1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (16227)   23 мамыр, сейсенбі 2017
20 ақпан 2014
«Құнсызданудан құтылудың жалғыз жолы – саяси өзгерiстер»

Девальвацияны үш мәрте бастан өткерген Қазақстанның төл теңгесi қазiргi құнын қанша уақытқа дейiн ұстап тұра алады? Сарапшылар бiр доллар үшiн 185 теңге болып белгiленген бағамды артық қормен жасалды деп есептейдi. Десек те бұл теңге алдағы жылдары құнсызданбайды дегенге кепiлдiк бола алмайды. Сарапшы Айдар Әлiбаев елiмiз нақты өндiрiс орындарын ашып, өнеркәсiптi жолға қоймайынша

11 ақпан 2014
«Мәңгi елiмiз» әңгi елге айналып кетпей ме?
ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР ОСЫНЫ ҚАУIП ЕТЕДI
Оқырман – газеттiң тiрегi. Сондықтан да оқырманның тiлегi мен ұсынысына ешуақытта бейжай қарай алмаймыз. Өткен жылдың ең соңғы нөмiрiнде оқырмандарымыздың сұранысына орай 2014 жылдан бастап “Оқырман сұхбатты өзi жүргiзедi” деген жаңа айдар ашатынымызды хабарлаған едiк. Бүгiн осы жаңа айдардың алғашқы материалын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл жерде сұхбат берушiнi таңдаған да – оқырман. Сұрақ берушi де – оқырман. Дәл қазiр не жазып жат­қаныма қатысты айта кете­йiн. Жалпы, мен көркем шығарма жазуға жоқпын. Фантазиям жетпейдi. Сондықтан мен көбiнесе қазiр “Плетение чепухи” деген жанрда жұмыс iстеймiн. Ол 13-14 жылдан берi “ДАТ” газетiнде жарияланып келедi. Жұрттың бәрi соны оқиды екен. Назар аударады екен. Облыстардан телефон соғады екен.
30 қаңтар 2014
Жаңа заң жобасы терроризмге жол ашпай ма?

Қазақстан қылмыстық кодексiнiң жаңа жобасы әзiрленiп жатыр. Жобада еңбек дауын қоздырғандарға айыппұл ғана емес, түрмеге кесу жазасы да қарастырылған. Жобадағы 400-бапта еңбек дауын қоздырғаны үшiн ереуiлге қатысушыларға айыппұл салу, түзету жұмыстарына жiберу және үш жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

23 қаңтар 2014
Мұхтарбай Өтелбаев: Перельман маған хабарласқан жоқ...

Астаналық математик-ғалым Мұхтарбай Өтелбаев әлем ғалымдары ғасырға жуық уақыттан берi жауабын таба алмай келген 7 есептiң бiрiн шешкенiн жариялады. Бұған дейiн бұл есептердiң бiрi – Пуанкаре гипотезасы деп аталатын теңдеудi Ресей ғалымы Григорий Перельман дәлелдеген едi. Ретi келгенде, бiз қазақ ғалымын әңгiмеге тартып, оған күрделi есеп жайында бiрнеше сауал қойған едiк.

21 қаңтар 2014
“Мәңгiлiкте” мән қалмады

Өткен аптаның “басты жаңалығы” саналатын президенттiң халыққа жолдауынан кейiн айтылып жатқан пiкiрлерде есеп жоқ. Ең қызығы, көпшiлiктiң бұл жолдауға қатысты айтары “түкке пайдасы жоқ жолдауды тыңдамадым да, оқымадым да” болды. Жұрт жолдаудан жалыққанын жасырмайды. Десек те

16 қаңтар 2014
Экологиялық апат мекенi болмасын десек, Байқоңыр ғарыш айлағын ұлттық мүддеге негiздеп пайдалану керек

Елiмiзде экология мәселесi – бiрiншi кезектегi проблемалардың қатарында. Семейдiң полигоны, Аралдың айналасындағы ажал ошақтарын айтпағанда, соңғы уақытта қолдан жасалған экологиялық қиянаттардың түрi көбейдi. Соның бiрi – гептилiмен зауал келтiрушi зымыран тасығыш протондар. Былтыр Қызылорда облысында құлаған протонның гептилiнен адамдарға еш қауiп те, зиян да жоқ деушiлер аз болмады.

3 желтоқсан 2013
Алма Шалабаева: Мұхтар аяққа жығылмағаны, бас иiп көнбегенi, банктi бермегенi үшiн осы жағдайға тап болды

Қазақстанға депортацияланғанына алты айдан асса да, Мұхтар Әблязовтiң әйелi Алма Шалабаева осы күнге дейiн қазақстандық журналистерге сұхбат берген жоқ. Өткен аптада оның адвокаттары баспасөз мәслихатын өткiзiп, қылмыстық iстiң құрамы жоқ екенiн, ал А.Шалабаева мен қызы Алуаның құжаттарсыз қал­ғанын мәлiмдеген соң, “Жас Алаштың” тiлшiлерi М.Әблязовтiң жұбайын үйiне iздеп барып, сұхбат алған едi.

28 қараша 2013
Әмбебаптыққа ұмтылатын банк барлық бағытта қызмет көрсетедi

Қазiргi кезде шағын банктердiң қатарында болғанымен, АзияКредит Бан­кiнiң нарықтағы өз орны бар. Осы орайда банк барлық сегмент­тегi клиенттерге бiрдей көңiл бөлiп, шарттары қолайлы әрi тиiмдi өнiм­дер ұсынады. АзияКредит Банкiнiң атқарушы директоры және бас­қарма мүшесi Бұлан КӨПЕШОВ бiзге берген сұхбатында осы өнiмдердiң ер­ек­шелiктерiне тоқталып, банктiң алдағы жоспарлары жөнiнде әңгi­мелеп бер­дi.

28 қараша 2013

Сонымен, Астанадағы Левон Мирзоян көшесiне хал­қымыздың аяулы ұлы Қаныш Сәтбаевтың есiмi берiлетiн болды. Бiрақ бұған қарсылар да бар. Мирзоян көшесiнiң атының өзгертiлуiне алғашқылардың бiрi боп Қазақстандағы армян мәдени орталығының жетекшiсi Артуш Карапетян наразылық бiлдiрдi. Осы жерде мынаны еске сала кетсек деймiз. Қазақстанда тұратын әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң Мәдени орталықтары құрыла бастағанда тарихшы-ғалым Зардыхан Қинаят “Жас Алаш” газетiнiң бетiнде былай деген едi:

26 қараша 2013
Асқар Мамырбаев, сәулетшi: “Өмiрде бәрi бiз ойлағандай бола бермейдi екен”

Жуырда Алматыда “Атакент” көрме кешенiнде Қазақстан Сәулетшiлер одағының ұйымдастыруымен 2010-2013 жылдар аралығындағы ең үздiк сәулет туындыларының көрмесi өттi. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Ресей, Чехия, Словения, Армения сынды елдерден келген сәулетшiлердiң ұсынған жобаларының iшiнде

26 қараша 2013
БИЛIК БIЗБЕН САНАСУҒА МӘЖБҮР
Қазақстандағы адам құқықтары жөнiндегi халықаралық бюроның құрылғанына 20 жыл толды. Осы жылдар iшiнде бұл үкiметтiк емес ұйым талай қилы кезеңдi бастан өткердi. Бюро кеңсесi тоналды, өртелдi, домалақ арыз бойынша қаржы полицейлерiнiң жоспардан тыс тексеру жүргiзген кездерi болды.
21 қараша 2013
Талғат Ахметжанов: Қысқа мерзiмде қарқынды жұмыс iстеген
“ҚАЗАГРОҚАРЖЫ” БОЛАШАҚТА ДА АГРОӨНЕРКӘСIПТIҢ ДАМУЫНА ҮЛКЕН ҮЛЕС ҚОСПАҚ
Елiмiздегi ауылшаруашылық саласын дамыту мақсатында агроөнеркәсiпке қаржылай қолдау көрсететiн iрi компаниялардың бiрi – “ҚазАгроҚаржы” АҚ-ы соңғы он жылдан астам уақытта бiрқатар келелi жобалардың жүзеге асуын ықпал еткенi мәлiм.
19 қараша 2013

Қазақстан зейнетақы қорлары қауымдастығының төрағасы Айдар ӘЛIБАЕВ «қазақ елi Қытайдан алған қарыздың қауiп-қатерi мен тәуекелдерiн жете түсiнген жоқ, түсiнсе де жеткiлiктi түрде мән бермей отыр» дейдi. Сарапшы бiзге берген сұхбатында Қытай несиелерiнiң бiзге қалайша қамыт кигiзетiнiн жiлiктеп талдап бердi. Сондай-ақ, әңгiме орайы келiп тұрғанда, бiрыңғай зейнетақы қоры мен салымшылардың қаржысы жұмсалатын тетiктердi де сөз еттiк.

14 қараша 2013
Санат АБЕНОВ, Басқарушы директор, “АТФБанк” АҚ Басқарма мүшесi: “Инновация нәтижесi – клиентке бейiмделу”

АТФБанктiң биылғы жылы клиенттерi үшiн тың жаңалықтары көп. Бiрiншiден, мамыр айын­да банк басшылығына жаңа акционерлер мен менеджмент келдi. АТФБанктiң басқарушы директоры және Басқарма мүшесi Санат АБЕНОВ газетiмiзге қаржылық институтта болған өзгерiстер, алдағы жоспарлар мен өнiмдердiң артықшылықтары жайлы әңгiмелеп бердi.

10 қазан 2013
Серiк Сәрсенов, В.Челахтың адвокаты: Бекназаров бұл жолы заңды бұзса, қуана қолдаймын

Жоғарғы сот Владислав Челахтың iсiн қайта қарайтын арнайы комиссия құруы мүмкiн. Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаровтың қабылдауында болған Челахтың анасы Светлана Ващенко мен Жауынгерлердiң аналары комитетi­нiң төрағасы Людмила Костенко осылай деп мәлiмдедi. Л.Костенконың ақпарат агенттiкте­рiне берген сұхбатына қарағанда, Челахтың анасы екеуi Бектас Бекназаровқа iстегi шикiлiктердi көрсетiп, дәлелдерiн келтiрген.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21»