1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (16143) 2 тамыз, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
2 тамыз 2016
Бейбақтар-ай...

Ауыл клубына 60–70 адам жиналып, үштiлдiлiк мәселесiн қызу талқылап жатыр. Жиналыс жүргiзушi Жақан Жаппарұлы отырғандарға қарап:

– Ал, ағайын-туыс, ауылдас, тағдырлас бауырлар! Не iстеймiз? Мiне, 1 қыркү­йек те келiп қалды. 1 қыр­күйектен бастап әрбiр мектепке үштiлдiлiк енгiзiлетiнi бәрiңiзге мәлiм. Бұл пәледен қалай құтыламыз? Әркiм өз ойын, ұсынысын ашық айт­сын!– дедi.
             Мен айтайыншы өз ойымды,– дедi алдыңғы қатарда отырған гүжбан қара.
             Ал, айт, Қамбар! Не ойың бар?
             “Не ойың бар” дегенде, мына көршiлес Қырғызстанда, Қырғызстанның Чу облысында менiң туған қарындасым тұрады, – дедi Қамбар айналасына жалтақтап қарап алып.
– Е, Кәмила ғой. Бiле­мiз... Осы Қамбардың ше­шесi, марқұм Өзипа “Қы­зымды қырғызға бермей­мiн...” деп, әй, тәуiр-ақ әлек салды-ау...
– Содан берi де зымырап 20 жыл өтiп кетiптi ғой...
– Сөздi доғарыңдар!–дедi жиналыс төрағасы Жақан түсiн суытып. – Ал, Қамбар, айт ойыңды.
– Өздерiң де бiлесiңдер, менiң кенже балам Батырбек биыл 1-сыныпқа баруы керек. Үш тiлге басын қатырып, баламның миын атала қылғанша, Батырбегiмдi Кәмиланың үйiне апарып тас­тайын деп отырмын. Ба­тырбегiм 1-сыныпты Қыр­ғызстанда оқиды. Қырғыздың тiлi мен қазақтың тiлi ұқсас қой, – дедi Қамбар әлдекiмнiң алдында ақталып тұрғандай төмен қарап.
– Қамбар өте дұрыс айтып тұр,–дедi веттехник Айт­бек Асанбайұлы. – Бiз әр­қайсымыз осылай, Қамбар айтқандай, өз күнiмiздi өзiмiз көруiмiз керек. Болды, бiттi, билiктен ендi ештеңе дәметпеуiмiз керек. Билiк те бiр – анау жатқан қара тас та бiр. Билiктен жақсылық шықпайтынына бәрiңiздiң де көзiңiз жеттi ғой. Әкелi-балалы Саға­диев­тердiң не дегенiн теледидардан өздерiң де көр­дiңдер...
–Қарғыс атсын оларды!
–Балаларымыздың көз жасы жiбермесiн екеуiн де!
– “Сағадиев” деген аты-жөндi естiсек, селк ете қалатын болдық.
–Шуламаңдар! Жамырамаңдаршы, айналайындар! Әуелi Айтбек айтарын айтып болсын! Сонан кейiн сөйлеймiн деген­дерiңнiң бәрiңе де сөз беремiн,–дедi Жақан ай­ғайға бергiсiз ащы дауыспен.
– Айтайын дегенiм,– деп жалғады сөзiн Айтбек Асанбайұлы, – тек Қырғызстан ғана емес, iргемiзде Өзбекстан тұр. Қарақалпақстан тұр. Егер шындап iздесек, осы елдерден де тамыр-таныстарды, iлiк-шатыс туыстарды табамыз. Таба да аламыз. Әзiрге 1-сыныпқа баратын балаларымызды сонда апарып оқыталық. Өзбек тiлi де, қарақалпақ тiлi де қырғыз тiлi секiлдi –туыстас тiл. Әйтеуiр, балаларымыз ана тiлдерiнен алыс­тамайды ғой...
– Осы жерде мен бiр ой қосайыншы, ағайын,– деп елгезек Тiлеубердi орнынан атып тұрды. – Үш тiлдi оқитындар– бiздiң сорлап қалған, соры қалың балаларымыз ғана. Бәрiң де бiлесiңдер, менiң ұйғырлармен әмпей-жәмпей екенiм­дi. Солардан ақырын сыр тартып көрсем, Қазақстандағы ұйғыр мектептерi ешқандай да “үштiлдiлiктi” оқытпайды екен. Баяғыдай барша сабақты ұйғыр тiлiнде өткiзетiн көрiнедi. Қазақстанда ұйғыр мектеп­терi аз емес. Балаларымызды осы ұйғыр мектептерiне берсек қайтедi? Орыс боп кеткеннен гөрi ұйғыр болған әлдеқайда жақсы емес пе?! Олар да – түркi, мұсылман... Оның үстiне дәстүр-ғұрыптары да ұқсас...
– Қазақстанда тек ұйғыр мектептерi ғана емес, өзбек мектептерi де жетерлiк,– дедi Естемес шал әңгiме осы жерге жеткен кезде қолын да, таяғын да бiрдей көтерiп. – Мен бiлетiн өзбек ешуақытта “үштiлдiлiкке” бармайды. Олар жоғарыға “Ә,ә, құп мақұл... Үш тiлде оқытып яппуз... (жатырмыз)” дейдi де, сабақтың бәрiн өзбек тiлiнде оқыта бередi. Өзбекстанға, Қарақалпақстанға, Қырғызстанға жi­бермей-ақ, балаларымызды осындағы өзбек мектебiне берейiк те! Сол әлдеқайда...
– Жоғарыда аталған елдерден бөлек, Татарстан, Башқұртстан, Түрiкменстан деген елдердiң де бар екенiн ұмытып кетпейiк, – дедi кiтапханашы Қыздаркүл. – Қолы ұзындарға өз балаларын неге осы елдерге апарып оқытпасқа! Өз­генi бiлмеймiн, өз көзiммен көргенiмдi айтайын, Татарстандағы татар мектеп­терiнде тек шет тiлi пәнiнен басқалары түгел татар тiлiнде оқытылады!
– Қадiрлi бауырлар! Сендер қайда лағып, қай жаққа тартып бара жатырсыңдар?– дедi ұзақ жыл мектеп директоры болған, зейнетке шыққалы берi сол мектептiң күзетшiсi деген “лауазымды” үлкен күреспен жеңiп алған Қайнекей Садырбаев, –Бiз қайда тұрмыз? Қазақстанда. Қайда өмiр сүрiп жатырмыз? Қазақстанда. Ендеше, айтып тұрған Өзбекстан, Татарстан, Баш­құртстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Түрiкмен­стандарың не? Бiз де солар сияқты өз ана тiлiмiздi өз елiмiзде, өз жерiмiзде дұ­рыс­тап оқытайық, оқыта бiлейiк. Және соны билiктен дұрыстап тұрып талап ете­йiк!
– Тоқтаңыз, Қайнеке! Тоқ­тамасаңыз, бәрi де бү­лiнгелi тұр!– деп баж ете қалды жиналыстың төрағасы Жақан Жаппарұлы,–Бiз бұл жерге неге жиналып отырмыз? Билiктен әбден күдер үзгеннен кейiн. Егер үштiлдiлiкке табанды түрде қарсы тұрып, табандап қар­сы тұратын болсақ, билiк әлгi үш тiлге қытай тiлiн қосады да, “төртiлдiлiктi” енгiзедi де жiбередi. Не болмаса, “бестiлдiлiктi”. Жақсы ма осы? Тiптi болмаса олардың “Ақыр бәрiмiз орысша сөйлеп, орысша жазып-сызып, орысша сөй­леп жүрмiз ғой. Қазақ тiлiн қолданыстан мүлдем алып тастасақ қайтедi?!..” деуi де мүмкiн. Өйткенi, бiздiң билiкке қазақ та, қазақ тiлi де керек емес! Бәрiн тү­сiнбесеңдер де, бәрiне бастарың жетпесе де, осыны түсiнетiн уақыттарыңыз болды ғой, айналайындар-ау...
Жақанның сөзiнен кейiн жиналғандардың бәрiнiң ұнжырғасы түсiп, жасып қалды. “Мен сөйлеймiн!”, “Маған сөз берiңдершi!” деген ешкiм болған жоқ...
Өз елiнде, өз өтенiнде, өзiнiң атамекен, анажұртында балалары мен немере­лерiн ана тiлiнде оқыта алмау – шын бақытсыздық екенiн және бұдан өткен бақытсыздық та болмақ емес екенiн сезiнген жұрттың көңлi де аса қапалы, адам аярлықтай қаяулы едi...
Бейбақтар-ай...
Әлiм КЕНБАЙҰЛЫ
Тараз қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті