1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Астананың Сарыарқа аудандық соты Қажымқан Мәсiмовтiң құқық қорғаушы Т.Сағымбаевтың үстiнен түсiрген шағымын қараудан бас тартты. Неге?
Ұлының премьер тағында көп отырмайтынын сезгендiктен
Әдiлдiкке бет бұра бастағандықтан
Iстi одан әрi ушықтырмауды ойлағандықтан
Үлкен Мәсiмов өнбейтiн арыздан өзi бас тартқандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" сатиралық беті. Дайындайтын Әмірхан Меңдеке
9 ақпан 2010
Өтiрiк өлең

 

Қазақ сатирасының классигi Оспанхан Әубәкiровтiң жары Нұрсұлу Рақымжанқызының айтуынша, Осекеңнiң әлi баспа жүзiн көрмеген бiраз дүниелерi бар екен. “Егер мұның бәрiн жинастырсам, бiр кiтаптың көлемiндей болып қалады” дейдi Нұрсұлу жеңгей. Нұрсұлу Рахымжанқызы Осекеңнiң еш жерде жарияланбаған бiр топ өтiрiк өлеңiн “Сүзеген сөзге” ұсынды. Осекең бұл өлеңдердi кезiнде неге жариялатпаған? Бiздiң ойымызша, өнерге аса зор жауапкершiлiкпен қарайтын Осекең бұл өлеңдердi әлi де пiсiре түсудi, жетiлдiре түсудi ойластырған секiлдi. Бәлкiм, басқалай себептерi де болуы әбден мүмкiн...
Не десек те, қазақ сатирасының өрен жүйрiгiнiң артына қалдырған әрбiр сөзi – бiз үшiн үлкен мұра. Iрi сый. Сондықтан да Осекеңнiң өлеңдерiн “Тәбәрiк” деген айдармен жариялауды жөн көрдiк.
 
Түсiмде мая-мая түбiт көрдiм,
Жылы дүние жинауға үмiткермiн.
“Бөкебай табылды!” деп ұмтылғанда
Мөңiреп ұшып кеткен бұлтты көрдiм.
**
Бiр жасымнан жұмысқа орналастым,
Қазанның қақпағына қазан астым.
Қазанымды басыма киiп алып,
Өрт шығарған қақпағын ала қаштым!
***
Жөнi жоқ ақша шашып шашыл­ғанның,
Iсi ол көзi ағарып асынғанның!
Қысып ап башпайыма ұстараны
Аяғыммен өзiмнiң шашымды алдым.
***
Көрiп едiм аюды, арыстанды,
Қасқырды, Қабаныңды, Сауысқанды.
Бiр күнi өз көзiммен өзiм көрдiм
Өзiн даттап, өзiмен алысқанды.
 
***
Бiр күнi дәп алдымнан  айна көрдiм,
Бос айнаға қарауды пайда көрдiм.
Қарасам қарсы алдымда көк желкем тұр,
Ойладым “мұндай адам қайда көрдiм!”
***
Тау мен шөлiм өзiме өзi мекен,
Тау – рахат, шөл деген төзiм екен.
Ай жоқ, Күн жоқ. Бiрдеме жарқырайды,
Бұл не десем...өзiмнiң көзiм екен.
 
***
Спорттың шұғылдандым түрнiгi­мен,
Үй тiктiм үй үстiне түндiгiмен.
Қызымыздың бiр қызы ұл туғанда
Салып қалды басыма кiндiгiмен.
 
***
Қорықпаймын Аюдан, Арыстаннан,
Қасқырдан, Құмырсқадан, Сауысқаннан
Қорқамын өз-өзiмнен бәйге алғаннан,
Тамағын жұрттан бұрын тауысқаннан.
***
Мен өзiм кiшкентайдан  өрге бастым,
Табаныма сурет сап көрме аштым.
Көлеңкемдi қораға байлап қойып
Өтiрiк сурет салғаннан  жалықпаспын...
 
Оспанхан Әубәкiров
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті