1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" сатиралық беті. Дайындайтын Әмірхан Меңдеке
9 ақпан 2010
Тәуелсiздiк күнi болған төбелес

Тәуелсiздiк күнi жақындаған сайын ауыл әкiмiнiң мазасы кеттi. Жоғарыдан жарлық түсiптi. Мереке күнi әр ауданда, әр ауылда, тiптi әр үйде көпұлттылық пен көп­дiндiлiктi паш ету керек екен. Әкiм ауыл белсендiлерiн түгел шақырып, жиналыс ашты.

– Құрметтi мырзалар! Бiз бақытымызға қарай көпұлтты, көпдiндi елмiз. Өздерiңiз де жақсы бiле­сiздер, менiң әйелiм – христиан, балам – мұсылман, қызым – кришна, өзiм – католикпiн. Бiр үйде төртеумiз төрт кiшкентай мем­лекетпiз, – деп әкiм ризашылық сезiммен күлiп алды. – Яғни, дiн мәселесi бiздiң елде шешiлген. Оны бәрiңiз де бiлесiздер. Тек көпұлттылық мәселесi қиын боп тұр. Сорымыз шығар, ауылда – кiлең қазақпыз. Ендi көпұлттылықты қалай көрсетемiз, қалай насихаттаймыз? Осыны ойланайықшы, ағайын.
Әкiмнiң сөзi рас. Ауылда – түгел топырлаған қазақпыз. Әттең-ай, сонау бiр жылы бiр кәрiс қыз бiр жақтан қанғалақтап келiп Сабанбай деген қойшыға көмекшi бол­ған. Автоләпкi келген күнi Сабекең жындысудың ырқына ерiп, “девiшкi маладой” деп әлгiге қол жүгiртiп жатқан жерiнен әйелi көрiп қалып, ауылдан айдап шыққан. Ал ауылдың пешiн соғатын орыс шал кеңес өкiметiмен бiрге жоғалған-ды. Көпұлттылық бiзге солай құйрығын ұстатпай кетiп едi. Тiптi, бiздiң ауданда қазақтан басқа ұлт жоқ. Сонда жарлықты қалай орындаймыз?
Бәрiмiз ақыл таппай сарсылып отырғанымызда Нұрқоянның (бұ­рын­ғы аты Қоянбай едi) былай дегенi:
– Мен көпұлттылықты жасай аламын!
– Иә, қалай? Қайтiп?
– Әрине, бiз көп ұлтты бiр жақтан көшiрiп алып келе алмаймыз. Оған ақша қайда?! Сондықтан да... Мәселен, аулымыздағы Айтуған қарттың тұқымы – түгел көк көз. Солай ғой? Солай. Бұлар орыстың, немiстiң, татардың, башқұрттың рөлiн ойнап бере алады. Ал Науан шалдың балалары мен немерелерi – түгел қысық көз. Бұлар моңғолдың, қытайдың, кәрiстiң рөлiн ойнайды...
Әкiмнiң жүзi бал-бұл жанып кеттi. Бар түйiн шешiлдi. Мен ағылшын тiлiнiң мұғалiмi болғандықтан көп ұлттың тiлiмен айналысатын болдым. Нұрқоян көшеге билборд жасауды мойнына алды. Екеумiз ауылдың ең ұзын көшесiн “жеке­ше­лендiрiп” алдық. Бiр жүз отыз “ұлтты” қаз-қатар тұрғызып, әскерше қақшиттым. Қызыл ала, қара ала, сары ала, көк ала етiп әрқайсысын әр ұлтша киiндiрдiм. Насихатымды жүргiзiп жатырмын. Насихат болғанда былай ғой: мереке күнi әр “ұлт” өз тiлiнде “Көпұлтты, көпдiндi Қазақстан жасасын!” дегендi айтуы керек.
Осылай бiр ай бойы талай жұртты табанынан таусылттым. “Немiсiме” өзiңдi немiс сезiн, “кәрiсiме” өзiңдi кәрiс сезiн, “шешенiме” өзiңдi шешен сезiн деп, “үйге” қатаң тапсырма бердiм.
Тәуелсiздiк күнiне де жеттiк-ау. Ауылдың ең ұзын көшесiн жағалап келемiз. Нұрқоян билбордты қатырған екен. Немiстi, шешендi, шүршiттi, қалмақты, чукчаны құшақтап сүйiп тұрған қазақ қыздарының портретiн көргенде, әкiмнiң қуанышында шек болмады. Қазақ қыздарының ұлт талғамайтын дәрежеге көтерiлгенiне әкiм қалай мақтанбасын, қалай шаттанбасын?! 
Қойшы, не керек, бәрiн Дәуiтбай бүлдiрдi. Iшiп алған-ау деймiн иттiң баласы. Мен оған “шешен­нiң” рөлiн мықтап тапсыр­ғанмын. Шешен тiлiнде “Көпұлт­ты, көп дiндi Қазақстан жасасын!” деп айғайлауға тиiс болатын. Әкiм тұсына жақындай бергенде әлгiнiң қазақшалап (бәлкiм, мен үйреткен шешеншенi ұмытып қалды ма екен...):
– Шешендер жасасын! Имам Шәмiл жасасын! – деп айқай салмасы бар ма?! Әкiм маған суық қарап:
– Сiз мынаған не үйреткенсiз? – дедi.
– Үйреттiм. Бiр ай бойы үйреттiм. Үйренгiсi келмесе мен қайтемiн?
– Сiз жаман адамсыз! Сiз мұғалiм болып та оңдырып жүрген жоқсыз!
– Мен жоғары категориялы маманмын! Тiлiңдi тарт!
– Тартпаймын! Сен – көпұлт­тылыққа, көпдiндiлiкке қарсысың!
– Мен көкезулiкке қарсымын!
– Сен – халық жауысың!
– Ал сен – қазақтың жауысың! Сен – ауру адамсың! Ауру болмасаң, айдың-күннiң аманында бiр қазақты 130-ға бөлiп, 130 “ұлт” жасар ма едiң?! Қазақ байғұс “шешен” болар-ау, шешен ешуақытта қазақ болмайды! Еврей де, кәрiс те, орыс та, немiс те ешуақытта қазақ болмайды! Еврей – еврей боп, кәрiс – кәрiс боп, орыс – орыс боп қалады. Қазақ та неге қазақ болып қалмайды, а... Не әкелерiңнiң құны бар бұл қазақта...
Бiр бiлетiнiм, сол күнi төбелесiп тарқасыппыз...
 
Төрежан МӘНДIБАЙ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (5)
Мамыр | 9 ақпан 2010 16:22
Қатырып жазған екенсіз, жарама май жаққандай, айызым қанып қалды :)))
аян | 9 ақпан 2010 19:29
осындай арзанқол нәрселерді несіне жазасыңдар??
ҚАЗАҚ | 20 ақпан 2010 10:09
Өте орынды! Қазақ жанжы азаматтар түсінеді. Бірақ, ШАЛАҚАЗАҚТАР түсіну үшін орысша нұсқасынын да жарық көруін өтінемін!
Қанат | 22 ақпан 2010 13:04
Қазақстанды толық қолға алу мақсатында қазір аралас неке, аралас дінді насихаттап жатыр кеп! Қазіргі мәңгүрттерін ертең мәңгүрт болма қалады, қазақты баласы кім көрінгенмен шатсақан соң. Теледидарды көрсең сол аралас некені дәріптеу, аралас отбасыларды мадақтау. Айтпақшы, қазақстанда егер қатының қазақ болса ешқашан қызметте көтеріле алмайсың ғой! Қатының әйтеуір басқа бір ұлттың қатынынан болу керек. Қай бір әкім, қай бір министрді алсаң, егер өзі қазақ болса, қатыны я татар, я орыс. орыс дйемі
Тілеубай | 18 наурыз 2010 17:15
Жақсы жазылған Төрежан мырза! Елдің айызын қандыратын осындай сықақ әңгімелер өте қажет!!! Аян, түсінбесең қазақшаны үйренгенің мақұл. Осы кішкене сықақтың өзі биліктің бүкіл ұлттық саясатының тас-талқанын шығарып тұрған жоқ па?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті