1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Ұлт көсемiне» қатысты заң жобаларын мәжiлiс те, сенат та мақұлдады. Ендiгi сөз — Н.Назарбаевта. Оның әрекетi қандай болмақ?
Заңды керi қайтарып, кезектi рет ұпай жинайды (32.6%)
«Көсемге» де кепiлдiк керек (41.7%)
Жарамсақтанбақ болғандарды жазалайды (4.1%)
Мұны мерейтойға кезектi сыйлық деп қана қабылдайды (21.5%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Менiңше, ойлау қабiлетiң жақсы болуы үшiн басқа үнемi жұмыс iстету керек. Егер бас ойланбаса, басқа органдар да жұмыс iстемейдi. Физикалық дайындық та аса маңызды. Денсаулықты үнемi күту керек. Еркекке ләззат сыйлайтын жақсы нәрселер бар. Мен оларды атамаймын, сiздер бәрiн түсiнiп отырсыздар.  
ҚазҰУ 75 жылдығына орай студенттер алдында сөйлеген сөзінен
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15468) 4 ақпан, бейсенбі 2010
4 ақпан 2010
ТҰЖЫРЫМДАМА – ТҰҒЫРЫҢ

 

Асанәлi ӘШIМОВ, КСРО Халық әртiсi:
БӘРIМIЗ БIР ЖҰДЫРЫҚ БОЛСАҚ ҚАНА ТҰЖЫРЫМДАМА ҚАБЫЛДАНАДЫ
– Қоғамға «ел бiрлiгi» доктринасы ұсынылып, ол құжат «қазақстандық ұлт» негiзiнде жасалды дегендi естiгенде бұған қарсы үн көтерген ұлт тұлғаларының қатарына қосылдым. Бұған келiсуге әрi мойынсұнуға болмайтынын түсiнген­дiктен.
Белгiлi қоғам қайраткерлерi бiрiгiп, «Қазақстан Республикасының Ұлттық саясатының тұжырымдамасын» әзiрледi. Бұл құжатпен танысып шықтым. Өте сауатты жазылған. Бәрiн орын-орнына қойған. Маған ұнады. Мен бұл Тұжырымдаманы қолдаймын! Билiк осы құжатты қабылдаса дұрыс болар едi. «Қазақстанды» «Қазақ Республикасы» деп атау қажет деген тұсы да орынды. Осы құжатты қабылдатуымыз қажет, ол үшiн бәрiмiз соңына дейiн бiрге болғанымыз жөн.
 
Софы СМАТАЕВ, ақын:
БҰЛ ҚҰЖАТ ҰЛТСЫЗДАНҒАН «КОСМОПОЛИТТЕРГЕ» ҮЛКЕН СОҚҚЫ БЕРДI
– Қазақстан халқы ассам­блеясында ұсынылған доктринаға қарсылық ретiнде аштық жариялауға дайын екенiмдi ашық мәлiмдеген болатынмын. Билiк құрылымы да, заңдылығы да күмәндi Қазақстан халқы ассамблеясының қолымен қа­зақтың ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрi мен мәдениетiн құрдымға кетiргiсi келдi. «Ел бiр­лiгi» доктринасының өзегi де, тiреуi де – «қазақстандық ұлт» саясаты едi. Бiрақ, қолынан келмедi. Халық қарсылығынан қорықты. Түптiң түбiнде ұлт жанашырларымен келiсiмге келуге мәжбүр болды. Бiз оған балама ретiнде «Ұлттық саясат тұжырымдамасын» ұсындық. Келiсiм бойынша, оны ресми БАҚ жариялауы керек едi. Бi­рақ, билiк өз сөзiнде тұрмады. Әлi күнге дейiн тым-тырыс отыр.
Тұжырымдама қазақ мүдде­сiнiң, қазақ құндылықтарының, қазақ мәдениетi мен мұрат- мақсатының негiзiнде жасалған. Өзге этникалық топтарға қы­сым жасау, оларды кемсiту туралы бiр ауыз сөз жоқ. Тұжырымдама қазақты мемлекетқұрушы ұлт ретiнде мойындауға шақырады. Бұл – дұрыс. Мем­ле­ке­ттi «Қазақ Республикасы» деп атау­ды ұсынады. Осыны қолдауымыз керек!
«Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттiгiне берген сұхбатында Олжас Сүлейменов былай деген: «Бүлiкшiл интеллигенцияны, яғни зиялыларды алаңға аттандатып шығаруға дайын тұрған проблема қазақ тiл бiлiмiнiң кенжелеп қалғанынан және белгiлi халықаралық терминдердiң мағынасын халыққа түсiндiрiп беруге өресi жетпейтiн политологиядан ғана туындайды... 1991 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасы құрылды, оның негiзгi бөлiгiн қазақ халқы құрайтын «қазақстандық ұлт» пайда болды». Бұдан кейiн Олжекеңдi қазақтың ақыны деп қалай айтасыз?! Кезiнде оны билiктен қорғағаным үшiн қатты өкiндiм. Ол қазақ ұлты мемлекетқұрушы ұлт дегендi мойындағысы кел­мейдi. Мұны не үшiн айтып отырмын? Себебi, Тұжырымдама О.Сүлейменов бастаған «космополиттер» тобына үлкен соқ­қы бердi. Олардың тезистерi мен ойларын тас-талқан еттi. Ендi билiкке мұны қабылдатуымыз керек. Ол үшiн халық бiрiгуi керек.
 
 
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ,
жазушы, сатирик:
СОҢЫНА ДЕЙIН КҮРЕСУ КЕРЕК
– «Ұлттық саясат тұжырымдамасын» мұқият оқып шықтым. М.Шаханов бастаған топ жұрттың көкейiндегiсiн дөп басып, ұлттық мәселелердi орын-орнына қойған екен. Десек те, бүгiнгi билiк «мұны қабылдамай ма» деп қауiптенем. Себебi, «қазақстандық ұлт» саясатының да, «үштұғырлы тiл» идеясының да қолдаушысы әрi жебеушiсi – Н.Назарбаев. Ол өзiнiң бастапқы ойынан бас тарта ала ма? Мен бұған сенбеймiн! Тұжырымдама билiктiң ұлтқатысты саясатының быт-шытын шығар­ған. Оны парламент те, ассамблея да қабылдамайды. Себебi, бiзде барлық билiк бiр адамның ғана қолында. Десек те, бiз алған бетiмiзден қайтпауымыз керек. Соңына дейiн күресейiк. Халықтық құжатты қабылдатуға Ақорданы мәжбүрлеу қажет. Онсыз мәселе шешiлмейдi.     
 
ҚАЗАҚСТАНДЫ ОТАНЫМ ДЕП САНАЙТЫН АЗАМАТ БҰЛ ЖОБАНЫ ҚОЛДАЙДЫ ДЕП СЕНЕМIН
 «Жас Алаш» газетiнде (№6, 21.01.2010 ж.) жарияланған «Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасының» жобасымен толық таныстым. Жоба менiң көңiлiмнен шықты. Халық мұндай құжатты көптен күтiп жүрген едi, соған ендi ғана қолы жеткендей. Бұл жобада бүкiл Қазақстан халқының, оның iшiнде мемлекетқұрушы қазақ ұлтының көкейiндегi сауалдардың барлығы қамтылған. Менiңше, ұлтым деп жанашырлық танытқан кез келген қазақтың арманы, мақсат-мүддесi осы жобада тоғысқан. Қазақстанды Отаным деп есептейтiн азаматтар бұл жобаны қолдайды деген сенiмдемiн. Жоба парламентте талқыланып, қабылданып жатса, қазақ халқының шын мәнiндегi тәуелсiздiкке жеткенi болар едi. Осының бәрiн ескере отырып, жобаға өз ұсыныстарымды да қоссам деп едiм.
1. «Ұлттық саясаттың негiзгi бағыттары» (V тарау) бойынша, «Саяси-құқықтық салада» деген бөлiм мынадай сөйлеммен толықтырылса: «Мемлекеттiк тiлге ша­буыл жасап, қарсылық бiлдiргендерге тоқтам салу үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi мен Әкiмшiлiк кодекстерiне оларға қарсы жазалау шараларын қолданатын арнайы заң баптарын енгiзу».
2. «Сыртқы саясат саласында» бөлiмiне: «1931-32 жылдарда Қазақстанда ашаршылықты қолдан ұйымдас­тырып, 5 миллион қазақты аштан қырған, шетелге тарыдай шашыратып жiберген геноцид жасағаны үшiн КСРО-ның тiкелей мұрагерi болып есептелетiн Ресей Федера­циясы Қазақстанға өтемақы төлесiн және шетелдегi қазақтардың тарихи отанына қайтып оралудағы жол шығынын да солар төлесiн» деген сөйлемдi қосу керек.
3. «Тәрбие, бiлiм беру және ғылым саласында» бөлiмiне: «Мұсылман балаларына имандылықты үйретiп, дiни тәрбие беру мақсатында Құран Кәрiм мектептерде пән ретiнде оқытылсын.
1-сыныптан 4-сыныпқа дейiн қазақ балалары тек қана қазақ мектептерiне берiлсiн. Оларға орыс мектептерi мен орыс сыныптарына баруға тыйым салынсын. 4-сыныптан кейiн қай тiлдi мектепке барамын десе әркiмнiң өз еркi, оған шек қойылмайды.» деген сөйлемдер енсе.
4. «Тiл саласында» деген бөлiмге мынадай толықтыру енгiзiлсе. Кеңес Одағы кезiнде құрылған «Қазақ тiлi қоғамы» еш нәтиже бермедi, өзiн-өзi ақтамады. Сондықтан ғұмыры да ұзақ болған жоқ. Сол себептi, «Қазақстанда Мемлекеттiк тiл комитетi құрылсын» деген сөйлем осы бөлiмге енгiзiлсе.
Ратбек АРЫНҰЛЫ,
зейнеткер.
Шығыс Қазақстан облысы,Көкпектi ауданы
 
ҰЛТТЫҚ БАС ҚҰЖАТ
Қазақ елiнде тәуелсiздiк жарияланғанннан берi қаншама бағдарлама, заңнама, тұжырымдама жасалып, қолданысқа ұсынылды. Бiрақ, олардың барлығы дерлiк орыс тiлiнде дайындалып, қазақ тiлiне асығыс-үсiгiс аударылатын. Ұлттық нақыштан жұрдай түсiнiксiз, дүбәра құжаттар жұртшылықтың көңiлiнен шықпай, қағаз жүзiнде қалатын. Таяуда билiктiң тiкелей нұсқауымен дайындалып, халықтар ассамблеясы арқылы көпшiлiкке ұсынылған «ел бiрлiгi» доктринасы да солардың аяғын құшты. Оның дүмбiлездiгi атауынан-ақ көзге ұрып тұр. Басқа сөз табылмағандай, «доктрина» деп атауы мемлекеттiк тiлдi құрметтемеудiң, оны шұбарлаудың, қасақана жат ұғымды тықпалаудың салдары. Мәтiнiндегi ой жүйесiздiгi, пiкiр қайшылығы, мемлекетқұрушы ұлтқа деген терiс көзқарас қоғамды дүрлiктiрiп, рухы берiк азаматтардың, зиялы қауым өкiлдерiнiң ашу-ызасын туғызды. Ұлт жанашырлары жұдырықтай түйiлiп, шикi құжатқа балама саяси сауатты жоба дайындап, оны халық талқылауына ұсынды. Ендi мен осы жобаға қатысты өз ой-пiкiрiмдi айтсам.
«Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасында» ұлт мүддесiнiң бәрiнен жоғары қойылуы құптарлық. Өзектi әрi мәндi мәселе­лердi қамтыған. Жобада Егемендiк декларациясы мен Тәуелсiздiк туралы заңның ұлттық мемлекет құру талаптары толық деңгейде жүзеге асырылмағаны, отарлық саясаттың зардаптарын жоюға бағытталған кешендi бағдарлама қолданылмағаны, отарсыздану саясаты жүргiзiл­мегенi атап көрсетiлген. «Қазақстан – көпұлтты мемлекет», «Қазақстанда 130 ұлт тұрады» деушiлерге «Қазақ елiнде бiр ғана ұлт, яғни мемлекетқұраушы қазақ ұлты және басқа да этностық топтар тiршiлiк етедi дегендi ашық айтатын мезгiл жеттi», – деп нық сенiммен ой түйiндеген құжат.
Аталған тұжырымдама ұлт­тық мемлекеттi қалыптастыру әрi нығайту, азаматтық қоғам құру бағытындағы негiзгi ұстанымдар мен өзектi мақсат-мүдделердiң жиынтығы ретiнде ұлттық бас құжат деуге әбден лайық. Бұл құжат еш бұлталаңсыз тез арада қабылдануға тиiс. Бұл жоба би­лiк тарапынан тәрк етiлген жағдайда аштық жариялауды, орынтақ иесiн орнынан тайдыруға дейiн бару қажет. «Халық қаһарланса, хан тағынан таяды». Билiк тұтас ұлтқа топырақ шаша алмайды.
Дүбәра доктрина керi қайтарылып, заңсыз «ассамблея» таратылсын!
Назарбек ҚАНАФИЯҰЛЫ.
 
СЫҢАР ЕЗУДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ СЫБАҒАСЫН АЛАДЫ
Ермұхамет ЕРТIСБАЕВ:
– Доктринаны дайындау кезiнде азаматтық бiрлiк ең басты мәселе ретiнде көрсетiлдi. Бұған жасанды түрде назар аударып, қолдан проблема жасаудың қажетi жоқ. Проблема жоқ. Көпұлтты халық ел президентiн қолдайды, Шаханов пен оған қосылған «Азат» ЖСДП тәрiздi доктринаға қарсы шықпайды... XXI ғасырда XIX ғасырдың ұлттық мемлекет­терiнiң методологиясымен жүремiз бе? Бiз тек қана этникалық ұстаным бойынша жүре алмаймыз. Билiк қарсыластары мынаны айтады: Конституцияға қазақ мемлекетқұрушы ұлт деп жазыңдар дейдi, бiрақ қалғандары «бiз салық төлеушi емеспiз бе?» деп сұрамай ма?».
 
Айдос САРЫМ:
– Ертiсбаевтың барлық түсiнiктердi бiр жерге топтап, оларды өзiнiң ойына келгенiн­ше пайдаланатын ерекше қасиетi бар. Егер ол бiздiң ғасырда және мыңжылдықта «ұлттық мемлекет» деген ұғым өзектi емес, келмеске кеткен де­се, онда оның саясаткер және саясаттанушы ретiн­дегi құны екi-ақ цент. 
 
 
САЙТТАҒЫ ОҚЫРМАН ПIКIРЛЕРI
Бұдан артық не керек? Барлық халықаралық талаптарға сай құжат. Оқып шығып риза болдым, рухым бiр серпiлiп қалды. Лайым тек iске ассын деп тiлейiк. Ендiгi жерде қазақ тұжырымдамасын қазiргi ел билiгi мойындамайтындай сыңай танытатыны болса, күштеп мойындату керек. Басталған бұл игi ұлттық iстi барша қазақ қолдауға мiндеттi.
***
Өте сауатты дайындалған, ел иесi қазақтың, басқа да ұлт өкiлдерiнiң орнын нақты белгiлеп, әркiмнiң мiндетiн, борыш-парызын айқындап берген ғажайып құжат екен. Мұндай тұжырымдаманың бiр сөзiне қарсы шығар билiк болса, оның құны көк тиын. Ал ұлт зиялыларының осы ұлттық мүддеден тыс қалғандары жеке басқа байланысты кейбiр өкпе-ренiштi ұмытып, ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ қос қолдап қолдағаны жөн деп ойлаймын. Құдай үшiн, ел үшiн бiрiгейiкшi, ағайын.
 
***
Осы жоба iске асса, өлiп кетсем де, арманым жоқ едi. Алайда сауатсыз, дүбәра билiк мұнымен келiсуi екiталай-ау. Бiз халық болып, қатаң талап етуiмiз керек.
***
Дұрыс. Бiрақ қабылданбайды. Басынан аяғына дейiн бүгiнгi сая­сатқа қарсы. 20 жыл бойы айтып келе жатқан сөздi көкке ұшыратын құжат бұл. Ол қабылданса, көптеген адамдардың жүрегi ұстайтыны анық.
 Бала тумау керек, тудың екен – соңына дейiн қорғау керек. Осы тұжырымдаманы жерiне жеткiз­сек қане!
 ***
Керемет! Қолымыздан iс келе­тiн халық екенiмiздi байқаттық.
Иә, ендi бүйректен сирақ шығармай ҚОС ҚОЛДАП ОСЫ ТҰЖЫРЫМДаманы ҚОЛДАЙЫҚ, АҒАЙЫН!
***
Сақаев Нұрлан Бекенұлы, ШҚО. Жарма ауданы, Қалбатау ауылы:
– Тұжырымдама Қазақ мемле­кетiнiң басшылыққа алатын құ­жа­ты болса игi едi. Осы құжатты парламент қолдап қабылдамаса, ондағы депутаттардың құны көк тиын.
***
Ардақ Үмбетханұлы:
– Өз ұлтымның қара домалағы ретiнде айтарым, бұл жоба бiздiң елдiгiмiздiң, бiрлiгiмiздiң, тұтас­тығымыздың қайнары. Осы жобаны ұсынған ағаларымызға Алланың нұры жаусын деп дұға тiлеймiн.
 
***
Мiне, мынау, Елдi бiрiктiретiн Тұжырымдама! Ешқандай да халықтың құқығы шектелмеген. Билiк бұл құжатты мiндеттi түрде қабылдауы тиiс. Егер қарсы шықса, оларды халық жауы ретiн­де жазалау керек!
 ***
Кееерееемееттт!!!! Шiркiн-ай, осы айтылғандар жүзеге асса ғой!!!... Жүзеге асуына үлес қосайық, ағайын!!! ...Қазақ Республикасы! Құлаққа қандай жағымды едi.
 
 ***
 Абылайхан Төреұлы:
– Тәуелсiздiктi қорғау қозғалысынын бүл ұсынысы – дер кезiнде жазылған мазмұны кең үсыныс. Ендi Қазақстандағы барлық қазақ жастары осы ұсыныс­ты тармақ-тармағы бойынша талқыға салып, интернетте қызу пiкiр сайысын жүргiзуi керек деп бiлемiн. Тұжырымдамада шетел­дегi 5 миллион қазақты елге оралту, 3 тұғырлы тiлдi күшiнен қалдыру, латын әлiпбиiн тездетiп қолданысқа енгiзу, ассамблеяны жоғары қойғанды тоқтату, қазақ ұлтының қоғамдық орнын көтеру сынды идеялар өте жақсы жазылған. Бiз бұны iске асыртуымыз керек!
 
***
«Ұлттық саясат Тұжырымдамасы» қазақтар басына жастап жатып оқитын, өз iс-әрекетiн осыған сай бағалауға және жүргiзуге тиiстi бiрегей ұлттық идеология жүйесi болыпты. Рахмет, ағалар!
 
***
Бұл тұжырымдама туралы бiздiң «сүйiктi депутаттарымыздың» ойларын ести алмадық.
Әлде не айту керектiгiн жоғарыдан күтiп отыр ма?

