1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
7 қазан 2014
Қасым Аманжолұлы: Журналистер әлсiз, қарсыласуға дәрменсiз

1 және 2 қазанға жоспарланған журналист Қасым Аманжолұлының “Майдан: қазақ журналисiнiң көзiмен” атты деректi репортаждық фильмi “Таң” арнасының эфирiне шықпай қалды. Украинаның ұрыс жүрiп жатқан оңтүстiк-шығыс аймағы мен Қырым­ға барып, оқиғаны өз көзiмен көрiп қайтқан алғашқы қазақстандық журналистiң еңбегi нелiктен еш болды? Көрерменге жол тартар ақиқатқа кедергi келтiрген кiмдер? Бiз осы сұрақтарды фильмнiң авторы Қасым Аманжол­ұлының өзiне қойып көрдiк

2 қазан 2014
Сатып алу құқымен жалға алу – Баспаналы болуға бастайтын жол

“Қолжетiмдi тұрғын үй – 2020” мемлекеттiк бағдарламасы халықтың барынша көп бөлiгiн тиiмдi шарттар арқылы баспанамен қамтуға бағытталған. Бағдарламаның бiрнеше бағыты бар. “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингi” АҚ-ның еншiлес ұйымы – “Қазақстан Ипотекалық Компаниясы” ИҰ” АҚ (ҚИК) сатып алу құқымен жалға беру бағытына жауапты оператор. Осы бағыт бүгiнде қалай iске асып жатқаны жөнiнде

30 қыркүйек 2014
Ә.Пiрметов, “Астана ЭКСПО-2017” ҰК” АҚ Басқарма төрағасының бiрiншi орынбасары: ЭКСПO – Қазақстанның халықаралық деңгейдегi ең зор жетiстiгi
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “ұлттық жоба” деп атаған “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесiн өткiзу елiмiз үшiн зор жауапкершiлiктi бiлдiретiнi сөзсiз. Сондықтан да, Астананың сол жағалауында орын тебетiн көрме қалашығында Халықаралық көрмелер туы желбiреп, қазiрдiң өзiнде келешек ғаламаттың туындысына құрылысшылар кiрiсiп те кеттi. Осыған орай, ертеңгi ЭКСПО-ның бүгiнгi ахуалы һәм ғасыр құрылысына айналатын кешен жайында “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы” АҚ Басқарма төрағасының бiрiншi орынбасары Ә.Пiрметовпен сұхбаттасқан едiк.
23 қыркүйек 2014
Қасым Аманжол майданнан оралды (видео)

Украинадағы оқиға басталғалы берi қазақстандық телеарналардың бiрде-бiрi ақиқатты бүкпесiз, жан-жақты жеткiзуге тырысқан бейнематериал ұсын­ған жоқ. Украинадағы қақтығысты Ресей телеарналарының көзi­мен көрген қазақстандық көрерменнiң пiкiрi де бұра тарта бастағаны жасырын емес. Осындай ақпараттық экспансиядан көз ашпаған кезеңде жекеменшiк “Таң” телеарнасының журналисi Қасым Аманжолдың Украинаға барып қайтқан

11 қыркүйек 2014
Арманжан Байтасов: Шындықты айту үшiн шайқасуға дайынмын

“Форбс” журналының мәлiме­тiн­ше, медиамагнат Арманжан Байтасов – Қазақстандағы ең бай 50 адамның қатарында. Оның жиған-тергенi – 95 миллион доллар. Iр­гетасын өзi қалаған “31 каналдағы” үлесiн 2008 жылы 65 миллион долларға сатты. Байтасов қазiр “Таң” телекомпаниясының иесi. “31 каналдағы” “Информбюро” жаңалықтарының рейтингi жоғары-тын. Ендi ол “Таң” телеарнасының жаңалықтарын “Информбюроның” деңгейiне жеткiзбек.

9 қыркүйек 2014
«Арменияға да санкция салу керек»
Таулы Қарабақта Әзiрбайжан әскерi мен Армения шекарашыларының арасында тағы да атыс болды. Осы жөнiнде “АзерТАдж” агенттiгi Әзiрбайжан президентi әкiмшiлiгi қоғамдық-саяси бөлiмiнiң меңгерушiсi Али Гасановтан сұхбат алған едi, ендi бiз сол сұхбатты өз оқырмандарымызға ықшамдап ұсынып отырмыз. – Тамыздың ортасында Әзiрбайжан әскерi шекара бойында Арменияның барлау
5 қыркүйек 2014
В.ПУТИННIҢ “ҚАЗАҚТАРДА ЕШҚАШАН МЕМЛЕКЕТТIЛIК БОЛМАҒАН” ДЕ­ГЕНI НЕСI?
Солтүстiктегi көршi ел басшысы В.Путин бүкiлресейлiк жастар форумында Қазақстан мен Н.Назарбаевқа қатысты қазақ жұртын дүрлiк­тiр­ген сөзiн айтты. Мұны кiм, қалай қабылдады? Бiз төмендегi бес сұраққа жауап берудi өтiнiп, танымал азаматтармен хабарластық.
3 қыркүйек 2014
Храпуновтың «сиқырлы таяғы» Швейцарияда «қасиетiнен» айырыла бастағандай
Алматының бұрынғы әкiмi Виктор Храпунов Азаттыққа сұхбат бердi. Ол сұхбатында Швейцариядағы өмiрiн, ұлының бизнесiн, есепшоттарын сөз еттi. “Саяси эмигрантқа” сенсек, ол – “судан таза, сүттен ақ”, ұлы – бизнестегi гений, оның бизнесiне ешқашан көмектеспеген, әйелi Лейла Қалибекқызы да ешқашан бiреудiң ала жiбiн аттамаған.
24 маусым 2014
Соңғы 20 жылда қазақ тележурналистикасында дәстүр жалғастығы шорт үзiлдi
Ардагерлер де жетерлiк, аға буын да, орта буын да, жастар да бар, бiрақ бұлардың арасында ешқандай байланыс жоқ
– “Алаш айнасы” газетiнде тележурналист Есболат Айдаболсын:   “Познердiң жасы 80-ге келiп қалды. Ал бiзде 40 пен 60 аралығындағы тележүргiзушiлердi тауып берiңiзшi. Тiлшiден Тiлеуқабыл Мыңжасарды бiлемiз, тележүргiзушiден Нұртiлеу Иманғалиұлын ғана айтамыз.
19 маусым 2014
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi Журналис­тика факультетi Баспа iсi және дизайн кафедрасының меңгерушiсi Сағатбек Медеубекұлы осылай дейдi.
– Соңғы кезде ақпарат құралдары “бе­зен” , “безеншi” деген атауды жиi ай­та бастады. ..
12 маусым 2014
L,Espresso деп аталатын итальяндық басылымда Мауриция Маджидiң қазақстандық диссидент Мұхтар Әблязов туралы эксклюзивтi мақаласы жарияланды. Онда Әблязов “егер менi экстрадицияласа, қазақ режимi оның өтеуiне Италия билiгiне тиiмдi келiсiмшарттар ұсынбақ болды” дептi.
3 маусым 2014
Бодан болмақ қайтадан
29 мамыр күнi Беларусь, Қазақстан мен Ресейдiң басшылары Еуразиялық одақ жөнiндегi келiсiмшартқа қол қойды. Қыркүйек айында келiсiмшарттың құжаты парламенттiң қарауына ұсынылмақ. Десек те, президент қол қойған келiсiмдi төменгi палата мақұлдамайды деген есек дәме жоқ. Былайғы кезде азу тiсiн батыра алмайтын мәжiлiс президент қолын сүйкей салған келiсiмдi еш дау-дамайсыз, ың-шыңсыз, тiптi өзгертусiз қабылдап жiберетiнi анық. Ел үшiн тарихи маңызы бар шешiм қабылданған тұста азаматтық қоғам, халық неге үнсiз қалды? Еуразиялық одақтың Қазақстанға берер пайдасы мен зияны қандай? Бұл одақтың салдары қандай болуы мүмкiн? Бiз осы сұрақтарды белгiлi саясаттанушылар мен сарапшыларға, қоғам қайраткерлерi және азаматтық белсендiлерге қойып көрдiк.
15 мамыр 2014
Әмiржан Қосанов: Кепiлдiктiң бiр ұшы Мәскеуде жатуы мүмкiн

Ердiң жасы елуге келдiңiз. Әлеуметтiк же­лiлерде сiздi құттықтап, iзгi тiлектерiн жолдаушылардың саны өте көп. Сераға (Серғазы Мұхтарбек) елуге толғанында: “Жұрттың жан-жақтан жабылып құттықтауынан, маған айтқан сөздерiнен кейiн президенттiң қалай жарылып кетпей жүр­генiне таңғалдым. Айналаң жамырап “сен ке­реметсiң, саған тек жақсылық тiлеймiн” деп айта берсе, адам кәдiмгiдей өзгере бастайды екен. Апырай-ә, деп көкiрек кере бастадым”,

6 мамыр 2014
Ешкiм ауруды сұрап алмайды...
ДӘРIГЕРГЕ СЕНIМ ҚАЛМАҒАН БҮГIНГI ЗАМАНДА ЕМ ТАБУ ДА ҚИЫН
Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын емшiге барып, ауруымнан айықтым деген кiсiге жұрт басқаша қарайтын. Тiптi кейбiрi емшiге барудың надандық екенiн айтып, жазғыратын да. Ал қазiр ше? Қазiр керiсiнше. Дәрiгерге барып, емделiп, сауығып кеттiм деген адамға күдiкпен, таңданып қараймыз. Неге? Өйткенi қазақстандық медицина теңеуi жоқ деңгейге түсiп кеттi.
22 сәуір 2014

Қазақстан халықтары ассамблеясының ХХI сессиясында сөз сөйлеген президент Н.Назарбаев елiмiзде ұлттық, тiлдiк, дiни жә­не әлеуметтiк кемсiтушiлiкке жол берiлмей­тiнiн айтты. Францияны мысалға келтiрген ол Қазақстанды да өзге ұлт өкiлдерi басқаруға лайық екенiн мәлiмдедi.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19»