1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16183) 19 желтоқсан, дүйсенбі 2016
19 желтоқсан 2016
М.Әблязов: БIЗГЕ ПРЕЗИДЕНТТIК РЕСПУБЛИКА КЕРЕК ЕМЕС!
16 желтоқсанның кешiнде Қазақстан халқы бiрнеше сағатқа әлеу­меттiк желiлерден қол үзiп қалды. Кейiнiрек ақпарат және коммуникациялар министрлiгi мұны техникалық ақаумен түсiндiрдi. Бiрақ көзiқарақты жұрт мәселенiң мәнi қуғындағы саясаткер Мұқтар Әблязовте жатқанын тез ұқты. Жақында ғана француз түр­месiнен босап шыққан М.Әблязовтiң сұхбаты 16 желтоқсанда Астана уақытымен кешкi 20:00-де интернетте тiкелей эфирде көрсетiлетiнi туралы хабар әлеуметтiк желiлерде тарап кеткен едi. Бiр ғана осы әрекетiмен қазiргi билiк М.Әблязов секiлдi қарсыласынан қатты қорқатынын, қажет кезде Солтүстiк Корея секiлдi әлеу­меттiк желiлердi бұғаттауға баратынын көрсеттi. Қазақ билiгi өзi қаламаса да, әп-сәтте талай қазақстандықтың компьютерлiк сауатын да ашты. VPN деген бейтаныс сөздi үйренген қазақстандық қолданушылар ендi әлеуметтiк желiлерге француз, италия, немiс азаматтары ретiнде кiруге машықтануда. Ал ең қызығы, “Америка дауысы” радиосының үнiн тұншықтырған кеңес билiгiнiң ескi әдiсiн қолданған Ақорда өз қолымен М.Әблязовтiң сұхбатына тамаша жарнама жасап бердi. “Жас Алаш” газетi оқырмандарына Мұқтар Әблязовтiң сол сұхбатының ықшамдалған нұсқасын ұсынады.
 
– Бiз сiзбен Қазақстан үшiн екiұдай күнде сұх­баттасып отырмыз. Бүгiн Қазақстанның Тәуелсiз­дiгiне – 25 жыл, сонымен бiрге 30 жыл бұрын осы күнi “Желтоқсан” болды, ал 5 жыл бұрын Жаңа­өзенде қан төгiлдi. Сiз үшiн 16 желтоқсан қандай күн?
– Мен 16 желтоқсанды Қазақстан тарихындағы қаралы күн есебiнде қабылдаймын. 1986 жылдың 16 желтоқсаны және Жаңаөзенде бес жыл бұрын болған қайғылы оқиғалар. Билiктiң Тәуел­сiздiк күнiнде халыққа оқ ат­қанына қайран қалдым. Олар 1986 жылы кеңес билiгi iсте­меген нәрсеге барды. Мен үшiн бұл күтпеген оқиға, бұлай болуы мүмкiн деп те ойламаған едiм. Елiмiз үшiн осындай қаралы күнi ең алдымен 1986 жылдың желтоқсаны мен бес жыл бұрын Жаңаөзенде, Назарбаев режимiнен зардап шеккен жандардың туыстары мен жақындарына жанашыр ниетiмдi бiлдiргiм келедi.
 
– Ресей Бас прокуратурасы Франция билiгiнiң шешi­мiмен келiспейтiнiн мәлiм­дедi. Сiз бостандыққа шыққанға дейiн Қазақстан Парижбен арадағы өзара көмек келiсiмiнiң ая­сында сiздi елге қайтаруға ты­рысатынын жария еттi. Украина да қарап қалмауы мүмкiн. Сiздi қуғындау жалғаса бере ме?
– Мұндай мәлiмдеменi Ресей және Қазақстанның Бас прокуратуралары жасады, бiрақ мен Украина прокуратурасы тарабынан қандай да бiр мәлiмдеме естiмедiм.
Мен алдымен Франция Мем­лекеттiк кеңесiнiң қандай шешiм қабылдағанын түсiндiрiп кете­йiн. Қуғындау мiндеттi түрде жалғасады. Қазақ билiгi түрлi айла-шарғыға барса да, олары сәт­сiз­­дiкке ұшырайды. Неге? Өйт­кенi Мемкеңес бұрын-соңды болмаған шешiм қабылдап, жария еттi. Мемлекеттiк кеңес Ресей мен Украинаның менi қуғындауының артында Қазақстанның тұрғанын жария еттi.
Қуғындаудың астарында сая­си себеп жатқаны айтылды. Яғни Ресей, Қазақстан, Украина немесе Қазақстанның мүд­десiн көздейтiн кез келген елдiң маған қатысты өтiнiштерi Франция ғана емес, экстрадициялау туралы конвенцияға қол қойған кез келген еуропалық мемлекетте iске аспайды. Сондықтан Қазақстан, Ресей және Украинада менi қуғындаудың заңды тетiктерi қалмады.
 Бұл шешiмнiң теңдесi жоқ болуының себебi неде? Ресей мен Украинаның тасасында тұрған қазақстандық билiк экстрадициялау туралы сұрау салуында менi экономикалық қылмыстарға барды деп айыптайды. Францияның жоғарғы органы мұны зерттеген соң, өздерi­нiң соншалық аңқау емес екен­дерiн айтты. Соттағы баяндамашы бұл айыптаулардың астарында Қазақстан жағынан саяси қуғындаудың жатқаны жайлы тұжырым жасады.
Сондықтан экономикалық қылмыстарға айыптаған экстрадициялау туралы өтiнiштiң бәрi ендi қаралмайды. Мемлекеттiк кеңестiң сот шешiмiнде Украинаның ар жағында Қазақстан тұрғаны айтылды. Сондықтан Украинадан жолданатын экстрадициялау туралы өтiнiштiң бәрi қаралмайтын болады.
 
– Франциядан кеткен жағдайда сiздi елге қайтару iсi бас­қа елде қайталануы мүмкiн бе?
– Өзiм баратын кез келген еуропалық мемлекетте полиция ұстаған жағдайда, бiрден француз сотының шешiмiн көрсе­темiн. Маған ешқандай кiнә тағылмайды. Жақын уақытта француз сотының шешiмiн пайдаланып, Қазақстан, Ресей және Украинаның менi ұстау туралы Интерполға жолдаған өтiнiштерiнiң күшiн жоюға күш саламыз.
 
– Дегенмен ағылшын сотының сiздi құрмет көрсет­пегенi үшiн жиырма екi айға түрмеге жабу туралы шешiм шығарғаны есiмiзде. Бұл ше­шiм бойынша не айтасыз?
– Ағылшын соты расымен де осындай шешiм шығарды. Бiрiншiден, бұл үкiмдi орындау мерзiмi екi жыл. Шешiм 2012 жылдың басында қабылданғандықтан, оның мерзiмi бiттi. Екiншiден, еуропалық тәртiп бойынша Францияда үш жылдан артық түрмеде отырғаным Ұлыбританияда есепке алынады. Англия аумағына барған күннiң өзiнде ешкiм маған кiнә қоя алмайды. Үшiншiден, бұл шешiмдi де заңсыз деп тануға күш саламын. Қазiр Англиядағы бұл айыптардың астарында сая­си мүдде тұрғанын айғақтайтын дәлелдерiм жеткiлiктi.
 
– Қазақстан билiгi сiздi БТА-банктен 6 миллиард доллар ұрлады деп айыптайды, жақында бұл сома 7,5 миллиардқа дейiн өстi. Ресей 5 миллиард доллар шығын келтiрдi деп отыр, Украинаның таққан айыбы – 400 миллион доллар. Қандай ақшалар туралы әңгiме болып жат­қаны туралы айтыңызшы және осы ақшаның бәрiн өзiңiз иемденiп кеттiңiз бе?
– Ресей тарабының талабы қолдан жасалған деп бiрден айтайын. Және оның бәрi Ресей жағының Францияға берген құжаттарынан-ақ көрiнiп тұр. Ресей билiгiнiң экстрадициялау туралы өтiнiш құжатында БТА банкке залал келтiргенiм туралы жазылған, яғни Ресейге дәнемедей зиян келмеген. Демек Ресейдiң бұл текетiреске титтей де қатысы жоқ. Ре­сейдегi қылмыстық iс қазақ билiгiнiң өтiнiшiмен қозғалды. Қазақстан ТМД елдерi арасындағы өзара көмек туралы Минск келiсiмi мен құқықтық көмек жайлы Ресеймен келiсiмшартты пайдалануда.
Айыптаудың өзегi мен 2006 жылдан 2009 жылдың басына дейiн, үш жыл бойы Ресейге келiп, түрлi тұлғаларға нұсқау бердi-мiс дегенге саяды. Ол адамдардың көбi сол күйi анықталмады. Ресейлiк тергеушi­лердiң қолында мұны дәлел­дейтiн бiрде-бiр құжат, мен қол қойған қағаз жоқ. Ресейге қай кезде келiп, кiмге нақты қандай тапсырма бергенiм де белгiсiз. Ал анықталды деген тұлғалардың ешқайсысы маған қарсы түсiнiктеме бермедi.
Француз сотында ресейлiк прокуратураның өкiлiне сұрақ қойылды. Мен оларға: “Менен тапсырма алдым деген адамның болмағанда куәлiк еткен бiр жазбасын көрсетiңiзшi. Тiптi ол адам сiздерден қысым көрсiн, оны ұрып-соқсын делiк. 1 долларға болса да, менiң қолым қойылған ақша аударымын берiңiздершi. Сiздерде мұндай ештеңе жоқ” дедiм. Прокурор: “Сiз бiлесiз бе, iстiң көлемi бес жүз том, оны iздеу керек, жалпы бiз мұны iстеуге мiндеттi емеспiз, Ресейге келген соң бiз сiзге тауып беремiз” деп жауап бердi.
 
Украинаның айыптаулары да Ресейдiкiне ұқсас. Мен банк басқарма төрағасының орынбасары Жарымбетовке қазақ банкiнiң хаттамасын қолдан жасау туралы тапсырма берген екенмiн. Бұл уақытта мен де, Жарымбетов те Украинада болдық-мыс. Жарымбетов ешқашан Украинада болмаған. Келген де, мұнда жұмыс iстеген де емес. Екiншiден, Украинаның шекара қызметi берген ресми құжатта мен қылмысқа барды деп айыпталған уақытта Украинада мүлдем болмағаным туралы жазылған. Тағы бiр маңызды дәлелдеме, “хаттама” туралы – қазақ банкiнiң хаттамасының Украинаға ешқандай қатысы жоқ. Қазақстанда тiркелген және сол елде орналасқан банк. Тағы да қолдан жасалған қылмыстық iс.
Украинада зардап шеккен жеке тұлға да, заңды тұлға да жоқ. Ресей мен украин заңдарында қылмыстық iс Ресей немесе Украина мемлекетiне, жеке және заңды тұлғаларына залал келгенде ғана қозғалатыны туралы жазылған. Менiң мәселемде мұндай жағдайдың бiрi де кездеспейдi.
 
– Ал Қазақстанға қатысты үнемi ақшасынан айырылып қалған салымшылар туралы айтылады, бiрақ оларды ешкiм ешқашан көрген емес. Бұл туралы не дейсiз?
– Қазақ банкiне қатысты бәрi оп-оңай. Банктер әдетте қалай тақырға отырады? Банкте адамдар ұзын-сонар кезекте тұруы тиiс. Ал салымшылар ақшаларын қайтара алмай жатқандарын айтып шағымданулары керек. Заңды тұлғалар құзырлы органдарға шағым жаза бастайды. Маған қатысты жеке тұлғалардан да, заңды тұлғалардан да шағым жоқ.
БТА банктiң барлық қыз­меткерлерi, оның iшiнде мен үшiн де бәрi күтпеген жерден болды. 2009 жылдың 2 ақпаны, дүйсенбi күнi, үкiмет банктiң жағдайы нашар деп жариялады. Бұл өтiрiк болатын. 2009 жылдың бiр ғана қаңтарында банк шетелдiк несие берушiлерге 400 миллион доллардан астам борышын қайтарды. 2008 жылдың төртiншi тоқсанында банк бiр миллиард доллардан астам несиесiн жапты. Яғни, салымшылар жағынан да, заңды тұлғалар тарапынан да бiрде-бiр шағым болған емес. Мемлекет меншiгiне өткiзу дейтiн шара –бiреудiң меншiгiн басып алу. Сандар осыны айғақтайды.
 Шығындарға келетiн болсақ, ең алдымен шетелдiк несие берушiлер шығын көрдi. Екiншiден банк акционерлерiне экономикалық залал келтiрiлдi. Өз басым банктiң ең iрi акцио­нерi болдым.
Банктi үкiмет басып алған кезде, олар банк шетелдiк қарыз берушiлерге төлемейдi деп мәлiмдедi. Қарызды қайта құрылымдау туралы жариялады. Шетелдiк қарыз берушiлердiң алдындағы борыш 12 миллиард доллардың маңайында болатын. Шетелдiктермен несие келiсiмшартына қол қойған кезде онда егер банк иелерi шетелдiк қарыз берушiлердiң келiсiмiнсiз ауыса қалса, онда олар ақшаны мерзiмiнен бұрын қайтаруға құқылы деген тармақ болатын.
Мен банктi басып алулары мүмкiн екенiн бiлдiм. Назар­баев­пен сөйлескенiмде, мен оны егер осылай iстесеңiздер шетелдiктер қарызын мерзi­мiнен қайтаруды талап ететiн болады деп ескерттiм. Премьер-министр Кәрiм Мәсiмов маған: “Жоқ, олар талап етпей­дi, бiз үкiмет ретiнде акционерлер құрамына кiремiз, ал бұл банк үшiн өте сенiмдi, өйткенi бүтiн ел банктiң акционерiне айналады” дедi.
 
Мен оларға шетелдiк қарыз берушiнiң бiреуiнiң қарызын қайтармаудың өзi жеткiлiктi екенiн, банк борышын өтеуге қабiлетсiз деп жарияланып, елдiң халықаралық рейтингтерi құлдырап кететiнiн ескерттiм.
Ақырында болжамдарым расқа айналды. Үкiмет БТА банктi басып алысымен дүрбелең басталып, салымшылар банктегi ақшаларын ала бастады. “Самұрық-Қазына” құйған 1,7 миллиард долларды iс жүзiнде салымшылар банктен алып кеттi...
Ақырында 10 миллиардқа жуық ақша шетелдiк қарыз берушiлерге қайтарылмады. Iс жүзiнде ақшаны банктi тартып алушылар иеленiп кеттi. Ал БТА банк берген несие Қазақстанда қалды. Осы несиелерге ие болып қалған банктiң жалған иелерi Әблязов ұрлап кеттi деп айыптайды. Тiптi бюджеттен бөлiнген қаржыны да қалталарына басты.
Банктiң қазiргi иелерi менен 1,4 миллиард долларды қайтарып алды-мыс деп хабарлап жатыр. Сол ақшаны көрсетiңiз­дер, қашан және қалай қайтарып алғандарыңызды айтыңыздар. Егер елдiң бюджетiне зиян келдi десе, 1,4 миллиардты бюджетке қайтарсын! Бiрақ бұл ақшаны ешкiм бюджетке қайтармады. Өйткенi банктiң жалған иелерi миллиардтаған активi бар БТА-банктi 16 мың долларға сатып алды.
Бұл операцияның бар мә­нiсi: тартып алу, баю және Әблязовтi кiнәлi ғып көрсету. Сондықтан олар бiресе 5 миллиард, келесi жолы 6,4, ендi 7,5 млрд доллар ұрланды деп мәлiмдейдi.
Бұл – қазiргi билiктiң қу­лық-сұмдығы, менi қаралаудың амалы. Менiмен күрес пиар-шара түрiнде жүрiп жатыр. Әдетте алдымен айып тағылып, артынша сот болады. Ал маған келгенде билiк: Әблязов 6 миллиард, 7 миллиард ұрлады деп жар салады. Бiз сiздерге әлi оның тағы не ұрлағанын көрсетемiз дейдi. Бұл қандай тергеу? Олар осылай жар салғанымен, заңды ешбiр әрекет жасалмайды. Олардың айыптауларын қуаттайтын бiрде-бiр құжат жоқ. Ондай құжаттар болмайды да.
 
– Байқауымша, Қазақстанда адамдар бостандыққа шыққаныңызға шын ниетiмен қуанған секiлдi, сiзге үмiт артатындай кө­рiндi. Сiздiң Ақордамен айырысатын есебiңiз бар, яғни, бұл жеке басыңыздың өш­пендiлiгi дейтiн пiкiр қалыптасқан. Бұл туралы не айтасыз?
– Сөзсiз менiң Ақордамен ғана емес, билiк басындағылармен, жеке Назарбаевпен айырысатын есебiм бар. Неге? Өйткенi кез келген күрестiң астарында жеке бастың себебi тұрады деп ойлаймын. Билiк басындағы адамдар елдегi билiктi басып алды.
Және сол билiктi пайдаланып өздерiне ұнамағандарды қудалайды, олар менiң тү­сiнiгiм­де басқыншылар. Бас­қыншылармен күрестiң жеке басыңдағы жағдайға қатыссыз болуы мүмкiн емес. Кез келген күресте бiреудiң жеке басының тағдыры тұрады. Бұл адамдар елiмдi, үйiмдi басып алды деп санаймын. Олар менiң жақындарымды қуғындауда және азаптауда.
Мен олармен күресемiн және қорғанамын. Бұл – өз елiм, Қазақстанның жауларына қарсы менiң жеке күресiм. Бас­қаша болуы мүмкiн емес деп есептеймiн.
 
– Бәрiн толғандыратын басты сұрақ ол әрине – сiздiң жоспарларыңыз. Немен айналысуды ойлап отырсыз, қайда тұрмақшысыз, режимге қарсылық көрсетудi жалғастыра бересiз бе?
– Бiраз уақыт Францияда боламын. Мен күрестi жалғастыра беретiнiмдi, көзқарасымды қолдайтын жақтастар iздей­тiнiмдi жария түрде айтқым келедi. Мен бәрiмiздiң күш-жiгерiмiздi жалғыз мақсат – осы ұры режимдi өзгертуге жұмылдырғым келедi! 
Қазақстанның демократиялық реформалар жолына түс­кенiн қалаймын, бiзде пре­зиденттiк емес, парламенттiк республика болғанына күш сал­ғым келедi. Қазақстан халқы депутаттарды өздерi таңдағанын, ал депутаттар елдiң премьер-министрiн сайлағанын қалаймын. Бiзге президенттiк республика керек емес, өйткенi мұның арты елдегi билiктi бiр адамның басып алуымен аяқталады. Ол шексiз билiкке ие болады. Және оны бiз қуып жiбере алмаймыз. Оған қарсы ешқандай құрал жоқ.
Өмiрiмдегi ең басты мақсат – Назарбаев режимiн билiктен аластату. Мен осымен айналысамын.
Сұхбаттасқан Наталья Садықова
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті