1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (16129) 14 маусым, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
14 маусым 2016
Қағытпалар

***

Күйеуі:
– Егер сен мені тастап кетсең, мен пойыздың астына түсіп өлемін! Естіп тұрсың ба мені? Әлі де болса ойлан! Ақылға сал!
Әйелі:
– Жарайды, ойлансам ойланып көрейін. Бәрібір келесі пойыз ертең сағат 10-да ғой...
 
 
***
Күйеуі:
– Егер бір еркек саған 100 доллар берсе, көнер ме едің?
Әйелі:
– Не деп тұрсың, ақымақ? Мені сен жезөкше ғой деп тұрсың ба?
– Ризамын саған! Егер саған бір еркек 10 мың доллар беріп, «бір түн төсектес бол» десе көнер ме едің? Әрине, сен көнбейсің! Алтыным менің! Баяндым менің! Тұрақтым менің! Бақытым менің! Көнбейсің ғой 10 мың долларға, солай ма?
– Не, сен мені ақымақ деп ойлайсың ба?!
– ??
 
***
Күйеуі:
– Қымбаттым, біз бұдан былай қымбат үйде тұрамыз.
Әйелі:
– О-о, жаңа үй сатып алдық па? Солай ма, жаным?
– Жоқ, үкімет пәтерақыны мүл­де қымбаттатып жіберіпті.
 
***
 
– Сені жақында үй­ленді деп естідім. «Ба­қыт» де­ген­нің не екенін енді түсінген шығарсың?
– Түсіндім ғой. Бірақ, тым кеш...
***
Екі киллер әңгімелесіп отыр.
– Колян, айтшы, біз дос­пыз ғой?
– Доспыз, әрине.
– Ежелден...
– Ежелден бері доспыз. Бала күннен.
– Ал енді, Колян, сен шындығыңды айтшы, са­ған біреу «мені өлтір!» деп кө-ө-ө-ө-өп ақша берсе, өлтірер ме едің?
– Не айтып тұрсың сен? Біз дос емеспіз бе?! Мен сені ақшасыз, тегін-ақ өлтірем!
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті