1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16234)   15 маусым, бейсенбі 2017
15 маусым 2017
Түркістанға 1 миллионнан астам турист келді

Астанадағы ЭКСПО көрмесіне шақырылған мәртебелі қонақтар Оңтүстік Қазақстан облысының киелі жерлерін аралауға көптеп келеді деп күтілуде. Осыған байланысты облыс әкімдігі 3-5 күндік туристік маршруттарды да әзірлеп қойды. Туристер өңірдің қасиетті, тарихи және табиғаты әсем жерлерін тамашалайды. Саяхатшылардың оңтүстіктегі ат басын тірейтін негізгі нүктесі – Түркістан қаласы.
– Түркістан – тарихи, мәдени және діни жәдігерлерге бай қала, – дейді бұл жөнінде Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев. – ЮНЕСКО-ның құнды жәдігерлер тізіміне енген Қ.А.Ясауи кесенесін былай қойғанда, Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата бейіті, Гауһар ана және Әлқожа ата кесенелері де туристер мен зияратшылардың қызығушылықтарын арттырып келеді. 2016 жылы қалаға келген туристерден түскен табыстан бюджет көлемі 110 миллион теңгеге ұлғайды. Бұл қаламыздың жалпы өңірлік өніміндегі үлесінің 5 пайызын, салық түсіміндегі үлесінің 4 пайызын құрады. Сөзіміз құрғақ болмасын, осыдан төрт жыл бұрын қалаға 618 мың турист келсе, өткен 2016 жылы 1 миллион 60 мың зияратшы мен турист Түркістанда болыпты. Оның ішінде 24 мың адам алыс-жақын шетел азаматтары.
– Әрине, Түркістан топырағына табаны тиген турист саны 1 миллионнан асты деген жағымды жаңалық. Бірақ бұл мәліметке тоқмейілсуге болмайтын шығар. Биыл «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» болып бекігені тағы бар. Жалпы, Түркістандағы туризмнің келешектегі мүмкіндігі туралы не айтуға болады?
– Түркістанның топырағында қазақтың ғана емес, бүкіл түркі әлемінің тарихы жатыр. «Қазақстанның рухани орталығы» деп президенттің өзі атап өткен қаланың дамуы Ақорданың ұдайы назарында тұр. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде мемлекет басшысы Н.Назарбаев Түркістанға 13 рет келіп, осында алты мемлекеттің президентін қабылдапты. Өңірлерде мұндай мәртебеге ие болған қала бар ма екен?!
«Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» болып бекітілуіне орай, осы жылы Түркістан қаласында халықаралық деңгейде 20-дан аса мәдени-танымдық шара өткізілетіндігі белгілі. Оның алғашы шаралары өтіп жатыр. Осы шаралардың да басты мақсаты Түркістанды таныту, туристік қызығушылықты арттыру деп білеміз. Бір ғана наурыздағы ашылу салтанатына 20-дан аса мемлекеттен 300-ге жуық қонақ келді. Бұл қаламыздың таныла түсуіне зор кеңістік ашып отыр.
Қаламызда туризм саласын дамыту мақсатында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауы нәтижесінде «Көне Түркістан» атты концепция жасалды. Бұл жобаның негізгі идеялық мәні – Түркістан қаласын түркі әлемінің тарихи астанасы контексінде ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдерге ұсыну. Сонымен бірге түркітілдес халықтардың сәулеттік, этнографиялық және ұлттық гастрономиялық бағыттарын танытып, қаланы түркі әлемінің мәдени орталығына айналдыру. Ол жоба жалпы 99,6 гектар жер аумағын қамтиды және оны іске асыру үш кезеңге бөлінген.
– Яғни жоба Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аймағында жүзеге асады ғой?
– Иә, бекітілген қадамдық іс-шара жоспарына сәйкес, Қ.А.Ясауи кесенесінің қарсы бетінде орналасқан 12,8 гектар жер аумағында бұзылуға жататын 132 тұрғын үйді мемлекеттік қажеттілікке сатып алу мақсатында мүліктерді бағалау жұмыстары жүргізілді. Әрі қарай заң талаптарына сай сатып алу шаралары іске асырылатын болады.
Осы шаралар атқарылған соң аталған үйлердің жерлері босатылып, инфрақұрылым тартылатын болады. Бұдан кейін өзіміздің жоспарымызға сәйкес, ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің мәдени ошақтарын нақты тарихи сипатта, сол елдерге тиісті құрылыстарын салдырып, әрі қарай өз қарамағында ұстау туралы ұсыныс беруді көздеп отырмыз. Түркітілдес елдердің ұсынған жобалары заңдылығына сәйкес, инвестициялық келісім арқылы жұмыс жүргіземіз және түркітілдес елдер тарапынан инвестиция салу мәселесімен қатар, отандық немесе басқа да инвесторларды тарту көзделген.

Сұхбаттасқан Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті