1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
10 сәуір 2014

Қазiргi күнi отандық теларналардың көпшiлiгiнен көрерге бағдарлама табылғанымен, жасанды   жүргiзушi­лер ха­лық­ты әбден жалықтырып бiттi. Әсiресе, “Хабар”, “Еларна”, “Қазақстан” теларналарын қосып қалсаңыз, жасанды “жұлдыздардың” бағдарлама жүргiзуiнен көзiңiз сүрiнедi (Қазiр “Еларна” телеарнасы жұмысын тоқтатты).

8 сәуір 2014
“Жас Алаштың” оқырмандары Мұхтар Мағауиндi таңдап отыр

Оқырмандарымыздың тiлегi мен ұсынысын ескере отырып, биыл “Оқырман сұх­батты өзi жүргiзедi” деген жаңа айдар ашқанымыз да белгiлi. Газетiмiздiң 11 ақпан күнгi нөмiрiнде оқырмандар сұрағына белгiлi жазушы, аудармашы, қоғам қайраткерi Герольд Бельгер жауап бердi (“Мәңгi елiмiз” әңгi елге айналып кетпей ме?..”).

3 сәуір 2014

Елiмiздегi ауа райының күрт өзгеруiне байланысты айтылатын болжам саны өте көп. Тиiстi мекеме, яғни “Қазгидро­меттiң” күнделiктi тарататын ақпарына сенсек, таяу күндерi Қазақстанда ауа райы суытатын көрiнедi. Олардың болжамынша, республиканың көптеген аймағында жаңбыр жауып, жел тұруы ықтимал. Ал Астанада жаңбырдың арты қарға айналуы мүмкiн екен

27 наурыз 2014
Сергей Дуванов: Қазақстанның ресми ұстанымы украиндықтарды еш қызықтырмайды

Украинаның төрт қаласында: Киев, Одесса, Николаев және Харьковте болып қайттық. Менiң мақсатым – танымал саясаткерлер не қоғам қайраткерлерiмен кездесу емес, қарапайым халықпен тiлдесiп, өзiмше әлеуметтiк сұрау жүргiзiп көру. Мен үшiн украиндықтардың пiкiрi, көзқарасы маңыздырақ болды. Сапарым кездесу, әңгiмелесу­лер­ге толы болды. Вокзал, дүкен, көлiк, кафе, қонақ үй, өзiм жүрiп өткен жерлердiң бәрiнде халықпен сөйлестiм.

20 наурыз 2014
«Иттiң иесi болса, бөрiнiң тәңiрiсi бар»
Алаштың арыстары қатарына қосылған Алтынбек Сәрсенбайұлының кешегi айтқан пiкiрлерi бүгiн де құнды, маңызды.
– Алтынбек Сәрсенбай­ұлы, билiктегiлер байқамаған сыңай танытқанымен, елдегi қоғамдық саяси жағдай да, әлеуметтiк ахуал да соңғы кездерi күрт өзгере бастады. Осы тарапта Сiздi ерекше толғандырып жүрген қандай мәселе, не нәрсе?
18 наурыз 2014
Аймауытовтың театры да атына заты сай болуы керек

Павлодардың Жүсiпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына көркемдiк жетекшi әрi директор болып Нұрлан Жұманиязов келгелi төрт айдың жүзi болды. Бұл театрға сонау тоқсаныншы жылдары келiп, кешегi күнге дейiн басшылық жасаған режиссер Ерсайын Тәпенов болатын

13 наурыз 2014
Асқар Жұмадiлдаев: Бiзге жалған намыстың керегi жоқ!
– Сiз бiз­дiң парла­мен­тi­мiз­дегi өрескел жайт жөнiнде (“Сәке”, “Мә­ке”, “Ғабе” деген қазақы үрдiске тыйым салу жөнiн­де) Қазақ парла­ментiнiң төрағасы Нұрлан Нығ­матуллиннiң өзiне, сонан кейiн Конституциялық Кеңестiң төрағасы Игорь Роговқа арнайы хат жаздыңыз. Бұл хатыңыз “Жас Алаш” газетiнде жарияланды. Хатты оқып, көкейiмiз­де жүр­ген нәрсенi айтқаныңыз үшiн сiзге риза боп қал­дық. Пi­кi­рiм жұрттың қызу таласын тудырды. Көп адам қолдады. Қолдамаған адамдар да болды. Менi қолдаған “Жас Алаштың” қалың оқырманына алғысымды айтамын.
11 наурыз 2014
Қайыршы зейнеткерлер тек Қазақстанда ғана бар

“Қазiргi билiк халықты мазаққа айналдырып бiттi. Теңгенiң құнсыздануы – соның айға­ғы”, – дей­дi “Поколение” қоғамдық қозғалысының төрайымы Ирина Савостина. Таяуда ғана мерейлi жас 80-ге толған кү­рескер апайды құттықтай барғанымызда, аз-кем сұхбаттасудың сәтi түскен-дi.

27 ақпан 2014
«Уақытында айтпаған шындықтың қадiрi жоқ»

Танымал тележурналист Қасым Аманжол жүргiзген, қалың қауым әлi күнге тамсана айтып жүрген “Шынның жүзiнде” Алтынбек Сәрсенбайұлы да ашық әңгiмеге қатысқан едi. Сондағы сыр ашу сәтiн алдыларыңызға қайтара жайып салдық.

27 ақпан 2014
Зардыхан Қинаятұлы, тарих ғылымдарының докторы: Мемлекеттiң қалай аталуы керектiгiн мемлекет басшысы ғана шешпейдi

– Ұлттық ұран, ұлттық идеология дегенiмiз – ұлттың тағдырына қатысты, ұлттың тағдыр-тарихымен тығыз байланысты ұғым. Мұндай деңгейге көтерiл­ген қандай да бiр ой-пiкiр халықтың талқысына түсiп, танымдық деңгейден өтiп, практика жүзiн­де пiсiп-жетiлiп, халықтың кө­кейiне терең енген категориялық сенiм болуы керек.

20 ақпан 2014
«Құнсызданудан құтылудың жалғыз жолы – саяси өзгерiстер»

Девальвацияны үш мәрте бастан өткерген Қазақстанның төл теңгесi қазiргi құнын қанша уақытқа дейiн ұстап тұра алады? Сарапшылар бiр доллар үшiн 185 теңге болып белгiленген бағамды артық қормен жасалды деп есептейдi. Десек те бұл теңге алдағы жылдары құнсызданбайды дегенге кепiлдiк бола алмайды. Сарапшы Айдар Әлiбаев елiмiз нақты өндiрiс орындарын ашып, өнеркәсiптi жолға қоймайынша

11 ақпан 2014
«Мәңгi елiмiз» әңгi елге айналып кетпей ме?
ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР ОСЫНЫ ҚАУIП ЕТЕДI
Оқырман – газеттiң тiрегi. Сондықтан да оқырманның тiлегi мен ұсынысына ешуақытта бейжай қарай алмаймыз. Өткен жылдың ең соңғы нөмiрiнде оқырмандарымыздың сұранысына орай 2014 жылдан бастап “Оқырман сұхбатты өзi жүргiзедi” деген жаңа айдар ашатынымызды хабарлаған едiк. Бүгiн осы жаңа айдардың алғашқы материалын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл жерде сұхбат берушiнi таңдаған да – оқырман. Сұрақ берушi де – оқырман. Дәл қазiр не жазып жат­қаныма қатысты айта кете­йiн. Жалпы, мен көркем шығарма жазуға жоқпын. Фантазиям жетпейдi. Сондықтан мен көбiнесе қазiр “Плетение чепухи” деген жанрда жұмыс iстеймiн. Ол 13-14 жылдан берi “ДАТ” газетiнде жарияланып келедi. Жұрттың бәрi соны оқиды екен. Назар аударады екен. Облыстардан телефон соғады екен.
30 қаңтар 2014
Жаңа заң жобасы терроризмге жол ашпай ма?

Қазақстан қылмыстық кодексiнiң жаңа жобасы әзiрленiп жатыр. Жобада еңбек дауын қоздырғандарға айыппұл ғана емес, түрмеге кесу жазасы да қарастырылған. Жобадағы 400-бапта еңбек дауын қоздырғаны үшiн ереуiлге қатысушыларға айыппұл салу, түзету жұмыстарына жiберу және үш жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

23 қаңтар 2014
Мұхтарбай Өтелбаев: Перельман маған хабарласқан жоқ...

Астаналық математик-ғалым Мұхтарбай Өтелбаев әлем ғалымдары ғасырға жуық уақыттан берi жауабын таба алмай келген 7 есептiң бiрiн шешкенiн жариялады. Бұған дейiн бұл есептердiң бiрi – Пуанкаре гипотезасы деп аталатын теңдеудi Ресей ғалымы Григорий Перельман дәлелдеген едi. Ретi келгенде, бiз қазақ ғалымын әңгiмеге тартып, оған күрделi есеп жайында бiрнеше сауал қойған едiк.

21 қаңтар 2014
“Мәңгiлiкте” мән қалмады

Өткен аптаның “басты жаңалығы” саналатын президенттiң халыққа жолдауынан кейiн айтылып жатқан пiкiрлерде есеп жоқ. Ең қызығы, көпшiлiктiң бұл жолдауға қатысты айтары “түкке пайдасы жоқ жолдауды тыңдамадым да, оқымадым да” болды. Жұрт жолдаудан жалыққанын жасырмайды. Десек те

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»