткізе гөр!Бүкіл қазақстандықтар,осы шеруге үн қатыңдар,қолдаңдар!Үйлеріңде тыр-тыр қасына бермей.
Елден | 26 ақпан 2010 11:37
Боқты жей беріңдер, соры қайнағандар
Қариа | 26 ақпан 2010 12:06
Ұлттық саясат тұжырымдамасын, зиалылар қауымының, жастардың жоғарыға жолдаған хаттарын, "Азат" партиясының негізгі ұстанымдарын тез арада бір кітапқа жинақтап 1-2 миллион таралыммен шығарып, халыққа тегін тарату қажет. Мұны қаны қазақ қалталылар жүзеге асырса құп болар еді. Сонда 2012 жылы сайлауда қазақтың жеңіске жетері сөзсіз. Айтқандай, жалпы ұлттық көшбасшылыққа лайық тұлғаны дәл бүгін таңдап, жариялау қажет. Мүмкін Айдос Сарым лидерлікке жарар.
Сәке | 26 ақпан 2010 12:14
2012 жылғы президенттік сайлауда жастар кімді қолдайды? Осы сұрақтың жауабын бүгіннен бастап іздеген жөн сияқты.Ал қазіргі президентімізден сұрайтыным: Қанағат деген бар ма, әлде жоқ па ? Ел басқаруда жастарға да жол бермейміз бе?
Шымкент | 26 ақпан 2010 13:48
Бұл ақпаратты тек Жас алаштан емес бүкүл БАҚ таратылуы қажет осыған көңіл аударыңыздар
казак | 26 ақпан 2010 16:41
бос сөз айтып сандалмандар, қазақтар! одан а бірлікпен шешіңдер. оңбайтындар жастарды бөлмеңдер
Nur | 26 ақпан 2010 17:04
Жастар қай кездеде ұлтты алга тартушы күш! Сол себепті, Өз басым жастар жағындамын! Кемел шаралар жастардың қолымен жасалса да, оларды бастайтын көбине өз максатын көздеген көк серке ағалар болатындығын еске алатын болсақ, Жастарга айтарым, абай болайық!
Сыр қазағы | 26 ақпан 2010 19:18
Болашақ - жастардікі. Қазіргі елде билік қалыптастырған жағдай болашақты ойламауды білдіреді. 5 мың жастың хатына жауап бермеу астамшылық. Ел жаңару үшін билік те коммунистердің сарқыншағынан арылып тазаруы тиіс. Жастарды қолдаймын. Жаңа елбасы да осы жастардың арасына шығуы тиіс.
сұңқар | 26 ақпан 2010 23:11
8- наурызда желтоқсан көтерілісіндегі, батыр қыздарды неліктен еске алмайсыздар? бұлда ұйымдасудың таптырмас формасы болар еді. әрі апайларымызға деген құрмет емес пе?
Коммунист | 27 ақпан 2010 18:02
Капиталистік қоғамда әділеттілік ешқашан болмайды, мұнда тек ақша ғана билейтінін ұмытпаңдар. Өздерінше әділет орнатпақ болған қырғыз, грузин, украин жастарының төңкерістерінен де ештеме өнген жоқ, сол жағын ойлаңдар?!
Көкбөрі Сұңғыла | 27 ақпан 2010 19:21
Назарбаев алдағы көктемде иісі Қазақ көтерілмесін десе, төмендегі мәселелерді өзінің қателігі ретінде мойындап, дереу түзетуге кіріскені жөн. Ол - Армия мен Ішкі әскер қорғайды деп ойламасын. Өз халқына оқ ататын бірде-бір қазақ баласы болмайды. Ішінара жүрген келімсектер өкілдері де қол үшін бермейді. Ендеше, көктемге дейін екі айдың ішінде мыналарды орындауға кіріссе, өзі үшін үлкен аброй:
І. Жерді национализациялап,бұрынғы алынған жер иесіне он жылға арендаға ауыстырылып, жердің көлемі де лайықталып, іс қағазын беруді бастасын;
ІІ. Мемлекеттік тілді қорлау тоқтатылып, бүкіл мемлекет ішіндегі сөйлеу, жазу жаңа жылдан басталсын. Үкімет басындағы Төрелер орысша сөйлеуді тоқтатсын;
ІІІ. Үй ішінен үй тіккендей болған Ассамблияны жойып, Мәжіліс пен Сенат өз құқықтарымен жұмыс істейтін болсын !!!...
Осылай істеу қазақ халқының алдындағы азаматтық борышы екенін түсінген Назарбаев өзіне қажет жағдайын сұрауға қақылы болатынын ұққаны жөн. Отпен ойнаудың қажеті жоқ...
alash | 28 ақпан 2010 10:56
Жастарымыздың көп бөлiгi өз ана тiлiнде сөйлей де, жаза да алмайды. Тiптi, соны жетiстiк санайтындары да бар.
Үлтжанды | 28 ақпан 2010 11:56
Қытайда Мао Зы дуң билік қүрған заманның соңында , ол кісі 70 жасқа таяп қартайды , қытай комунистік партиясымен гоминдан партиясы болып бөлініп ел ішінде қарулы төнкеріс болды бүны олар мәдениет төнкерісі деп атады , осы мәдениет төнкерісі ақырында мәдениетсіз айналып халық қырылды , зиялы қауымға сасық тоғызыншы деген айдар тағылып түрмеге тоғытыла бастады , міне Мао дың масқара болып алжып билік жүргізуы қытай елін әр жақтан үлкен апатқа алагелді ал біздін еліміздегі билік , Мао саясатының кебінін киіп баражатқандай . бір адамның биліке жарамасып алып үзын уақыт , қартайғанша отыруы елді үлкен алапатқа алакеледі . қазақ жастары , қазақ халқы Мао жебірген қателікті қазақ елінде болғызбаға ат салысайық . билік басындағы темір тақта отырған шалдар алжып кетпей , білімді жастарға орын берсін өйтпегенде жастар қозғалысына әкеліп соғады , болашақ жастардықі олар сөз сіз женеді деп білеміз!
Абылайхан Төреұлы | 28 ақпан 2010 12:18
Үлт қайраткерлерімен үлтқа жаны ашыған жастар үйымнін призиндент Назарбайевқа ескерту хат жолдауы куантарлық жайт.11 сәірдегі митінкіге жүрек қаны қазақ деп соғатын әр қандай қазақ азаматы барулары керек деп білеміз . бүл кез жастарымызға сын сағат , майдандағы жастарымыз , өздерін қазақ елінін болашақ иесіміз деп білуілері керек .әрі қазақ жастары : БІР ҚАДАМ ШЕГІНБЕҢІЗ ,БІЗ МАЙДАН ШЕБІНДЕМІЗ деген үранды , плакатқып майданға көтеріп шығулары керек деп білеміз!
ҚАЗАҚ | 28 ақпан 2010 22:08
бос сөз айтып сандалмандар, қазақтар! одан а бірлікпен шешіңдер. оңбайтындар жастарды бөлмеңдер
- Кәрі шал О.Р
І. Жерді национализациялап,бұрынғы алынған жер иесіне он жылға арендаға ауыстырылып, жердің көлемі де лайықталып, іс қағазын беруді бастасын;
ІІ. Мемлекеттік тілді қорлау тоқтатылып, бүкіл мемлекет ішіндегі сөйлеу, жазу жаңа жылдан басталсын. Үкімет басындағы Төрелер орысша сөйлеуді тоқтатсын;
ІІІ. Үй ішінен үй тіккендей болған Ассамблияны жойып, Мәжіліс пен Сенат өз құқықтарымен жұмыс істейтін болсын !!!...
Осылай істеу қазақ халқының алдындағы азаматтық борышы екенін түсінген Назарбаев өзіне қажет жағдайын сұрауға қақылы болатынын ұққаны жөн. Отпен ойнаудың қажеті жоқ...
Аузаңды жап казак,ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ СЕНДЕРДІКІ ДҰРЫС,ЖОҒАРЫДАҒЫ АҒАЛАРЫҢМЕН БОЛЫҢДАР!!!