1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (16220)   29 сәуір, сенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
30 наурыз 2017

Екеу жолықты. Жолықты да, адам түсінбес тілмен тілдесе кетті. Бірақ өздері бірін-бірі керемет ұғып тұрған сияқты.
– Ассалаумағалейкүм!
– Уәликімсалам!
– Е, неғып жүрсің?
– Неғып жүргенімде не шаруаң бар? Неғыласың?

30 наурыз 2017

Баға, баға дегенге,
Екі нөлге ұқсаған,
Көздеріңді ақшитып,
Аңшының аш итіндей,
Тістеріңді ақситып,
Шұбар жылан тәрізді

30 наурыз 2017
Сәуір келді дегенше...

СҮЗЕГЕН СӨЗ: – Ассалаумағалейкүм, ардақты ағайын! Шығыстың нұрын алып, жырын алып, отыз күн ойын, қырық күн тойын ұсынып, Ұлы Наурыздан кейін 1 сәуір де келіп жетті. Көктемнің шуағымен нұрланған өңдеріңіз бал-бұл жанып, сәуірден шашу күткен сіздерге әуелгі сөзді «Мерекелеріңіз құтты

7 наурыз 2017

Ауылдан арсалаңдап қалаға келейін. Қалаға қыдырып келген жоқпын, оны-мұны, майда-шүйде керек болып, артынып-тартынып келе жатқанмын ғой. Құдайдың бере салған қуығы қыштап, дәретхана іздейін. Бұрын кеңес заманында аттаған сайын дәретхана болатын, қазір бірі де жоқ, тек мекеме, кафелердің ішінде болмаса... Олар да асылып өлейін деп жатсаң да

7 наурыз 2017

Құйындап келіп түйреп өтті.
Анау болса ұзынынан түсіп,
Ирең етті.
Мынаны
Олай өтіп бара жатып салып қалды.
Онысы
Тап сол жерде талып қалды.

7 наурыз 2017

Түктібай қария шай үстінде әңгімесін төтесінен бастады.
– Талап барады түге! Оқасқа «ақ сызықты бастың» деп 10 АЕК, Сыздықтың баласына «көпірге тоқтадың» деп 15 АЕК салыпты. Ауыл, көлігімен адам тасып нәпақасын айырып отыр еді, оны да құртты. Кеше жер салығы келген.
Кесе ұзатып отырған кемпірі

7 наурыз 2017
Жағмин

Мынау тағы да нені шығарды, Жағмині несі? Балконды – қылтима, киоскіні – дүңгіршек деп аударғандай, бірдемені бықсытайын деді ме деп отырған шығарсыздар? Алаңдамаңыздар, мен аудармашы емеспін. «Қылтима» дегенді кім шығарғанын білмеймін, білгім де келмейді. Ал Жағмин дегенге келсек, ол – жаңадан құрылған министрліктің қысқартылған атауы. Иә, солай! Қысқасы, Жағмин, яғни Жағымпаздану министрлігі

17 қаңтар 2017

–11 миллиард долларыңыз бар екен. I-м-м-м... Мұның бәрi өз ақшаңыз ба?
–Әрине, өз ақшам. Ал сiз кiмдiкi деп ойлап едiңiз?
–Халықтың ақшасы емес пе екен?..
–Есiңiздi жиыңыз! Халық мұндай ақшаны қайдан алады? Әрине, өз ақшам!

***
– Қайынатаңыз қайтыс болды деп естiп едiм. Иманды болсын!
Жүректен кеттi ме?
– Жоқ. Француз коньягiн iшiп отырған. Коньякты тек қара уылдырықпен iшушi
 

17 қаңтар 2017

Сiздерге шынымды айтайын, бiр апта бұрын аспандағы күндi жекешелендiрiп алдым. Алыстан басқарылатын қондырғы жасап шығарғанымды сiздерге қуана-қуана хабарлаймын! Мәселен, күндiзгi уақыттың қай кезi болмасын, пульттi басамын да, күндi өшiрiп тастаймын. Бүкiл әлем тас қараңғыда қалады! Бұл әсiресе, ұрыларға, таңға дейiн қыдыратын жастарға өте тиiмдi болып отыр. Қайтер екен деп, кеше күннiң жарығын үнемдеп,

17 қаңтар 2017
Қытайлардан қорқамын...

“Қытайлар келе жатыр!” дегеннен зәрем қалмады. Өйткенi Астанадағы әлдебiр неке агенттiгiнiң бастығы Татьяна деген ханымның “Қытай жобасына” әйелiм қатты қызыға кеткенi.
– Қытайдың мен деген миллионер 15 жiгiтi елiмiзге қазақ қыздарын айттыруға келедi екен. Мен де барып... – деп тiлi күрмелдi.

17 қаңтар 2017

Ант – қант емес, тәттi–i–i болып ерiп кететiн. Антыңа адал болған жақсы. Бүгiнде ене мен келiн, бiрi – кене, екiншiсi – маса болып жүр. Кене болатыны – келiн енесiн кенедей шағып алады, маса болатыны – енесi масадай ызыңдай бередi, келiнiн жақтырмайды. Сондықтан үйлену тойларында жаңа түскен жас келiн енесiнiң алдында ант бергенi дұрыс. Сонымен, жас келiн әулеттiң ақ орамал туын ұстап тұрған ененiң алдына келiп, оң қолын шекесiне апарып

17 қаңтар 2017

Менiңше, дүниеде қазақ болудан асқан қиын шаруа жоқ! Шын айтам. Сенбесеңiздер, дәлелдеп берейiн! Қазақ қазiр кәдiмгiдей екi топқа бөлiнген. Бiрiншi топта кiлең – “қазақ емес” қазақтар. Осылардың қатарында болсаңыз, рахат ендi! Ұйқыңыз тыныш, жүйкеңiз бабында. Бұларды ұлттық рух, туған тiлдiң тағдыры, ел мен жер, тағы да осыған ұқсас “ұсақ-түйек мәселелер” мазаламайды. Өзiмiз көп айта беретiн “патриоттық сезiм” деген дерттен бұлар бiржола ада. Тiптi керемет, қарап тұрсаң!
Ал екiншi топтағы қазақ болсаңыз, онда бiттiм дей берiңiз! Егер көшеде екi ұрты суалып, шашы мезгiлiнен бұрын ағарған, қолын оңды-солды сермеп, өзiмен-өзi сөйлесiп бара жатқан

22 қараша 2016
Әйелi күйеуiне:
– Бiлесiң бе, екеумiз үй­ленген күнi жел ұйтқып, алай-түлей боран соғып кеткен жоқ па едi?!
– Оны неге есiңе алып отырсың?
– Айналайын табиғаттың өзi ескерткен екен ғой маған... Мен бейбақ дымды да түсiнбеппiн...
22 қараша 2016
Қымызға қызыл кеңiр­дек­тен тойып алған Түйсiк әңгi­менi түйдектете соғып отыр:
– Қазақтың қазiргi халi көкпарға тартқан лақтай. Екеу өрге тартса, төртеу көрге тартады. Айнала жем­­­қорлық. Жер сату. Өтiрiк мақтау!
Төрдегi қара сақал Қаратай ұстаса кеттi.
– Әй, Түйсiк, сен өйтiп өкi­­метке тiл тигiзбе! Шүкiр де Құдайға. Ел тыныш. Жұрт аман. Не бопты? Бiр жағ­дай бола қалса, заң бар. Сұрайды. Тексередi.
– Дұрыс қой. Көке-ау, ел тыныш, жұрт аман екенi рас. Бiрақ сол тыныштық кiмнiң есебiнен болып отыр? Ол үнсiз, көнбiс қа­зақ­тың маңқ етпес мар­ғаулығынан болып отыр. Қазiр қара халық соттасуды қойған. Бай-бағлан, шенеу­нiктен теңдiк ала алмасын бiледi. Бiр күндiк күн көрiс, амандығы болса, сол олжа. “Заң”, “заң” деп зар еңi­рей­сiз. Кәне, сол заң?
Отырғандар шуласа кеттi.
22 қараша 2016
– Мына кезектiң “құйрығы” сiз бе?– деп сұраған қарны қабақтай, екi бетi тесiк табақтай, көздерi бiр сызық, қысқасы, түр-әлпетi қызық-қызық жiгiт ағасы сүттiң кезегiнде тұр­ған қызға қызыға, жұтына, жалана, жан-жағына қарана, көзiн сүзе қарады.
– Ағай, қойдың, немесе қоянның құйрығы дегендей, бiртүрлi сөйлейдi екенсiз... Кезектiң соңы мен!–дедi бойжеткен.
– Әзiлдеп жатқаным ғой, сiзбен таныссам, жақсылап қол алыссам, содан кейiн табыссам, жабыссам...
– Ақын емессiз бе?
– Ақын болмасам да ақындыққа жақын
беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11»