1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
27 тамыз 2015
«Сын айтылды, кем-кетiгiмiздi түзеймiз»
«Қала маңындағы тасымал» акционерлiк қоғамы газет сынына жедел түрде жауап қайтарды
“Жас Алаштың” 4 тамыз күнгi 61-санында “Темiр жолда неге тәртiп жоқ?” деген тақырыппен сын мақала жарияланды. Онда Астана – Павлодар бағытында жүретiн электр пойызының қызметiне қатысты келеңсiз жайлар – екi вагонға бiр ғана жолсерiк қызмет жасағандықтан, халықтың пойызға мiнiп үлгере алмайтындығы, Екiбастұз темiр жол стансасына жолаушылар билетiнiң аз бөлiнетiнi, кей уақыттарда электр пойызының отыруға кеш берiлетiнi сөз болған едi.
27 тамыз 2015
Михаил Саакашвили: Қырымды басып алуды Путин осыдан 10–12 жыл бұрын ойластырып қойған-ды
“Новая газетаның” шолушысы, жазушы Дмитрий Быков осы жақында ғана Грузияның бұрынғы президентi, қазiргi күнi Одессаның (Украина) губернаторы Михаил Саакашвилиден сұхбат алды. Осы сұхбаттан үзiндiнi назарларыңызға ұсындық. Путинмен ешқандай өштiгiм де, қастығым да жоқ. Бәленiң бәрi Путиннiң империялық пиғылынан келiп өрбидi. Оңтүстiк Осетия. Абхазия... Мiне, кезiнде осыларды желеулетiп Ресей өзiнiң армиясын Грузияның шекарасына алып келiп қойды ғой.
27 тамыз 2015
Өмiртай КЕНЖЕҚАРАЕВ: Асаубаевтың ажалына мен кiнәлi емеспiн

Биылғы қаңтардың 20-сы күнi Алматы – Бiшкек тас жолының бойында болған жол апатынан Altyn Group Kazakhstan компания­сы қожайындарының бiрi – кәсiпкер Бауыржан Асау­баев көз жұмды. Сол күнi ақпарат таратқан БАҚ-тың бәрi Алматы облыстық IIД-нiң баспасөз қызметiне сiлтеме жасап, былай деп хабарлаған: “Лексус-570 джипiнiң жүргiзушiсi (Б.Асаубаев мiнген көлiк – ред.) рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетiп, қытайлық кран жүк көлiгiне соғылған.

25 тамыз 2015
Саят Нәдiрбаев: Қаржы полициясы менi Ермегияевқа қарсы түсiнiктеме беруге мәжбүрледi
“ЕХРО-2017” Ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтiң жүргiзушiсi болған Саят Нәдiрбаевтың бас прокурор Асхат Дауылбаевтың атына жазған арызы қолымызда тұр. С.Нәдiрбаевтың туыстары өткен аптада “31-арна” арқылы бастарына түскен қиын жағдайды қоғамға жеткiзген. Олардың айтуынша, Қаржы полициясы олардың отбасына қысым жасап, С.Нәдiрбаевты қорқытып-үркiтiп әлдебiр құжатқа қол қойғызып алған.
25 тамыз 2015
Бiр күннiң iшiнде еркiне жiберiлген теңге ары қарай қалай құбылады? Соңғы бiр жарым жылдың iшiнде екi мәрте девальвацияға ұшыраған теңгенi құнсыздандырудан қалай құтқаруға болады? Бiз бұл сауалдарды сарапшыларға қойып көрген едiк.  Экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов елдi осы ахуалға тiреген – мұнай бағасы емес, экономиканы тиiмсiз басқарған үкiмет деп есептейдi. Ендiгi жерде халық сенiмiнен жұрдай болған Ұлттық банк төрағасы мен үкiмет басшысы отс­тавкаға кетiп, олардың орнын жұмыс iстей алатын азаматтар басуы керек дейдi ол.
20 тамыз 2015
«Әлияның алдында өтелмес қарыздармын»

Заречный кентiндегi түрмеде жатқан саясаткер Владимир Козловқа қатысты түрлi қысымдар жүрiп жатқаны туралы осыған дейiн газетiмiзде жазылды. ЛА-155/14 түрме әкiмшiлiгiнiң тарапынан оған үстеме тағылған айыптаулар мен карцерге жабу, қатаң ұстау режимiне ауыстыру жағдайлары бекер емесi анық. Өйткенi осы жылы В.Козловқа кесiлген мерзiмнiң жартысы өтелдi. Ал бұл дегенiңiз егер түрмедегi тәртiбi жақсы болса, ол шартты мерзiммен босатылуға тиiс-тi. Алайда

11 тамыз 2015

Алматы қаласының бұрынғы әкiмi Ахметжан Есiмовтi кетедi екен деген сөздiң шыққанына аз болмаған-ды. Әйтсе де, Есiмов қызметiмен жексенбi күнi қоштасады, ал оның орнына Бауыржан Байбек келедi деп ешкiм күтпеген едi. Алматы қаласының жаңа әкiмiне қатысты пiкiрлер әлеуметтiк желiлерде қызу талқыланғаны сондай, тiптi кейбiреулер келешегiне қауiппен қарай да бастады. “Су үнемдеу, адам жанын емдеу” мәселелерiн қолға алса, күнiмiз не болмақ дегендер де табылуда. Ал бiзге пiкiр бiлдiрген азаматтар жаңа, әрi жас әкiмге қатысты ойларын төмендегiше түйiндедi.

28 шілде 2015
Туабiттi дерттiң дауасы
ШАҚАЛАҚТАРҒА ОТА ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ОЛАРДЫҢ ӨМIРIН САҚТАП ҚАЛҒАН ДӘРIГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС КӨП
Былтыр өңешi бiтеу туған тоғыз нәрестеге осы ауруханада ота жасалып, тоғызы да туабiттi сырқатынан айығып, сауығыпты. “Бұдан бiрнеше жыл бұрын да дәл осындай диагнозбен туған шақалақтарға ота жасалатын, бiрақ сырқатқа шалдыққандардың көбi отадан кейiн шетiнеп кететiн” дейдi №1 Алматы қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрiгерi Абай Құсайынов
28 шілде 2015
Президент – жарнама үшiн таптырмас тұлға

Жас Алашта” жарияланған Жасан Зекейұлына қатысты материалдарды оқи отырып, өзiм бiлетiн бiр ыңғайсыз жайтпен бөлiсудi жөн санадым”, – деген Iлесбек Өтегенов алдымызға бiр суреттi тастады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ортаға алып, “Жасай” медицина орталығының қызметкерлерi бiрге түскен фото екен.

7 шілде 2015
Алаңда атылған оқ талай жастың тағдырын талқан еттi
Жаңаөзен оқиғасынан кейiн “жаппай тәртiпсiздiкке қатысты” деген айыппен “37-нiң” сотына тартылып, үш жыл шартты түрде жазаға кесiлген Жiгер Аманжолов және оқиға кезiнде оқ тиген Руслан Кенжебеков өткен аптада Алматыға ем қабылдауға келген. Екi жiгiттiң емiн Жаңаөзен қаласы әкiмшiлiгi мен “Өзенмұнайгаз” компаниясы көтерiп алған. Десек те Ж.Аманжолов та, Р.Кенжебеков те әлi күнге дейiн жұмыс таба алмай жүргендерiн айтып, осы мәселе үкiметтiң құлағына жетсе екен дейдi.
7 шілде 2015

Деректi фильмде президент: “Саясаттанушылар түсiнген шығар, мен өзiм алғаш рет бiзде ұлттың қалыптасқанын сездiм. Қандай дiнге, этносқа жататынына қарамастан халық бiр адамға дауыс бердi. Бәрi тең болды. Бiз осы саясатты жалғастыруға тиiспiз. Осының бәрi, қазақ та, украин, орыс та түсiнуi шарт: бiз осындай бiрлiктiң арқасында ғана бiртектi ұлт бола аламыз. Қазақша айтқанда, бiз ұлт бола бастағанымызды осы сайлауда көрсеттiк.

2 шілде 2015
Президенттiң ең үлкен қателiгi
ЖАҢАӨЗЕНДЕГI ШЕРУШIЛЕРДI АТУ, ЕЛДI ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУ, ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛАУЫ, ОТБАСЫНЫҢ БИЛIККЕ АРАЛАСУЫ, ДАҢҒАЗАЛЫҚ...
Келер аптада Қазақстан президентi Н.Назарбаев 75 жасқа толады. Астана күнiне орайластырған мерейтой қарсаңында мемлекет басшысының осы күнге дейiн елге жасаған жақсылығы неде, бiтiре алмаған iстерi нешiк, басты жетiстiгi мен кемшiлiгi қандай деген сұрақтарды саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының кандидаты, Орталықазиялық демократияны дамыту қорының бас директоры Толғанай Үмбетәлиеваға қойған едiк.
30 маусым 2015
«Шамамен 50 миллиард теңге қысқартылды»

Республикада халқының саны ең көп облыс әрi елдiмекендерi тығыз орналасқан Оңтүстiк Қазақстан облысының бюджетi биыл былтырғымен салыстыр­ғанда 6 миллиард теңгеге кемiдi. Соңғы жылдары тек өсiммен, жылдан-жылға ұлғаюмен келе жатқан қазына қаржысының азаюы қаржы дағдарысымен қаншалықты байланысты, бұл әлеуметтiк салаға қаншалықты әсер етедi? Бiз осы жөнiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Ербол Садырмен сұхбаттасқан едiк. 

25 маусым 2015
«Мұғалiм – мемлекеттiң құлы емес»
Газетiмiздiң осы жылғы 44 нөмiрiнде “Мұғалiм – мемлекеттiң құлы емес” деген тақырыппен материал жарияланған едi. Осы мақалада көтерiлген мәселелер негiзiнде Бiлiм және ғылым министрiне арнайы үндеу дайындалып, Фейсбук желiсiнде қол жинау науқаны да жүрiп жатыр. Мақалада айтылған мәселелерге байланысты редакциямызға хабарласып, пiкiр бiлдiрiп, ұсыныс айтқан оқырман көп. Солардың бiразын назарларыңызға ұсынуды жөн санадық. Мақалада айтылған мәселеге қатысты сiз не дейсiз, қадiрлi оқырман? Пiкiр бiлдiрiп, хат жазыңыз, хабарласыңыз.
4 маусым 2015
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КӨТЕРIЛУГЕ ТИIС МӘСЕЛЕ
Мұғалiмдердiң құқығы сақталуға, қорғалуға тиiс. Мұғалiм – мемлекеттiң қолбаласы емес. Осындай талаптармен таяуда елiмiздегi мұғалiмдердiң бiрi Айман Сағидуллаева бастама көтердi. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық мектебiнiң мұғалiмi Айманмен болған едел-жедел сұхбатымыздың барысында қазiргi қазақстандық мұғалiмдердiң шарасыз күйi, бұдан арылудың жолдары кеңiнен сөз болды. Расын айтқанда “неге бұлай?” деген сұ­рақ талайдан берi
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»