1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
15 қазан 2015

Қазақстанның басты жаһандық жобасы – ЭКСПО-2017 көрмесi күн санап жақындап келедi. Әрине, ауқымды жоба елiмiздегi бiраз қызметтiк салаларды сын тезiне салатын түрi бар. Бұл орайда жолаушылар тасымалы да қарап отырған жоқ. Темiр жол торабы бүгiнде әлемнiң әр түкпiрiнен келетiн туристер ағынына қызмет көрсетуге тыңғылықты дайын. Жалпы алғанда, темiр жол саласы жолаушылар көлемiнiң /әуе және автокөлiк тасымалын қоса алғанда/ 50 пайыздық мөлшерiн тасымалдап отыр.

15 қазан 2015
Кәрiм Жұмағалиев: Бал арасы жалқауларды жақтырмайды
Кәрiм Жұмағалиевтi “Жас Алаштың” оқырмандары заңгер ретiнде таниды. Билiктегi “батыраштар” мен “қотыраштар” дәл бүгiнгiдей “Жас Алашқа” шүйлiккенде бiлiктi заңгер Кәрiм Жұмағалиев талай мәрте қауiптiң бетiн қайтарған. Әлi де ақылын айтып тұрады. Сексеннiң бесеуiне келген Кәрiм аға қазiр зейнет демалыста. Кейбiреулер секiлдi қартайдым, қажыдым деп масыл болып отырған жоқ, әлi тың. Омарташылықпен айналысып, кiтап жазып, қоғамға пайдасын тигiзiп жүр.
13 қазан 2015
«Қазпоштаның» Батыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры Қайрат БЕКЕНОВ: Қызметкерлердi ынталандыра бiлу керек

Мамандығы жағынан физик-математик әрi заңгер, экономист Қайрат Балапанұлы Бекеновтiң «Қазпоштаның» Батыс Қазақстандағы филиалын басқарып отырғанына бар болғаны төрт айдан асыпты. Әйтсе де оны байланыс саласының ардагерi десе де жарасады. «Қазпоштадағы» еңбек жолын 2004 жылы Көкшетаудан бастаған. Кейiн Астанада орталық аппаратқа шақырылып, содан соң Қызыл­ордада үш жыл еңбек етiптi. Өзiнiң айтуынша, жайдан-жай емес “проблема болған” соң.

6 қазан 2015
1456-ны 1465-ке өзгерткенде не ұттық?
Қазақ хандығы-550
Қазақ хандығының тойы – қазақ мемлекет­тiлiгiнiң тойы. Хан – мемлекет басшысы болса, хандық – мемлекеттiлiк. Әйгiлi Ататүрiк: “Мен үшiн ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзi – ұлтымның кеудесi. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесiн ешкiмге бастырмау үшiн барымды саламын!” десе, ұлттың кеудесiн ешкiмге бастырмайтын да, ұлттың мерейi мен мәртебесiн көтеретiн де – ең әуелi мемлекеттiлiк. Мемле­кет­тi­лiктiң тағдыры, әрине, мемлекет басшысына да байланысты. Әсiресе, Шығыс елдерiнде, Шығыс халықтарында.
17 қыркүйек 2015
“Қазақстан фермерлер” одағының жетекшiсi Әуезхан Даринов “Жас Алаш” тiлшiсiне берген сұхбатында (2005 ж, наурыз) ауыл шаруашылығымен айналысатын құрылымдар өз саяси партиясын құрмақ ниетi бар екенiн айтқан едi. Парламентте iрi холдингтер мен компаниялардың сөзiн сөйлейтiндер болғанымен, орташа деңгейдегi шаруалардың жоғын түгендейтiндер жоқ. Партия сол мiндеттi атқаруы керек деген-дi. Жаңа партия құру бастамасы не болды, ол партия қашан дүниеге келедi? Оқырмандардың осындай сауалдарын Ә.Дариновпен кездескенiмiзде алдымен ортаға салдық.
17 қыркүйек 2015
Өткен нөмiрде “Д.Назарбаеваның вице-премьер қызметiне тағайындалуының астарында не жатыр?”, “президент Н.Назарбаев үлкен қызына билiктi тастауы мүмкiн бе?” деген мәселенi көтерiп, саясаттанушылар – Досым Сәтбаев пен Айдос Сарымның пiкiрiн назарларыңызға ұсынған едiк. Бүгiн осы тақырыпты ары қарай жалғастырып, тағы бiрнеше сарапшының болжамын бiлдiк.
15 қыркүйек 2015
Қыздың президенттiктен бар ма дәмесi?

Өткен жұмада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аяқ астынан ауыс-түйiс жасап, үлкен қызын вице-премьер қызметiне тағайындауы саяси ортада әжiк-күжiк әңгiме тудырды. Мұның қатардағы тағайындау емес, билiк транзитiне дайындықтың басы екенiн тiсқаққан сарапшының бәрi түсiндi. Осы арқылы Н.Назарбаев өз қызына билiктiң ауысу процесiнде үлкен рөл жүктегенiн айқындап бердi. Бұл тағайындаудың астарында тағы не жатыр?

10 қыркүйек 2015
Қауқарсыз үкiметтiң халыққа керегi жоқ!

Азаматтық белсендiлер – Қанат Ибрагимов пен Серiкжан Мәмбетәлиннiң бастамасымен премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтi отставкаға кетiру жөнiндегi петицияға қол жиналып жатқанын өткен нөмiрде хабарлаған едiк. Елдiң экономикалық-әлеуметтiк саясатын құрдымға жiберiп, халықты ауыр ахуалға әкеп тiреген үкiмет жетекшiсiнiң қызметтен кетуiн қолдаушылар саны күн санап өсуде.

3 қыркүйек 2015
Қабдеш ЖҰМАДIЛОВ, Қазақстанның халық жазушысы: Қазақ халқы Шыңғыс хан әулетiне қарыздар

Биыл бiздiң Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын атап өтуiмiз – өте қажеттi шаруа деп бiле­мiн. Бұл қазiр бiз үшiн өте өзектi, өте зәру мәселе болып отыр. Себебi бұған дейiн, тiптi осының алдында ғана қазақ тарихы туралы неше алуан алыпқашты әңгiмелер болды. Биiк мiнберлерден: “Бiзде хандық болған жоқ, мемлекет бол­ған жоқ, шекара да болған жоқ” деген ұшқары пiкiрлер айтылды. Оны өзiмiз ғана айтып қоймай

27 тамыз 2015
Салиха Қожақова, Қазақстанның еңбек сiңiрген артисi:  Ауырып тұрған сәтiмде сахнаға шықсам, жазылып кетемiн

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сiңiрген артисi Салиха Қожақова – 57 жылдан берi үзiлiссiз сахнада еңбек етiп келе жатқан еңбекқор да iзденiмпаз актриса. Ұлттық және әлемдiк драматургия бойынша драма, комедия, трагедияларда елуден аса рөлдер ойнады (М.Әуезовтiң “Қарақыпшақ Қобыландысында – Қарлығаш, “Айман-Шолпанда” – Шолпан, Гогольдiң “Үйленуiнде” – Дуняша, Д.Исабековтың “Мұрагерлерiнде” – Райхан және т.б.). Ендi сөздi Салиха ханымның өзiне берелiк:

27 тамыз 2015
«Сын айтылды, кем-кетiгiмiздi түзеймiз»
«Қала маңындағы тасымал» акционерлiк қоғамы газет сынына жедел түрде жауап қайтарды
“Жас Алаштың” 4 тамыз күнгi 61-санында “Темiр жолда неге тәртiп жоқ?” деген тақырыппен сын мақала жарияланды. Онда Астана – Павлодар бағытында жүретiн электр пойызының қызметiне қатысты келеңсiз жайлар – екi вагонға бiр ғана жолсерiк қызмет жасағандықтан, халықтың пойызға мiнiп үлгере алмайтындығы, Екiбастұз темiр жол стансасына жолаушылар билетiнiң аз бөлiнетiнi, кей уақыттарда электр пойызының отыруға кеш берiлетiнi сөз болған едi.
27 тамыз 2015
Михаил Саакашвили: Қырымды басып алуды Путин осыдан 10–12 жыл бұрын ойластырып қойған-ды
“Новая газетаның” шолушысы, жазушы Дмитрий Быков осы жақында ғана Грузияның бұрынғы президентi, қазiргi күнi Одессаның (Украина) губернаторы Михаил Саакашвилиден сұхбат алды. Осы сұхбаттан үзiндiнi назарларыңызға ұсындық. Путинмен ешқандай өштiгiм де, қастығым да жоқ. Бәленiң бәрi Путиннiң империялық пиғылынан келiп өрбидi. Оңтүстiк Осетия. Абхазия... Мiне, кезiнде осыларды желеулетiп Ресей өзiнiң армиясын Грузияның шекарасына алып келiп қойды ғой.
27 тамыз 2015
Өмiртай КЕНЖЕҚАРАЕВ: Асаубаевтың ажалына мен кiнәлi емеспiн

Биылғы қаңтардың 20-сы күнi Алматы – Бiшкек тас жолының бойында болған жол апатынан Altyn Group Kazakhstan компания­сы қожайындарының бiрi – кәсiпкер Бауыржан Асау­баев көз жұмды. Сол күнi ақпарат таратқан БАҚ-тың бәрi Алматы облыстық IIД-нiң баспасөз қызметiне сiлтеме жасап, былай деп хабарлаған: “Лексус-570 джипiнiң жүргiзушiсi (Б.Асаубаев мiнген көлiк – ред.) рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетiп, қытайлық кран жүк көлiгiне соғылған.

25 тамыз 2015
Саят Нәдiрбаев: Қаржы полициясы менi Ермегияевқа қарсы түсiнiктеме беруге мәжбүрледi
“ЕХРО-2017” Ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтiң жүргiзушiсi болған Саят Нәдiрбаевтың бас прокурор Асхат Дауылбаевтың атына жазған арызы қолымызда тұр. С.Нәдiрбаевтың туыстары өткен аптада “31-арна” арқылы бастарына түскен қиын жағдайды қоғамға жеткiзген. Олардың айтуынша, Қаржы полициясы олардың отбасына қысым жасап, С.Нәдiрбаевты қорқытып-үркiтiп әлдебiр құжатқа қол қойғызып алған.
25 тамыз 2015
Теңгенi құлдыратқан – мұнай бағасы емес, үкiметтiң дәрменсiздiгi
Бiр күннiң iшiнде еркiне жiберiлген теңге ары қарай қалай құбылады? Соңғы бiр жарым жылдың iшiнде екi мәрте девальвацияға ұшыраған теңгенi құнсыздандырудан қалай құтқаруға болады? Бiз бұл сауалдарды сарапшыларға қойып көрген едiк.  Экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов елдi осы ахуалға тiреген – мұнай бағасы емес, экономиканы тиiмсiз басқарған үкiмет деп есептейдi. Ендiгi жерде халық сенiмiнен жұрдай болған Ұлттық банк төрағасы мен үкiмет басшысы отс­тавкаға кетiп, олардың орнын жұмыс iстей алатын азаматтар басуы керек дейдi ол.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»