1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (16143) 2 тамыз, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
2 тамыз 2016
Құрбақа мен тасбақа

Бiр құрбақа тасбақаға мұңын шағыпты:

–Бiз де өзгелер сияқты ауылдан ұзап шығып көрсек қайтедi? Ауылдың сиқын өзiң де көрiп отырсың: кисек– киiмге, iшсек – тамаққа жарымаймыз. Астанаға тартып кетсек қайтедi, осы?
Содан екеуi келiсiп, кеңесiп, Астанаға жол тартады. Тасбақаның жүрiсi белгiлi ғой, құрбақа Астанаға бiр жыл бұрын жетедi. Бiр жылдан кейiн митың жүрiспен тасбақа да келiп жетедi Астанаға.
Өзiнен бiр жыл бұрын келген құрбақаның тiрлiгiне тасбақа аң-таң болып, аузын ашып қалады. Құрбақа зәулiм коттедж салып алған, астында –қымбат автокөлiк, құлағында – ұялы телефон, бiлегiнде – алтын сағат...
–Құрбақа-ау, мынадай...
Сол кезде құрбақа аса бiр маңызды түрге, маңғаз кейiпке енiп тасбақаға былай дептi:
–“Құрбақа” дегенiңдi қойшы, айналайын! Менiң есiмiм өзгерген. Бұдан былай менi Нұрбақа де! Естiдiң бе, тағы да қайталап айтамын: Нұрба-қа-а-а-а!
Керiм ЕРТIЛЕСҰЛЫ
Шымкент қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті