1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (16227)   23 мамыр, сейсенбі 2017
2 шілде 2015
Президенттiң ең үлкен қателiгi
ЖАҢАӨЗЕНДЕГI ШЕРУШIЛЕРДI АТУ, ЕЛДI ТАЛАН-ТАРАЖҒА САЛУ, ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛАУЫ, ОТБАСЫНЫҢ БИЛIККЕ АРАЛАСУЫ, ДАҢҒАЗАЛЫҚ...
Келер аптада Қазақстан президентi Н.Назарбаев 75 жасқа толады. Астана күнiне орайластырған мерейтой қарсаңында мемлекет басшысының осы күнге дейiн елге жасаған жақсылығы неде, бiтiре алмаған iстерi нешiк, басты жетiстiгi мен кемшiлiгi қандай деген сұрақтарды саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының кандидаты, Орталықазиялық демократияны дамыту қорының бас директоры Толғанай Үмбетәлиеваға қойған едiк.
30 маусым 2015
«Шамамен 50 миллиард теңге қысқартылды»

Республикада халқының саны ең көп облыс әрi елдiмекендерi тығыз орналасқан Оңтүстiк Қазақстан облысының бюджетi биыл былтырғымен салыстыр­ғанда 6 миллиард теңгеге кемiдi. Соңғы жылдары тек өсiммен, жылдан-жылға ұлғаюмен келе жатқан қазына қаржысының азаюы қаржы дағдарысымен қаншалықты байланысты, бұл әлеуметтiк салаға қаншалықты әсер етедi? Бiз осы жөнiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Ербол Садырмен сұхбаттасқан едiк. 

25 маусым 2015
«Мұғалiм – мемлекеттiң құлы емес»
Газетiмiздiң осы жылғы 44 нөмiрiнде “Мұғалiм – мемлекеттiң құлы емес” деген тақырыппен материал жарияланған едi. Осы мақалада көтерiлген мәселелер негiзiнде Бiлiм және ғылым министрiне арнайы үндеу дайындалып, Фейсбук желiсiнде қол жинау науқаны да жүрiп жатыр. Мақалада айтылған мәселелерге байланысты редакциямызға хабарласып, пiкiр бiлдiрiп, ұсыныс айтқан оқырман көп. Солардың бiразын назарларыңызға ұсынуды жөн санадық. Мақалада айтылған мәселеге қатысты сiз не дейсiз, қадiрлi оқырман? Пiкiр бiлдiрiп, хат жазыңыз, хабарласыңыз.
4 маусым 2015
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КӨТЕРIЛУГЕ ТИIС МӘСЕЛЕ
Мұғалiмдердiң құқығы сақталуға, қорғалуға тиiс. Мұғалiм – мемлекеттiң қолбаласы емес. Осындай талаптармен таяуда елiмiздегi мұғалiмдердiң бiрi Айман Сағидуллаева бастама көтердi. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық мектебiнiң мұғалiмi Айманмен болған едел-жедел сұхбатымыздың барысында қазiргi қазақстандық мұғалiмдердiң шарасыз күйi, бұдан арылудың жолдары кеңiнен сөз болды. Расын айтқанда “неге бұлай?” деген сұ­рақ талайдан берi
28 мамыр 2015
Ұлттық банктi көшiру қымбатқа түседi
Жақында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов қаржы саласына қатысты маңызды шешiмдер қабылданғанын мәлiмдеп, оларды тiзiп шықты. Бұлардың алғаш­қысы – Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасын Астанаға көшiру және Астананы халықаралық қаржы орталығына айналдыру. Екiншi бастама – 12-36 ай iшiнде теңгенiң құбылмалы бағамына өту. Және ең соңғысы – зейнетақы активтерiнiң белгiлi бiр бөлiгiн басқаруды жекеменшiк компанияларға тапсыру. Бiз бұл бастамалардың дұрыс-бұрыстығы мен нарыққа қалай әсер ететiнiн Қаржылық тұтынушылар одағының жетекшiсi Айдар ӘЛIБАЕВтан сұрап көрген едiк.
26 мамыр 2015
«Бiз орыстың рухани асырауында отырмыз»

– Иә, бiздiң рухани өнiм­дердiң пираттары күн санап көбейiп келедi. Менiң “Қа­зақ әлемi” дейтiн 600 беттiк кiта­бымды бiр әрiпiн қалдырмай тұтас көшiрiп алып, өз атынан шығарып жiбер­ген адамды да көрдiк. Ол жөнiнде “Егемен Қа­зақстан­ға” фельетон шықты. Мұны мен тоналғаннан соң айтып отырғаным жоқ. Бiз­дiң шығармашылық адамдар туралы не заң жоқ, не мемле­кеттiк деңгейде қор­ғау жоқ, не оның еңбегiн елеп-ес­керiп, қаламақысын төлейтiн тетiк жоқ.  Баспагерлер бiзге ойына не келсе, соны iстей алады. Қандай зорлық жасаса да қолында тұр. Ендi бұл сұмдық қой, айдың-күннiң аманында 600 беттiк үш жыл жазған еңбегiңдi алдына үш бет, артына жетi бет қосады да, бiреу өз атынан шығарып жiбередi. Оған әй дейтiн ажа, қой дейтiн қожа жоқ. Ол өз алдына бiр зар ғой.

21 мамыр 2015

– Жылжымайтын мүлiк саласында анау айтқандай белсен­дiлiк жоқ. Қазiр нарықтың бұл саласы белгiлi бiр деңгейде инвестициялық тартымдылығын жойды. Тек iшiнара мемлекеттiк бағдарламалар ғана жұмыс iстеп жатыр. Оның өзiнде бұл жобалар халықтың 10-12 пайызын ғана қамтып отыр. Өткен жылдан бас­тап, күнi бүгiнге дейiн бұл салада белсендiлiк байқалмайды.

19 мамыр 2015
«НАЗАРБАЕВТАН КЕЙIНГI ҚАЗАҚСТАНМЕН» ЕЛДI ҚОРҚЫТУ ТАҒЫ БАСТАЛДЫ
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси кеңесшiсi болған Ермұхамед Ертiсбаев есiңiзде ме? Ол қазiр Грузияда елшi. Қазiргi жұмысы бас ауыртып, бел талдыратындай емес. Содан да ма, әйтеуiр, “қазiр оның iшi пысып-ақ жүр” дейдi бiлетiндер. Сарайдағы орнын сағынған. Грузиннiң тiл үйiрер қанқызыл шарабы мен кәуабы да жалықтырған. Ол әлдекiмдер арқылы президентке қолқа да салыпты. “Менi елге қайтарыңыз” деп. Президент ләм-мим демептi. Ертiсбаевтың “кеңесi” бiр керек болса, сайлаудың алдында керек болар едi. Ал ендi көпiрден өтiп алған соң кеңесшiнiң қажетi қанша? Құдайшылығын айтайықшы, Ертiсбаев елде жүргенде саясат қызық сияқты көрiнетiн. Анығында, Ертiсбаевтың айтқандары. “Ойпырым-ай” дейсiң, күлесiң, күлесiң де қоясың. Бiр сөзбен айтқанда, көңiлдi едi. Ертiсбаев кеткелi Қазақстанның саяси кеңiстiгiн сұп-сұр бұлт басып тұратын болды.
13 мамыр 2015
Арун Моханти: АҚШ Қазақстанда төңкерiс жасауға барын салады

“Қазақстан – посткеңестiк кеңiстiк­тегi тұрақтылықтың жұмағы саналады. Сiздердiң мемлекет – интегратор, бұл америкалықтарға әсте ұнамайды. Және АҚШ Қазақстанда Қырғызстан мен Украи­надағыдай “түрлi-түстi төңкерiс” жасауға барын салады. Сiздердiң мемлекет – көпұлтты әрi елде көпдiндi орта қалыптасқан. Тұрғындардың бестен бiрi – орыстар. Сыртқы күштер орыс халқын немесе басқа ұлтты айдап салуы мүмкiн. Бiрақ

7 мамыр 2015

Судья Андеас Бем прокуратураның деректерiнен шикiлiк тапқан соң, басты айыпталушылар – Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошлякқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертiп, оларды босатқанын жазған едiк. Өткен нөмiрде осыған қатысты “Лански, Ганцгер және серiктестер” адвокаттық кеңсесiнiң қызмет­керi, жәбiрленушiлердiң қорғаушысы Анна Цайтлингердiң сұх­батын бердiк. Бүгiнгi нөмiрде осы мәселеге қатысты сотқа жәбiрленушi әрi куәгер ретiнде қатысқан Армангүл Қапашеваның (Жолдас Темiрәлиевтiң жесiрi) пiкiрiн ұсынып отырмыз.

5 мамыр 2015
«Қызбалыққа салынған судья айыпталушыларды босатып жiбердi»
Венада “Нұрбанк” iсi бойынша өтiп жатқан сотта ешкiм күтпеген бетбұрыс болып, қамаудағы Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляк сот залында босатылды. Босатыл­ғанда, әрине, олар ақталып, iс жабылып, бiржолата еркiндiкке шыққан жоқ. Iстен шикiлiк тапқан судья қалған деректерге де күмән келтiретiнiн алға тартып, айыпталушыларға қолданылған бұлтартпау шарасын өзгерту жөнiнде шешiм қабылдапты.
5 мамыр 2015
Ұлтшылдар партиясы және ұлттық идеология
РЕЖИССЕР ЕРКIН РАҚЫШЕВПЕН СҰХБАТ
– Бiзде әртүрлi бағыт-бағдарды ұстанған партиялар бар. Бiрақ бұлардың ұстанымы әр түрлi көрiн­генiмен, сайып келгенде олар билiктiң айтқанына көнiп, айдауынан шықпайтын мүдделес партиялар. Бiрен-саран оппозициялық бағыт ұстаған партиялардың өзiн де, халық “билiктiң проектiсi” деп сенбейдi. Сондықтан ұлт жана­шыр­лары мен ұлтшыл азаматтар бiрiгiп, қарапайым халықтың мүд­десiн қорғайтын партия ашуға ниет етiп жүр. Бұл партия – өз туған жерiнде қайыршының күнiн кешкен тұрмысы төмен жандардың, кең байтақ жерiмiзден баспана салуға жер ала алмай, үйсiз, күйсiз жүрген бауырларымыздың партиясы болады.
5 мамыр 2015
Юрий Швец, КСРО-ның бұрынғы барлаушысы: Путин – өте қорқақ адам
Юрий Швец – Украинаның тумасы, Кеңес одағының бұрынғы барлаушысы әрi Федералдық қауiпсiздiк қызметкерi Александр Литвиненконың жұмбақ өлiмiне қатысты Лондонда өтiп жатқан сот тыңдауындағы басты куәгерлердiң бiрi. Қазiр ол АҚШ-та тұрады. Ресей президентi В.Путинмен МҚК институтында бiрге оқыған. Украинаның “Гордон” сайтына сұхбат берген Ю.Швец Путиннiң ресми өмiрбая­нын­да айтылмаған кейбiр жайттарды жария етiптi. Ықшамдап жариялауды жөн деп таптық.
30 сәуір 2015
Келесi президент кiм болады?

Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры, саясаттанушы Тол­ғанай ҮМБЕТӘЛИЕВА қоғамдағы көп про­цестердiң негiзгi себебiн президенттiң шынайы рейтингiсiнiң төмендiгiнен тарқатады. Сайлауға дауыс берушi­лердiң 95 пайызы қатысты деген көрсеткiштiң сыры да осында.

28 сәуір 2015
Берiсi – бес, арысы он жылды ойласақ

Президент Н.Назарбаев бесiншi мерзiмге сайланған сайлаудан кейiн елдi қандай өзгерiстер күтiп тұр? Жұрттың назары осы мәселеге ауғаны сөзсiз. Қазақстан ары қарай да сайлаудан сайлауға дейiн өмiр сүре ме, әлде өзгерiстерге бастайтын реформалар жасала ма? Ең бастысы, бесiншi мерзiмiне кiрiсетiн Н.Назарбаев билiктiң транзитi процесiн қолға ала ма? Бiз бұл сұрақтарды саясаттанушы, Тәуекелдердi бағалау тобының жетекшiсi Досым СӘТБАЕВқа қойып көрдiк.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»