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (16)
Ақжол | 4 ақпан 2010 11:41
Ұлттық тұжырымдаманы қазіргі билікке күштеп мойындату керек, одан басқа амал жоқ. Көп сөз, боқ сөз. Сондықтан, тезірек сөзді қойып, іске көшуіміз қажет.
Тілектес | 4 ақпан 2010 12:36
Азаматтарды бастайтын адам керек. барлығымыз косыламыз.
Ынтымақ | 4 ақпан 2010 12:48
Алдағы 1-шілдеге дейін ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ толық қабылдамайтын болса, Республиканың барлық аймақтарынан Ақордаға қарай жаяу шеру ұйымдастырып, 7-шілдеде сол жерде бүкіл қазақ елі бас қосуы керек деп ойлаймын. Мұндай мәжбүрлеу іс-шаралары Махатма Гандидің тәжрибесінде болған.
Әсия Өміршеқызы | 4 ақпан 2010 14:40
"тезірек сөзді қойып, іске көшуіміз қажет".Өте дұрыс айтылған.
Елбасы биыл "жолдауын" ерте жариялап,халықтың назарын өзге нәрсеге аударғысы келді ме?! Алматы қаласында Мұхтар Шаханов ағамыз бастаған зиялы қауым жиын өткізіп,ұлт пен жер мәселесі- №1 екенін тағы да жеткізді.
Билік қолдамаса, Қазақ елінің барлық қоғамдық ұйымдары, партиялар,бірлестіктер,ұжымдар және т.б.бірігіп, ынтымақтасып, Тұжырымдаманы талқылауды ұйымдастыру қажет. Бұл істе БАҚ-ы өте белсенділік танытуы абзал: көпшіліктің пікірлері мен толықтырулары айтылып-жазылып,талқыланса - бұл Тұжырымдама, шын мәнінде, Қазақ елінің барлық азаматтарының жүрегінен шыққан, халықтың өзі қабылдаған КЕРЕМЕТ ҚҰЖАТ болары сөзсіз. Тек,ИНШАЛЛА, іске сәт болсын! Қазағымның тілін, ділін, дінін, жерін, жер асты байлығын, өз еңбегінің жемісін өзі көруін Жаратқан ИЕМ НӘСІП ЕТСІН!!!
россиянин | 4 ақпан 2010 19:29
Ай осы біздікі әурешілік болады ау. Басқа ұлт өкілдері неге қолдамай жатыр Акимов секілді жазушылар. Басқа өкілдерді тарту керек қазақтарым хотя бы әзірбайжан кызы доктор наук бар емес пе еді Асыл деген. Неге олар осыған косылып жан айкайга салмайды. Воот когда солар бас көтерсе ғана билік коркады. Олар казир баримизди мамбет национал-патриот деп отыр. Олжас біз жака шыкканда болар еді. Көрмейсің бе оның бұлтаңдап тұрғанын№ Оны орыстар жаксы сыйлайды. Соны пайдаланып өзіміз жака ресей қазақтарын
АЛТАЙБЕК АТШАБАРҰЛЫ | 4 ақпан 2010 23:49
Қазіргі кезде қазақ елінін 67% қүрайтын , негізгі үлт қазақ халқының мүдесі төмен ,бүл әлемдік тәжірибеде жоқ нәрсе ,қазақ халқы орнықсыз болса , күйзелсе, үлттық күндылықтары төмендетілсе қазақ елінде орнықсыз жағдай болады ол кезде , үкімет көкке қотерген ассамблеяны қүраушы үлттар бассауғалап кетеді тіпіті шетелдегі туысқандарына жетуге асығады . бүны біз ашық айтуымыз керек қазақ елінін үлан байтақ жерін , атам заманан қазақ халқы қорғап келген бүдан кейінде солай бола береді , бізідін жерімізді келімсектер қорғаған емес , қорғайды деп сенуде қыйын ,ҚАЗАҚТЫҢ МҮДДЕСІ ШЕШІЛМЕСЕ БИІЛІКТІҢ ТЕЗ АУДАРЛУЫ ТУЫНДАЙДЫ !
Болашақ Азаматұлы | 5 ақпан 2010 00:03
Үлт жанашырларынын бірігіп ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚОРГАУ ХАЛЫҚТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫН қүруы үлкен бір жетістік деп білеміз , енді тек жоғарға қатаң талаптар қойу арқылы , сөзден нақтылы іске қарай көшкен жөн ,ТҮЖЫРЫМДАМАҒА билік мән бергісі келмесе қатаң қадамдарға баруымыз керек , халық ойянды , түсінді енді сіздерден жауап күтіп отыр , артарыныздан еріп , істі сонына дейін апаруға бел бүыйп отыр , сіздердін тек қана батылдықтарыныз қажет болып түр !ал мемлекетіміздін аттын ,қазақ республикасы дегенен көрі ,ҚАЗАҚ ЕЛІ деп атасақ дүрыс сияқты . түркмендерде призидентерін ТҮРКІМЕНБАШШЫ деп ешкімге шалтақтамай атап жүрғой.бірігейік , ірі болайық , болашақ үшін әр қандай кедергілерді бүзып өтіп үдіре алға тартайық -ағайындар!
Күдік | 5 ақпан 2010 10:33
Тұжырымдаманы қабылдамаудың амалы болар қазақтың 4 пайызын славяндарға қосып жіберген сияқты.
Ұлан Нүсіпәлиев | 5 ақпан 2010 11:11
Айдос ау,Ертісбаевқа екі цент көп,оның құны қара бақыр да емес?!Көк тиын!Басқа толып жатқан этностар салық төлесе Қазақ елінде тұрып жатқандары үшін төлеп жатыр.Келіспесе қайқая берсін,кететін жағына.Билік әрбір туылған қазақ үшін жерімізден шығып жатқан қазба байлықтарымыздан түскен пайдадан белгілі бір мөлшерде ақша бөліп есепшотына салып тұруы керек. Бабаларымыз Қазақ жерін Қазақ үшін қорғаған,жемқор билік немесе келімсектер үшін емес.
Әмір | 5 ақпан 2010 15:43
Тезірек іске көшу керек.Қазіргі билікке сенім жоқ халықта. Үш мәселе қойылуы керек.
1.Тұжырымдаманы қабылдату.
2. Жер кодексін қайта қарау.
3.Кедендік Одақтан шығу
Бұл 3 мәселенің барлығы да Ел тәуелсіздігіне қауіп төндіріп тұр.
Ұлтжанды | 5 ақпан 2010 23:03
Қазақстан деген атаудағы , СТАН сөзін кейбір басылымдар , мүсылмандар отрактаскан жай - деп түсүндіріп жүр , осындай болса еліміздін аты -Қазақстан болып аталғаны жөн болар .Егер басқалай бір үғымдырға келсек :Литва , Латвия , Айзербайжан ,Грузия ,Монголия болып сол елді қүраушы негізгі үлттын атымен аталатын мемлекетерде аз емес , осыған негізделгенде еліміздін атын -ҚАЗАҚИЯ немесе ҚАЗАҚ деп атасақ болады .ал еліміздің көк байрағынан еш бір мүсылмандық белгі көралмаймыз, оныда ойлануымыз керек шығар !сіздер қалай қарайсыздар - дарынды қазақ жастары , пікірленізді білгіміз келеді .
Адайбек Еділбайұлы | 5 ақпан 2010 23:57
Қазақ елі парламенті заң шығарарда , әлемдегі озық елдегі тәжирибесін , қауызын тастап дәнін алу негізінде қабылдауымыз керек .қытай елідегі әр қандай заң , қытай үлтынын мүдесі үшін , өте сауатты жазылған.ол елдегі жер мемелекетікі онын асты үстіндегі байлықтар тағда мемлекетікі еш кімнің жерді және оның байлығын сатуы үқығы жоқ ,жер тек дихандарға ғана адам санына карай 49жылға жалға беріледі , ал біздін елде бір адам мыңдаған гектар жерді өз басына жазып алған еш ақылға симайды , жер өспейді , сонда болашақ үрпаққа үкімет жерді қайдан тауып бермек , еліміздін ЖЕР ЗАҢЫН ҚАБЫЛДАУДА ӨРЕСКЕЛ ҚАТЕЛІКТЕР КЕТКЕН ЖЕР ЗАҢЫН ҚАЙТА ЖАСАУ КЕРЕК , ХАЛЫҚ ЗАҢҒА НАРАЗЫ !
Үлтжанды | 6 ақпан 2010 00:09
Шаханов ағамыз бастаған үш түгырлы тілге қарсы болуындағы себеп , жас өспірім баллалардын миын шатастрады , үлтық сезімін төмендетеді .қытай елінде қытай тілінде тоғыз жылдық оқу ағарту түзімі деген бар , 11кластың төғызын қытай тілінде бітіруі керек , ондай болмағанда үлт үшін , мемлекет үшін патриот болып оспейді деген қағида бар , біз осыны неге пайдаланбаймыз , билік басындағыларымыз дүбара қазақтар болып заңымызда дүбара шығып түрмайма , тоғызыншы класска дейін қазақ мектепті бітірген чиновник тым аз -ақ!Үлттық қауыпсыздығымыз үшін күресейік ағайын !
Қайрат.Б | 6 ақпан 2010 19:34
Зейнеткер Ратбек ағамыздын косымша үсынған 4 түрлі жобасына келісеміз . ондағы қазақ мектептеріне күран кәрімнен дәріс беру , мүсылман елдерінде бар тәжирибе , біз одан үтпасақ үтылмаймыз , үрпағымыз ибалы , инабатты , білімді болып өседі , Қазақстанда 75% мүсылман қауымы түратындығын есте шығармағандымыз жөн . орыс тілі үлт аралық тіл деген сөйлемді әсте тіл түралы заңға жолатуға болмайды . әлемдік тәжирибеде мемлекетік тіл , сол мемелекеті қүрайтын негізгі үлтын тілі болып есетелнеді .
Алаштың ұлы | 8 ақпан 2010 18:31
Ертісбаев нағыз кокмидың өзі
bokky | 9 ақпан 2010 08:21
Қазақстан жағдайын жергілікты қалықтай білмей, жақсы сөзге жані семіріп жұрген қытай қазақтараы бұл тұжырімдаманы корып,қуанып жатыр.оның қасында, бұл орындала қалса, сіздер жарылып қаларсыздар,ақ тұйеның қарнынан бұрын,илайым, осы қиял шындық болғай,
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті