1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (16138) 14 шілде, бейсенбі 2016
14 шілде 2016
ҰҚК мәлiмдемесiне қалай қарайсыз?

ҰҚК: “Тоқтар Төлешов 2005 жылы төңкерiс арқылы мемлекеттiң билiгi криминалдық топтардың иелiгiне өткен қырғыз елiндегi жағдайды Қазақстанда қайталамақ болыпты. Осы мақсатын жүзеге асыру үшiн Қырғызстанға бар­ған, жағдайды көзбен көрiп зерттеген. Жоспар құрған. Жаппай тәртiпсiздiк пен әдейi ұйымдастырылған акциялардың барысында ол билiкке ультиматум қойып, өзi үшiн вице-президент лауазымын енгiзудi көздеген. Артынша, мемлекеттi өзi басқаруды ойлаған”, – деп мәлiмдеген едi. “Жас Алаш” сiз осыған сенесiз бе? деген сауалды қоғам қайраткерлерiне қойған едi.

Гүлжан Ерғалиева, қоғам белсендiсi: АҚОРДАНЫҢ ИДЕОЛОГТАРЫ ҚАТЕЛЕСТI
 Тергеу мә­лiмет­терiне көз жiберсек, Тоқтар Тө­лешовтiң әрекетi, әрине, көп­шi­лiкке әсерлi... Әйткенмен, оған дәлел керек. Әдетте, бизнестiң классикалық кiндiк әкесi-криминалмен қол ұстасып қатар жүретiнi құпия емес. Сөйте тұра, жергiлiктi мафия басшысының майдалап айтқанда, саяз ақыл-ойымен билiктi басып алып, шағын қолмен саяси төңкерiс жасауға ұмтылысы, соғыс ашқысы келген жоспары тым өркө­кiректiк емес пе?
Мүмкiншiлiк жағынан алып қарағанда, екi-үш қалада тәртiпсiздiк ұйымдастыру Төлешовтiң   қолынан келетiн шығар, ал бiрақ елдегi пәлен жылғы билiктi ығыстыру үшiн халық бейтанымал, күдiктi адамның соңынан ерiп кете қоя ма? Сiздердi қайдам, мен оған сенбеймiн. Мұндай “сая­си қойыртпақ” немен тынар едi? Әрине, оның тас-талқаны шығар едi. Сөзсiз құлайтын едi. Бұл тiптi ақымаққа да түсiнiктi жағдай.
“Төлешов аймақтарда өткен митингiлердi ұйымдас­тырушы, қаржыландырушы деу” – жер мен көктiң арасындай. Себебi, митин­гiнiң тақырыбы да, барысы да, мiндеттемесi де Төлешовпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
Содан кейiн... Төлешовтiң еркiндiгiн (Жер кодексi халыққа қарсы жұмыс iстейдi, сондықтан наразылық бiлдiру керек деген түсiнiк) Назар­баев­тың компромисiмен байланыстырудың қандай қажет­тiлiгi бар? Осы байланыстың арқасында президент қайдағы жоқ бiр криминалды авторитеттiң айтқанына сенiп, мораторий жариялайды, жер комиссиясын құра­ды. Басқасы басқа, дәл осы тұста Ақорданың идеологтары сүрiнiп кеткенi сезiлiп те, көрiнiп те тұр.
Әр нәрсенiң өз орны бар. Митингiнi ұйымдастырған белсендiлер мен жазықсыз жауапқа тартылғанадардың сырашыға ешқандай қатысы жоқ.
Менiң айтқым келгенi, қадiрмендi сценарий авторлары, тым құрығанда ұлттық намысымызды құрметтейiк! Қазақ деген атымыз бар ғой!
 
Айдос Сарым, саясаттанушы: ТАҒЫЛҒАН АЙЫП ДӘЛЕЛДЕНУI ТИIС
Төлешовтiң iс-әрекетiне қатысты ұйғарымды сот, прокуратура шығаруы тиiс. Әрине, ең алдымен оның әрекетiн тиiстi органдар дәлелдеуi керек. Мұны өте қиын, күрделi iс деп бағалауға негiз бар. Бiр қызығы, Төлешов Шымкентте орыстармен әскери жиын өт­кiзедi. Бiрақ ол кезде құрықталмайды. Одан берiде “Вор в законе” дегендердi жиып алып, жиын өткiзедi. Әйтсе де, ұсталмайды. Алдаумен, арбаумен, алаяқтықпен айналысады. Дегенмен, тұтқындала қоймайды. Қарызға белшеден батады. Десек те тұзаққа түспейдi. Неге? Мұның жауабын да құқық­қорғау органдары бергенi абзал.
Ендi “Төлешов мемлекеттiк төңкерiс жасап, би­лiктi тартып алмақ болды” деп жа­тыр. Билiктi басып алғысы келген адам оны ысырып шығармай ма? Атпай ма, шаппай ма, шетелге қашпай ма? Мiне, мұның да ақ-қарасы ашылып көрсетiлуi тиiс. Ол 90 адамнан әскер жасақтаса, оған қару-жарақ алуға, ұстауға кiм рұқсат берiптi? Төлешовтiң осындай iс-әрекетiн бiле тұра, құқық қорғау орындарына хабарламаған адамдарды қандай жаза күтедi? Заң бойынша мұндай жағдай қылмыспен пара-пар саналады. Айналып келгенде, Төлешовке он шақты айып тағылуда. Соның бәрi дәлелденуi тиiс. Әйтпесе, күдiк тудыратыны анық. Осы жерде тағы бiр саяси астары бар мәселеге тоқтала кеткiм келедi. Ол “Аңшы” сияқты ұйымдардың тiркелуi­не байланысты туындаған түйткiл. Менiңше, мұндай ұйымдар патриоттықты желеу етiп құрыла бередi. Мiне, осындай ұйымдарды әбден зерттеп барып, Қорғаныс министрлiгiне ме, жоқ әлде Iшкi iстер министрлiгi бола ма, солардың құзыретi­не берген жөн. Әйтпесе, бөтен елдiң насихатына жолды өзiмiз ашып беремiз және болашақта оның зардабын тартуымыз әбден мүмкiн. Сондықтан қару-жарақ сататын дүкендердiң, патриоттықты желеу етiп құрыла беретiн ұйымдардың қыз­метiн жiтi бақылауда ұстаған жөн.
Г.Қапан.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті