1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 11-12 (16197-198) 9 ақпан, бейсенбі 2017
9 ақпан 2017
Толғанай ҮМБЕТАЛИЕВА: ЖАҢА ТАРТЫС, ЖАҢА ТОЛҒАҚ

– Толғанай Бөденқызы, 2005 жылдан кейiнгi сайлауларда қандайда бiр оңды өзгерiстер, таза өткен сайлау болды ма? Әлде әдiл сайлау арман күйiнде қалды ма?
– 2004-2005 жылдардағы сайлау циклына ұқсас сайлаулар, әрине, Қазақстанда ендi жоқ. Керiсiнше, сайлау кампаниясы өзiнiң негiзгi мән-мағынасын жоғалтты. Ол бұрындары да талапқа жауап бермейтiн, десек те жұртшылықтың белгiлi бiр таңдауы болушы едi. Ол кезде үстемдiк етушi партия сияқты құбылыс та аса байқалмайтын. Президент 90-жылдардың басында демократиялық саяси жүйе құратынымызды және кеңестiк дәуiрден қалған мұрадан бiртiндеп арылатынымызды айтып, уәде берген-тiн. Бүгiнгi таңдағы үстемдiк құрушы партияның өмiр сүруiнiң өзi керiсiнше кеңестiк таным-түсiнiкке және кеңестiк саяси кейiп-көрiнiске қайтып келгенiмiздi айғақтайды. 2000 жылдардың ортасында, тiптi билiктiң өз iшiнде де үстемдiк етушi бiр партиялық жүйе құру туралы әңгiме-дүкен, пiкiр-сайыс өрбiмейтiн. Менiң есiмде қалғаны, сол жылдары екi немесе үш партиялық жүйе туралы әңгiме қозғалатын. Дей тұрғанмен, 2000 жылдардың орта тұсында элита арасында президенттi дәрiптеумен айналысатын саяси топ үстемдiк құра бастады. Анығында, бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың әлсiз қырын бiлiп алғандардың жағымпазданып, мансап жолында жоғарылауды дiттегендердiң билiк iшiнде өз позициясын арттыруға бағытталған стратегиясы-тын. Өз мүдделерiне жету үшiн осы амалды өте жақсы пайдаланды. Сол сәттен бастап күнi бүгiнге дейiн бiз елдi демократиялық бағытқа бағыттайтын бiрде-бiр жауапты саяси реформаны немесе идеяны көрмедiк. Айтпақшы, бұл векторды мемлекет басшысының өзi кезiнде белгiлеп, таңдап берген едi.
Соңғы президенттiк сайлауда тұрғындардың, мысалы, Алматы халқының ойдан құрастырылған кейiпкерлерге (Борат), шет ел жұлдыздарына (Бред Питт, Джоули және т.б.) дауыс беруi сайлау кампанияларында әдiлдiктiң жоғын бiлдiредi. Әрине, бiз саяси үдерiстерге баға бергенде әдiлдiк, сенiмдiлiк деген түсiнiктердi қолданбаймыз. Мұның бәрi кеңестiк үгiт-насихаттан алынған ұғымдар. Себебi осынау түсiнiк арқылы жұртшылықты жеңiл манипуляциялап, КСРО-дағыдай басқара бересiз.
Саясатта ашықтық, бақылауға алынған деген терминдердi қолданған жөн. Дауыс беру және дауысты санау процедурасы ашық болуы шарт, қоғам дауыс беру процесiмен бiрге, дауысты санау және одан кейiнгi жағдайды бақылайтын құқыққа ие болуы тиiс. Өкiнiшке қарай, бiзде оның механизмi жоқ.
– Мемлекеттi басқару iсiндегi “Отбасының” орны мен ықпалы және мұрагерлiк мәселесi жайындағы пiкiрiңiз қандай?
– Саяси өмiрде бiз сөздiк қорымызда “отбасы”, бұл “папа”, “мұрагерлiк” және т.б. дегендердi пайдаланамыз. Бәлкiм, бұл да дамытуды қажет ететiн бiздiң мәдениетiмiздiң көрiнiсi шығар. Егер бiз саяси жүйеде өзгерiстердi қалайтын болсақ, онда бiзге “отбасылық мәдениет” пен “саяси мәдениеттi” бөлу керек болар. Бәрi бiз қолданатын саяси тiлден басталады.
Егер сiздердiң қойып отырған сауалдарыңызға қайта оралатын болсам, менiңше, ол жақта билiктi, байлықты, саяси ұстанымдарды бөлiсу жүрiп жатыр. Бiр топ президент маңындағы кеңiстiктi монополияландыруды көздеп, соған әрекет жасауда. Себебi, алда билiк ауысады және осы үдерiстi бақылауда ұстау қажеттiлiгi туындады. Менiңше, бәрiнен бұрын әрекетке көшiп жатқан, бұл – президенттiң отбасы. Өзбекстандағы оқиғалар, егер дер кезiнде қарекет жасамаса, қорғанысқа алмаса, президенттiң қызының басына қандай күн туатынын көрсеттi. Әрине, бұл мақсатқа басқа топ қарсы тұрады, осы жерден жемқорлық iсi кең қанат жайып, бастау алады.
Президенттiң қатысуымен өткен екi арнайы шығарылым да, бұл – әлгi саяси топтардың түрлi құралдарды, әрi қылмыстық, әрi жемқорлық, әрi саяси құралдарды пайдаланып күресiп жатқанын жария еттi деген нұсқа бар. Менiң ойымша, элитаның iшiнде президенттiң позициясын өзгерту үшiн, бұл жерде мен Н.Назарбаевтың өзiн емес, мәртебесi (статус) туралы айтып отырмын, саяси реформалар қажет екенiн түсiнетiн топ бар. Өйткенi ол кеткеннен кейiн орнына келетiн адам орасан зор билiкке қол жеткiзедi. Әлгi топ өкiлеттiлiктi президент пен парламент және үкiмет арасында бөлiсудi ұсынып, өзгерiс енгiздiргiсi келедi. Дегенмен, бұған қарсы тағы бiр топ бар. Ол топ қазiргi мемлекет басшысы билiктен кеткеннен кейiн орнына өздерiнiң өкiлi келетiнiне, мәртебеге сол ие болатынына, оның жеңiсiне сенiмдi және оларға бұл өзгерiс тиiмсiз. Бұл – соңғы уақыттары бiз бақылап отырған элита iшiндегi бiр себеп.
БАҚ-ты бөлiсу толық аяқталды деуге болады. Өткен жылы интернет-ресурстарға қысым жасалды. Биыл басты назарға мерзiмдi баспасөз iлiктi. М.Тәжиннiң қайта оралуы ескi гвардияның әлi берiлмей келе жатқанынан хабар бередi және оларды тiзiмнен шығаруға ерте екенiн көрсеттi. Дегенмен, оған жауап ретiнде И.Тасмағамбетовты беруге тура келдi. Отбасы мен ескi гвардиядан – осы екi топтан өзге өз позицияларын нығарлай түскiсi келетiн тағы жаңа топ, жастар бар. Бiр сөзбен айтқанда, элита iшiнде жаңа тартыс, жаңа толғақ.
– Үштағанның бiр тiрегi – “айналасы”. Сыбайластық пен жемқорлыққа негiзделген жүйенiң соңғы 10 жылдағы ахуалы, тартысы жайында бiлгiмiз келедi.
– Жемқорлық деңгейi өстi. Бұл тайға таңба басқандай көрiнiп тұр және қалыпты құбылысқа айналды. Мүмкiн, ең қорқыныштысы осы болар, бәрi ашық түрде бiздiң көз алдымызда өтiп жатыр. Оның үстiне бiздiң шенеунiктердiң кәсiби сапа деңгейi өте жылдам, күрт төмен түсуде. 2000 жылдардың басында сауатсыз адамның министрлiктерден қызмет алмақ түгiлi ауыл әкiмшiлiктерiнiң маңына жолай алмайтынын бiлетiнбiз. Тiптi сауатсыз адам қарапайым қызметке алынуы мүмкiн деп те ойламайтынбыз. Мұндай ой басымызға кiрiп-шықпайтын. Ал бүгiнгi жағдай қалай? Сауатсыздар билiкте де, барлық жерде өрiп жүр. Бiрде-бiр сатыда адам сапалы кәсiби қызмет ала алмайды. Бұл жалпылама көрiнiс ала бастады. Соның салдарынан көше психологиясы мен мәдениетi элитаның мәдениетiне айналды. Осы жерден жемқорлық өсiмi бастау алып, елiмiздегi жүргiзiлiп жатқан реформалар мен мемлекеттiк бағдарламалардың деңгейi күрт нашарлады. Мiне, бұл – президенттiң айналасы. Қазiр кәсiбилiк туралы ешкiм ештеңе айтпайды және онымен айналысып жатқандарды да көрмейсiң. Айналасында осындай деңгейдегiлер жүрсе оларды басқару өте оңай, себебi олардың мүддесi өте қарапайым. Олардың мүддесiн қанағаттандыра отырып, солардың қолымен өз мақсат-мұратыңа жету әсте жеңiл. Нәтижесiнде сотқа солар түседi, ал осы үдерiстi басқарып отырған басты адамдар әлбетте тасада қалады.
Әрине, бес саусақ бiрдей емес. Билiктiң iшiнде де ел мен жердiң тағдырына алаңдайтын, мәселеге мемлекеттiк деңгейде қарайтындар ұшырасады. “Айналадағылардың” бәрi бiрдей деуден аулақпын. Бiрақ олардың даусы өте әлсiз, себебi олар өте аз. Сондықтан кейде бiз лайықты бағалауға тұрарлық шешiмдердi кездестiрiп қаламыз. Бiрақ олар өте сирек кездеседi.
– “Олигархтар” мүддесi және қазiргi экономикалық жағдай, қаржының сыртқа кетуiнiң себептерi, оның салдары жайында не айтар едiңiз?
– Бiздiң елде “олигархтарды” саяси ойындардан ығыстырып тастады әрi олигархтардың өзi саясатқа қатты араласпауға тырысады. Мұхтар Әблязовтiң тағдыры көпшiлiкке қызық емес. Бiрақ оларды элитааралық процестерге қандай жағдайда да араласпайды дей алмаймыз. Олар бар, олар қатысып жатыр. Оларды да қандай да бiр элиталық топтың саяси болашағы толғандырады. Бұл жағдай олардың да тағдырына тiкелей қатысты. Дегенмен, түрлi халықаралық тергеулер әзiрге президент отбасының iздерiн ғана айғақтауда. Басқа бизнесмендер егер шет елге активтерiн шығарса, оны заңды түрде жүзеге асырады немесе жылжымайтын мүлiкке салады. Мен олигархтар артын ойлап, дүрмектiң соңын күту жағдайында деп бағалар едiм. Өйткенi белсендi түрде қатысу қауiптi, дей тұрғанмен толық шығып кетуге болмайды, бәрiн жоғалтып алуы ықтимал.
Бiрақ бiр жағымсызы, олар сол активтерiн елдiң дамуына салмайды. Елiмiзде қандай да бiр саланың дамуына жұмсамайды. Саяси элита оларға Мұхтар Жәкiшевтiң тағдыры арқылы сабақ көрсеттi. Сондықтан бизнесмендер елдiң экономикасына оның қандай да бiр саласына қаржы құйып дамытуға сүлесоқ, тiптi бұл iскерлер үшiн маңызды да емес. Мүмкiн, себеп-салдары осы болар, олардың мақсаты – ақша табу. Мемлекеттен тендер алып, ешкiмге қажетi жоқ, пайда әкелмейтiн зауыт салу және қайткен күнде де қолға ақша түсiрудi мұрат етедi. Мiне, бiздегi бар бизнес осылай қарекет етедi.

Сұхбаттасқан Г.ҚАПАН
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Дәлбасар | 13 ақпан 2017 13:07
Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қабылданды. Бұл тілді алдымен мемлекеттік қызметті
атқарып жүрген адамдар білуі керек. Анау министрлердің, әкімдердің, депутаттардың,
прокурорлардың, судьялардың арасында екі сөздің басын қосып жаза алмайтын қалақбастар өріп жүр. Яғни, сауатсыз тобыр ел басқару, билік айту ісіне араласып жүр.
Бұлардың бәрі биліктің ұшар басында отырғандардың қолбаласы ғой. Мұндай тобыр
айтқанға көніп, айдағанға жүреді. Отар-отар қой секілді. Қалай оңамыз?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті