1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (16237)   27 маусым, сейсенбі 2017
5 мамыр 2015
Юрий Швец, КСРО-ның бұрынғы барлаушысы: Путин – өте қорқақ адам
Юрий Швец – Украинаның тумасы, Кеңес одағының бұрынғы барлаушысы әрi Федералдық қауiпсiздiк қызметкерi Александр Литвиненконың жұмбақ өлiмiне қатысты Лондонда өтiп жатқан сот тыңдауындағы басты куәгерлердiң бiрi. Қазiр ол АҚШ-та тұрады. Ресей президентi В.Путинмен МҚК институтында бiрге оқыған. Украинаның “Гордон” сайтына сұхбат берген Ю.Швец Путиннiң ресми өмiрбая­нын­да айтылмаған кейбiр жайттарды жария етiптi. Ықшамдап жариялауды жөн деп таптық.
30 сәуір 2015
Келесi президент кiм болады?

Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры, саясаттанушы Тол­ғанай ҮМБЕТӘЛИЕВА қоғамдағы көп про­цестердiң негiзгi себебiн президенттiң шынайы рейтингiсiнiң төмендiгiнен тарқатады. Сайлауға дауыс берушi­лердiң 95 пайызы қатысты деген көрсеткiштiң сыры да осында.

28 сәуір 2015
Берiсi – бес, арысы он жылды ойласақ

Президент Н.Назарбаев бесiншi мерзiмге сайланған сайлаудан кейiн елдi қандай өзгерiстер күтiп тұр? Жұрттың назары осы мәселеге ауғаны сөзсiз. Қазақстан ары қарай да сайлаудан сайлауға дейiн өмiр сүре ме, әлде өзгерiстерге бастайтын реформалар жасала ма? Ең бастысы, бесiншi мерзiмiне кiрiсетiн Н.Назарбаев билiктiң транзитi процесiн қолға ала ма? Бiз бұл сұрақтарды саясаттанушы, Тәуекелдердi бағалау тобының жетекшiсi Досым СӘТБАЕВқа қойып көрдiк.

28 сәуір 2015
Бұл сайлауда қалың қауымға кеңiнен танымал тұлғалар дауыс бердi ме, қай үмiт­кердi қолдады екен деген сауалға жауап iздедiк. Жалпы, бұл сайлауды сайлау деп есепте­мей­мiн. Бiрiншiден, сайлаудың Конституциялық уақыты бұзылды. Саяси науқанның кезектен тыс мерзiмi билiк тарапынан жарияланды. Ең алдымен, Конституцияның заңдылығын қорғау керек едi бiзге. Өкiнiшке қарай, ол құқығымыз бұзылды. Ал президенттiкке үмiткерлер қазiргi елдегi жағдайды сөз етердей, маңызды мәселе көтерердей адамдар болмады
16 сәуір 2015

Сайлау науқаны бiраз жұрттың делебесiн қоздыртқан секiлдi. Әсiресе жағыну мен көрiнiп қалуға бейiмiрек жандардың жанталасы үдей түскен. Бәйгесiн шаппай алатынын бiлсе де, шашбауын көтермелеушiлердiң тобыры сейiлер емес. Олардың қатарында кiмдер жоқ дейсiң?! Биiк астаудан жем жеп үйренiп қалғандар да, одан қағылып шетқақпай болғандар да бiр кiсiнiң айналасында қараң-құраңды көбейтiп үймелеп жүр.

14 сәуір 2015
Өзектегi өксiк
(Оқырмандарыммен сұхбатым)
“Өкiнiшi көп Дүние-ай...” деген мақалам (“Жас Алаш” 13 наурыз, 2015 жыл) жарық көргелi интернет арқылы да, телефон соғып та, хат жазып та жай-жағдайымды сұрап, хабарласып жатқан қазағымның тiлеулестерiнiң шынайы көңiлiнiң жылуы мен шуағына бөленудемiн. Емiренген жүректердiң өзiме деген елжiре­уiк лүпiлiн сезiнуiм сондай, тебiренген жаныммен кейде мынау айдай әлемге сыймай кетердей лепiре желпiнемiн. 
7 сәуір 2015
Хайролла Ғабжалилов КТК арнасына өкпелi

КТК арнасындағы жексен­бiлiк “Портрет недели” бағдарламасында көрсетiлген сюжет­тердiң бiрi Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ортақ валюта тақырыбына арналды. Бағдарлама жүргiзушi Ярослав Красиенко ә дегеннен-ақ “Ор­тақ валюта ертең пайда болады деу – қателiк. Десек те бұл жоғарғы деңгейде талқылана бастады” деп бастайды. Осы жерде Беларусь президентi Александр Лукашенконың тiл­шiлерге берген түсiнiкте­месiн қосты. “Астанада үшеу­мiз бұл сұрақты талқылағанда Путин бәрiбiр ортақ валюта мәсе­лесiмен бетпе-бет келе­мiз дедi.

7 сәуір 2015
Путиннiң не ойлағаны бар?

Ресей президентi Владимир Путин неге ортақ валюта енгiзуге тым асығып отыр? Мұның астарында не жатыр? Әрi мұндай жағдайда Қазақстан қалай әрекет еткенi дұрыс? Осы сұрақтарға қатысты Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек АРЫСТАНБЕКОВ бiзге түсiнiктеме бердi.

31 наурыз 2015
Нұрлан Әбiлов, Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық театрының әртiсi: Актер «сахнампоз» болуы керек

– М.Әуезов атындағы драма театрының сахнасында ойнағалы да сегiз жылдың жүзi болды. “Басты бейне кескiндемедiң” дей­сiз, негiзгi рөлде көрiнбей жүрген жалғыз мен бе екем? Басты рөл де, қосалқы рөл де бұйырмай жүрген санаулы актер бармыз, не үшiн сахнаға сырттан болып шы­ға алмайтынымыздың себе­бiн әлi күнге бiле алмай келемiз. Талабымыз болғанымен, талантымыз кем бе, тырбанғанымызбен тәлейi­мiзге жазылмаған ба, бiлме­дiк.

31 наурыз 2015

14 сәуiр күнi Австрия астанасы Вена қаласында “Нұрбанк” iсi бойынша соттың алғашқы отырысы өтедi. Бұл iстегi басты айыпталушы – Рахат Әлиевтiң қаза болғанына қарамастан, сотқа оның екi сыбайласы – Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляк тартылмақ. Олардың кiнәлi-кiнәсiздiгiне қатысты үкiмдi алқа билер шығарады. Сотта барлығы 70 куәгер сұралады деп күтiлуде. Атышулы «Нұрбанкгейт» соты басталмай тұрып бiз жәбiрленушiлердiң қорғаушысы, “Ланки, Ганцгер және серiктестер” адвокаттық бюросының өкiлi Анна ЦАЙТЛИНГЕРден сұхбат алған едiк. Бiздiң өтiнiшiмiз А.Цайтлингердiң Алматыға сапарымен тұспа-тұс келгендiктен, бетпе-бет жолығып әңгiмелестiк.

19 наурыз 2015
Өкiнiшi көп Дүние-ай!..
(Өзімнің өзіммен сұқбатым)
– Күлкiм көп десем – көлгiрсi­генiм, күрсiнiсiм мол-ау десем – күңiренгенiм боларын сезем бе, екеуiн де ешкiмге көрсете беруге де, айта беруге де құлқым жоқ. Мынау өкiнiшi көп дүниенiң өңешiнен төгiлетiн мол өксiктi естiген сайын күлкiнiң ернi кезеретiнiн кiм де болса ұқса керек. Содан соң-ақ күрсi­нiс­тiң қынжылтқан қақпасынан қалай енiп кеткенiңдi байқамай қалуың түк емес. Қайғысы езген, қатыгездiгi маң­дайдан сүзген бүгiнгi аласапыран тiрлiктiң азасы мен қазасын молайтқан әдiлетсiздiгi өршiген тұста күлкiмен ерiксiз қоштасуға мәжбүр болғандайсың.
19 наурыз 2015
Жанна Немцова: Қастандық үшiн жауапкершiлiк Путиннiң мойнында

Оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың қазасы ең алдымен оның туыс-туғандарына, жақындарына ауыр тигенi түсiнiктi. Ресей оппозициясы көшбасшысынан көз жазып қалса, саясаткердiң туғандары өмiрдегi тiрегiнен айырылды. РБК арнасындағы бағдарламалары арқылы көпшiлiкке танылған Б.Немцовтың үлкен қызы Жанна Немцова әкесiнiң қазасына әлi күнге дейiн сенбейдi. Қасiреттен есiн жия алмаса да тәуелсiз ақпарат құралдарына сұхбат берiп жүрген ол әкесiнiң қазасы үшiн саяси жауапкершiлiктi Ресей президентi Владимир Путинге жүктейдi. Бiз Ж.Немцованың БиБиСи және “Дождь” арналарына берген сұхбаттарын жинақтап, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдiк.

17 наурыз 2015
Рахымжан Отарбай: Түркi халықтарының қаламгерлерiне ортақ сыйлық жарияласам деймiн

– Мына мақтауың буыныма құрт боп түстi-ау. Үш ұмтылып орнымнан тұра алмай қалдым. Тiлдiң бояуы дейсiң бе? Қазақтiкi ғой. Тұнығынан қанып iшкен шығармын. Уызына жарыған ұрпақпыз ғой. Әрi ұстаздарым да мықты едi. Атам-әжем және батырлар жыры. Кiшкентайымнан ойынға жоқ едiм. Үйге қонақ келсе, ата-әжемнiң қасында шошайып отырып алам. Ескiлiктi әңгiмелерiн, көрген-баққандарын, әркiмнiң алуан қылық, мiнезiн көңiлiме тоқимын да отырам. “Апыр-ай, осы бала сөз аңдиды. Мал танымайды. Шаруаға қыры жоқ”, – деп сыртымнан уайым қылатын.

24 ақпан 2015
«Тәуелсiз елде тәумендi тұлғалар болмауы керек»
«ЖАС АЛАШ» АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ АМАНАТТАРЫН ОРЫНДАУ ЖОЛЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДI
 Таяуда Абай.kz ақпараттық порталы “Жас Алаштың” бас редакторы Р.Сәрсенбайұлымен оқырман конференциясын өткiздi. Сұрақтар мен жауаптар газетке, қоғамға қатысты өрбiдi. Кейбiр мәселелердiң өз оқырмандарымызбен кездесулерде, жазған хаттарында да көтерiлгендiгiн ескерiп, ақпараттық порталдағы әңгiменi жария еткендi жөн көрдiк (әрiптестерiмiздiң келiсiмi бойынша).
19 ақпан 2015
Мэлс Елеусiзов,  “Табиғат” экологиялық қозғалысының төрағасы: Әрқашанда дайынмын!
“Президент сайлауы биыл мерзiмiнен бұрын өтедi” деген әңгiме шыққаны сол-ақ екен, Мэлс Елеусiзов сайлауға түсе­тiнiн мәлiмдеп үлгердi.     Елеу­сiз­овтiң өзiнен мәселенiң анық-қанығын сұрап, “үмiткердiң” блиц-сұхбатын қаз-қалпында жариялауды жөн көрдiк.
– Сайлауға тағы түсесiз бе?
– Түсемiз! Мұның бәрi бастан өткен зат қой.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»