1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (16129) 14 маусым, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" сатиралық беті. Дайындайтын Әмірхан Меңдеке
14 маусым 2016
Рамазан айының әзілдері

«ОРАЗАМ БҰЗЫЛЫП КЕТЕР»

Қожанасыр медреседе оқып жүрген кезінде бұзық болыпты. Ораза күндері Қожанасыр тәртіп бұзыпты. Ашулан­ған ұстазы ұзын шыбығын қолына алып Қожанасырға:
– Аузыңды жауып жым болып отырасың ба, жоқ әлде таяқ жейсің бе? – деп ақырыпты.
– Моллеке, енді үнімді шығармаймын. Таяқ жесем, оразам бұзылып кетіп, Құдай алдында күнәһар болып жүрер­мін, – депті.
 
«МЕН ДЕ АЙТПАЙМЫН»
Қожанасыр ораза айында бір ауылға имамдық етіпті. Кешкі ауызашарда ол жиналғандарға Иса пайғамбардың көкте жүргенін сөз етіпті. Сонда бір кемпір:
– Қожам, Иса пайғамбар көкте жүргенде не жеп, не ішеді екен? – деп сұрайды.
– Осы ауылға келгеніме де біраз күн болды. Бірақ біреуің «Қожанасыр байғұс не жеп, не ішіп жүр екен?» демедіңіздер. Иса пайғамбардың не ішіп, не жегенін мен де айтпаймын! – деген екен Қожанасыр.
 
«БІР КЕТСЕ, ҚАЙТЫП КЕЛМЕЙДІ»
Ұстазы Қожанасырға қатты кейіпті:
– Бұ қалай? Ұлы мүбәрак Ораза айы келіп кетті. Сен бір күн де ауыз бекітпедің! Осы да мұсылман адамға лайық па?
– Моллеке, шынымды айтайыншы, – депті науқастанып жүрген Қожекең. – Ораза айы келеді, кетеді. Ал денедегі жан бір кетсе, оның қайтып келмейтіні де белгілі емес пе?!
 
«ЖҰМСАРСЫН ДЕДІМ...»
Ораза айында Қожанасырдың өрік жеп кетіп бара жатқанын көрген көршісі:
– Аузың берік емес пе еді?! Осылай да ауыз бекіте ме екен? – деп ренжіпті.
–Аузым берік! – деп бой бермепті Қожанасыр.
Көрші Қожанасырдың томпайып тұрған ұртын мегзеп:
– Мынауыңыз не? – дейді.
– Өрік қой. Ауызашарға дейін жұмсарсын деп аузыма салып қойып жүрмін, – депті Қожекең міз бақпастан.
 
«ҚАРЫЗСЫЗ АДАМ БОЛА МА ЕКЕН?!»
Атақты бір паша мен Қожанасыр ораза айында ауызашарда қатар отырып қалыпты. Қожанасырдың ораза тұтпағанынан хабардар паша:
– Ораза қарызы өте ауыр болады, – депті.
– Ораза қарызын менен тек Алла ғана сұрай алады, әпендім! Ал сіздің сұрайтыныңыз, сұрай алатыныңыз – тек пенде қарызы. Қарызсыз адам бола ма екен, дүкенге –мұнша, базарға – осынша қарызбын, – деп Қожекең қарыздарын шұбырта жөнеліпті.
 
Түрік тілінен аударғанМақсұтхан Жақып.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті