1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (16261)   21 қыркүйек, бейсенбі 2017
14 шілде 2016
ҰҚК мәлiмдемесiне қалай қарайсыз?

ҰҚК: “Тоқтар Төлешов 2005 жылы төңкерiс арқылы мемлекеттiң билiгi криминалдық топтардың иелiгiне өткен қырғыз елiндегi жағдайды Қазақстанда қайталамақ болыпты. Осы мақсатын жүзеге асыру үшiн Қырғызстанға бар­ған, жағдайды көзбен көрiп зерттеген. Жоспар құрған. Жаппай тәртiпсiздiк пен әдейi ұйымдастырылған акциялардың барысында ол билiкке ультиматум қойып, өзi үшiн вице-президент лауазымын енгiзудi

12 шілде 2016
Дос КӨШІМ, саясаттанушы: Жемқор билiк... баю жолын iздейдi

– Комиссияның қазiргi жұмысы орташа деңгейде, жалпы, қанағаттанарлық. “Әттеген-ай” деген жерлер, әрине, бар. Оның негiзгiсi – процедуралық мәселе. Оны Айдос Сарым өткен жолғы отырыста жақсылап айтты. Бұл бiрiншiден, бiзде әлi күнге дейiн жұмыс графигi жоқ. Жиынды қай облыстарда, қашан және қай жерде өткiзетiнiмiздi алдын ала бiлiп отырсақ, бұл уақытымызды жоспарлауға қолайлы болар едi. “Мына жаққа барамыз, мынандай уақытта” деп, бiзге тек 2-3 күн қалғанда ғана хабарлайды.

21 маусым 2016
Мархабат Байғұт: Бізде әлемдік деңгейдегі дүниелер аз емес
– Мархабат аға, жақында халықаралық «Түркі әлеміне қызмет сыйлығымен» марапат­тал­дыңыз. Құтты болсын!  Жалпы бұл сыйлық түркі тілдес халықтардың әдебиеті мен мәдениетіне, өзара байланыстарды, бірлік пен ынтымақты нығайтуға елеулі еңбек сіңірген тұлғаларға бұйыратыны белгілі. Көзіқарақты қауым біледі, сіз түркі дүниесі, түркітілдес халықтардың тағдыр-талайы, мәдениеті мен әдебиеті жөнінде бұрыннан-ақ айтып, жазып келесіз.
16 маусым 2016
Толғанай Үмбетәлиева, Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты: Билiкте қазiр ақша жоқ ендi үйiп-төгiп уәде берiп, халықты алдай алмайды

Жасыратыны жоқ, соңғы кездерi халықтың көңiлi көп жағдайға алаң. Оған бiрден-бiр себеп, елiмiзде ретсiз, репетсiз жүргiзiле бастаған сан түрлi реформалар. Қоғам неге алай-түлей күй кешiп жатыр? Бұл халықтың қазiргi саяси басқару жүйесiне қарсылығы ма? Әлде саяси-әлеуметтiк сана-сезiмнiң көтерiлгенi ме? “Жас Алаш” осы және басқа сауалдарға жауап iздеу ниетiмен Орталық Азиялық демократияны дамытудың қорының бас директоры, саяси ғылымының кандидаты Толғанай Үмбетәлиеваға жолығып, әңгiмелескен едi.

14 маусым 2016

Маусымның 13-i күнгi дерек бойынша, 7 бейбiт азаматтың, сот шешiмiнсiз ресми орындар террорист деп айдар таққан 18 күдiктiнiң өлiмiмен аяқталған Ақтөбе қырғыны қазақ қоғамына жаңа дiни күрестiң жолын ашқандай. Қай ағыммен күресу керектiгiн президент Н.Назарбаевтың өзi айтып бердi. Бiрден емес, әрине. Ресми билiк терракт деп бағалаған маусымның 5-i күнгi Ақтө­бедегi шабуылдан кейiн үш күн өткiзiп барып халыққа үндеу жасаған президент «шетелден нұсқау алған жалған дiни ағым өкiлдерi» туралы айтты. Бiрақ, жалған дiни ағымның атын атап, түсiн түстемедi. Екi күннен кейiн өткен Қауiпсiздiк кеңесiнде ол “мұны дәстүрлi емес салафизм дiни ағымы жолын ұстанушылар тобының террористiк шабуылы екенiн бiз қазiр бiлiп отырмыз. Республикада дiн ұстану бостандығына кепiлдiк бере отырып, дiннiң атын жамылып елдегi жағдайды ушықтырушылардың барлығына қатаң тойтарыс беремiз” дедi.

31 мамыр 2016
Болат АТАБАЕВ, режиссер: Қылмыстық жүйе құл етер

– Төрт жарым жыл болыпты. Кельн қаласының Театр Академиясында сабақ берiп жүрмiн. Бұл оқу орнының ерекшелiгi – студент ұстазды өзi таңдайды. Оқу жылы басында студенттер бiр ай бойы кез келген ұстаздың сабағына қатысуға құқылы. Тақтада әр ұстаздың аты-жөнi жазылған, атақ-даңқ, еңбегi сiңген-сiңбегенi туралы бiр сөз жоқ. Студент таңдаған ұстазының астына аты-жөнiн жазады. Бiттi. Тiзiмде, кем дегенде, екi студент болуы шарт. Болмаса жұ­мыссыз қаласың!

31 мамыр 2016
Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор: Бәрiн бiр адам шешкен қоғамда ешуақытта шынайы тарих жазылмайды

– Бiздiң халқымыздың сан жағынан қазiр азшылық болып отырғанының ең басты себебi де – осы ашаршылық. Барлық қуғын-сүргiн құрбандары шығынын қоса есеп­тегеннiң өзiнде ол осы ашаршылықтың жарым-жартысына да жетпейдi. Бiрақ, әрине, рухани шығын өте жоғары болды. Қуғын-сүргiнде елiмiздiң көрнектi мемлекет қайраткерлерi, iрi тұлғалар, Әлихан, Ахмет сияқты рухани көсемдер кеттi. Әрине, бұл екi шығынды бiр-бiрiне қарсы қою ойымызда жоқ.

26 мамыр 2016

Қоғамдағы қазіргі ең өзекті мәселенің бірі – мектептің жағдайы. Өйткені аталмыш сала министрлігі тарапынан жүзеге асырылғалы жатқан реформалар бүгінде ел ішінде алуан түрлі пікірлерді туындата түсуде. Осыған орай біз ҚР білім беру ісінің үздігі Ғани Бектайұлымен сұхбаттасқан едік.

19 мамыр 2016
Құнапия ЖАНПЕЙIСҰЛЫ, Ресей қазағы: «Назарбаевтың алдында екi-ақ жол тұр»

“Жер сатылады” деген суыт хабар шыққалы берi “Жас Алашқа” күнiне кемiнде 4-5 адам келедi. Ондаған оқырман өз қарсылығын айтып, қоңырау шалады. Олардың кейбiрiнiң ой-пiкiр, ұсыныс-талабы газет бетiнде жарияланып та жатыр. Ал Құнапия Жанпейiсұлының жөнi бөлек. Өйткенi бұл кiсi – сонау Орынбордың қазағы. Қазақстандағы балаларына әдетте қыстың күндерi келiп қайтатын қарияның биыл сапар мерзiмi өзгерiптi. Себеп – елдi дүрлiктiрген Жер дауы

19 мамыр 2016
Дулат ИСАБЕКОВ, ҚР мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург: Халықтың бұл наразылығы тек қана жерге байланысты емес

– Мұхтар Әуезовтiң “Кеден кеден болды, кедергi неден болды?” деген сөзi бар едi. Сол айтпақшы, жер қоз­ғалса да қозғалмайтын қазақ неге қозғалды? Бәрiне төзген қазақ неге көшеге атып-атып шықты? Оларды үйлерi­нен сүйреп шығарған кiм? Әрине, билiктiң өзi. Бұған дейiн ел бәрiне көндi. Төбесiнен протон құлап жатса да үндемедi, “қойшы, билiкке сенейiк­шi, бiр бiлгендерi бар шығар” дедi.

17 мамыр 2016
Жанұзақ Әкiм: Билiк халықты ақымақ санамауы тиiс

              Негiзi комиссия отырысында “Алаш жолы”, Зәуреш Батталова бар, бәрiмiз келiсiп, күн тәртiбiндегi мәселенi дауыс берумен емес, келiсiм бойынша шешудi ұсындық. Өйткенi қарап отырсақ, комиссия құрамындағы 67 мүшенiң 10-12-сi ғана қоғамдық ұйымдардан екен. Қалғандары билiктiң ресми өкiлдерi, билiктiң айналасындағы адамдар. Фермер-шаруалар. Сондықтан бұл комиссияның жұмысына халық сенбейдi

17 мамыр 2016

Сенбi сайын бас қосып, дөңгелек үстел басына жиналатын Жер реформасы жөнiндегi комиссия мүшелерi – негiзiнен елге белгiлi адамдар. Бiрақ белгiлi адамдар халықтың емес, билiктiң сойылын соғатын бүгiнгiдей заманда комиссияның қай тарапқа қисаятынын болжау аса қиын емес. Өйткенi тiзiмге енген жетпiс бес адамның iшiнде қазақ жерiнiң саудаға түсуiне қасқайып қарсы тұрады-ау деп үмiт артуға болатындары санаулы

6 мамыр 2016
Түзел Тапалов: Жемқорлық жайлаған заманда жердi сатуға да, бөгделерге жалға беруге де болмайды

“Жас Алаш” газетiне жердi сатуға қарсылық танытып, өздерiнiң азаматтық ұстанымдарын ашық бiлдiрiп, келiп-кетiп жатқан оқырмандар легi толастар емес. Солардың бiрi – өз өмiрiн ауыл шаруашылығына арнаған, жердi сату және оны игеру барысындағы қитұрқы амал-айла, iс-әрекеттердi жетiк бiлетiн тәжiрибелi маман Түзел Тапалов редакцияға келiп, өз ойымен бөлiстi. Газет тiлшiсiмен болған екеуара әңгiменi оқырман назарына ұсынамыз.

28 сәуір 2016
Айдос САРЫМ, саясаттанушы: Жұрт шынайы Тәуелсiздiктiң не екенiн ендi түсiнген сияқты
“Жер сатқаның – қай сасқаның?!” тақырыбымен өткен қоғамдық талқылауға шетелде болуына байланысты қатыса алмаған Айдос Сарымға да бiрқатар сауал жолдаған едiк. Белгiлi саясаттанушының тың пiкiрлерi мен тосын топшылау­лары оқырманды бейжай қалдырмайды деп ойлаймыз. – Бiздер дәл бүгiн тарихи маңызы бар заманда ғұмыр кешiп жатырмыз. Дәл осы күнi адамзат мұнай дәуiрiмен қоштаса бастады. Баяғыда мұнай тасымалдаушы елдер
26 сәуір 2016

20 наурызда едел-жедел ұйымдастырылған мәжiлiс сайлауы алдында бұрынғы үкiмет басшысы Әкежан Қажыгелдиннiң елi­мiздi модернизациялау жөнiндегi бағдарламасы “DAT” басылымына жарияланған едi. Осыған орай редакцияға оқырмандардан хат-хабар көптеп түскендiктен, таяуда Германияда тұратын журналист В.Волков бағдарлама авторымен кездесiп, әңгi­мелесiптi. Сол сұхбатта Әкежан Қажыгелдин былай дейдi: “Менiң ұсынысымның негiзгi түйiнi, екi мiндеттi шешу арқылы: экономиканы

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»