1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (16129) 14 маусым, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" сатиралық беті. Дайындайтын Әмірхан Меңдеке
14 маусым 2016
Үйтіп кетіпті, бүйтіп кетіпті...

Күн сайын еститініміз: үйтіп кетіпті, бүйтіп кетіпті, сүйтіп кетіпті, атып кетіпті, шатып кетіпті, сасып кетіпті, батып кетіпті, жатып кетіпті, қатып кетіпті, шашып кетіпті, зорлап кетіпті, қорлап кетіпті, сорлап кетіпті, алдап кетіпті, атайын деп жалдап келіпті, шашын тықырлап алып, жан-жағын барлап кетіпті, шпиондар өріп кеткен, елімізді шарлап кетіпті...

   Радикалдар халыққа оқ атты, қазақ қазаққа боқ атты, көздерімен шоқ атты, бұзып кірмек боғатты, біреу біреуді алдап жатыр, енді бірі арбап жатыр, күлтебеде күнде жиын, «не болып кетті?» деп талдап жатыр, біреу біреудің қанын шашып кетті, енді бірі билік дәлізінде біреудің аяғын басып кетті, байлыққа батқан миллиардер, шетелге қашып кетті, кетерінде талай былықты ашып кетті...
   Кеше былай болды, анаудың өмірі лай болды, өйтіп кетті, сөйтіп кетті, ұрып кетті, сұмдықтардан шашымыз тұрып кетті, діни ағымдар жастар өмірін бұрып кетті, мұсылмандық иманымыз құрып кетті, жұлып кетті, ұлып кетті, тепкілеп тастапты Ұлықбекті, қатындар шылым шекті, адамдар қалды ма, сүйегі текті?
   Анау мыжып кетті, қызып кетті, сызып кетті, атты, жатты, арам қатты, өтірік құшақтады, артынан пышақтады, көзіміз қараң, көңіліміз алаң, мына өмір жаман...
   Айтатынымыз өсек, ойлайтынымыз төсек, күліп жатыр шөпшек, қариямызда тоқал, қолына ұстағаны бокал, бірінен бірі сұрағаны «шотал»...
   Туып кетіпті, кіндігін өзі кесіп, қанын жуып кетіпті, баласын қоқысқа лақтырып, көңілі суып кетіпті, түрмеден төртеу қашып, оларды төрт жүзі қуып кетіпті, шақалағын дәрігерлер сатып кетіпті, байлыққа батып кетіпті, анасының емшегі иіп кетіпті, көршінің қызы бір негрге тиіп кетіпті, ораза айында оңбаған біреу Құранның үстіне сиіп кетіпті...
 Тағы күнде еститініміз: анау халық нәпақасымен байып кеткен, пәлен ауылды тасқын шайып кеткен, бір әйел дамбалын бағдаршамға жайып кеткен, анау өртеніп, жанып кеткен, «Джиптер» жарысып,   біреуді бес баласымен қағып кеткен, бір мас арықта ағып кеткен, бір бай кедейдің басын шағып кеткен, онымен қоймай, мұрнына солидол жағып кеткен, кемпірді мазақтап, шашына бантик тағып кеткен...
 Күнде еститініміз: өйтіп кетіпті, бүйтіп кетіпті...
Мұхтар ШЕРІМ
Шымкент қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті