1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (16143) 2 тамыз, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
2 тамыз 2016
Ғасыр құпиясы

   – Анау тұрған керемет данышпан адам!

   – Апыр-ай,ә! Шамасы ғылым жолында басын тауға да, тасқа да соғып, талай ғылыми жаңалықтар ашқан ғұлама ғалым болды ғой.
 – Жоқ, ә. Сiз қайдағы-жайдағыны айтпаңызшы. Оның ғылыммен еш шаруасы жоқ. Бiрақ академик.
– Академик дейсiз бе? О, онда оңай адам болмағаны ғой. Қазақстан академиктерiнiң қатарын толықтырып жатса, бұл елiмiз үшiн өте қуанышты емес пе?!
– Түу, сiз ақырынырақ сөйлеңiзшi, анау естiп қалмасын. Естiп қалса, бұлқан-талқан болып ашуланады.
– Неге?
– Қазақстан сияқты халқының саны 17 миллионнан аспайтын “шағын” мемлекеттiң академигi болу – ол үшiн құлақ естiмес ұят, қорлық, өлiм. Ол –140 миллионнан астам халқы бар Ресей Ғылым академиясының құрметтi академигi.
– Астапыралла, не дейт! Сонда бұл ғұламаңыз Қазақстанды қойып, Ресей сияқты алып елдiң ғылымын дамытуға өлшеусiз үлес қосып жүрген керемет данышпан болып тұр ғой.
– Түу, мен сiзге қашанғы айтамын. Оның ғылыммен еш шаруасы жоқ.
– Шаруасы болмаса, қалай академик атанып жүр?
– Бұл ендi бүгiнгi ғасырдың “құпиясы”. Оны ешкiмге айтуға болмайды.
Мен сiзге бұл ғұламаның бiр ғана қырын айтып тұрмын.
– Немене, екiншiсi де бар ма?
 – Болғанда қандай! Бұл данышпан –Жазушылар одағының мүшесi. Бiрақ өмiрiнде бiрде-бiр көркем шығарма жазып көрмеген.
 – Не дейт?! Көркем шығарма жазып көрмеген дейсiз бе? Сонда қалай болғаны? Осы Қазақстан Жазушылар одағына кiм болса сол өтiп жатыр деп бiреулер бiрдеңенi бықсытып жүрушi едi. Сол рас болғаны ма?
– Түу, сiз Қазақстан Жазушылар одағы деп бұл ғұламаны тағы да қорлап тұрсыз ғой. Ақырынырақ сөйлеңiзшi өзi, естiп қалмасын. Пәлесiнен аулақ, естiп қалса, талағы тарс айырылып, тап осы жерде ит терiңiздi басыңызға қаптауы мүмкiн.
– Сонда қалай, бұл ғұламаны тағы да Ресей Жазушылар одағының мүшесi демексiз бе?
– Жоқ, ә. Бiздiң бұл “әулиемiз” Ресейден де асып кеткен. Бұл –Ресейдiң де, Қытайдың да, Американың да емес, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесi. Сiз өзi “халықаралық” деген сөздiң мағынасын түсiнесiз бе? Яғни бұл бiздiң ғұламаның талантын бүкiл әлем, бүкiл дүниежүзi, мұхиттiң арғы-бергi жағы, жердiң   “асты-үстi”, тiптi сонау Африканың ну орманындағы бұтына жапырақ байлап жүрген жартылай жабайы тайпаларына дейiн таныды, мойындады деген сөз. Сенбейсiз бе, сенбеуге қақыңыз жоқ.
– Сонда бiрде-бiр көркем шығарма жазып көрмеген бұл ғұлама Халықаралық Жазушылар одағына мүшелiкке қалай өтiп кеткен?
– Мана айттым ғой, бұл ендi ғасыр “құпиясы”. Оны тiс жарып ешкiмге айтуға да, бұған күмән келтiруге де болмайды.
– Бұл ғұламаңыздың аты-жөнi кiм?
– Хасан ғой, Хасан Төлекейұлы.
– Сонда бұл ғұламаға жоғарыдағы атақтар не үшiн қажет?
– Осындай да сұрақ болады екен-ау. Ойбай-ау, бұл атақтар ол үшiн үлкен абырой, бедел емес пе! “Академик келе жатыр, жол берiңдер!”, “Халықаралық Жазушылар одағының мүшесi келе жатыр, дұрыстап қарсы алыңдар!”, “Ау, академик-жазушы 60-қа келiп қалды, ел болып, үкiмет болып ат шаптырып, тойлауымыз керек!” деп халық құрақ ұшпай ма? Әнеки, не үшiн керек?!
– Сiз ендi, кешiрiңiз. Менiң ғұламаға сәлем берiп, қасиеттi қолын сүю бақытына ие болғым келiп тұр. Мүмкiн, “бiрдеңесi” жұғар.
– Құдай сақтасын! Сiз не айтып тұрсыз? Ғұламаның қолын сүйетiндей сiз кiмсiз? Ау, өзiңiзге қарасаңызшы. Ресей сияқты алып елдiң академигiн, бүкiл әлем мойындаған Халықаралық Жазушылар одағының мүшесiн олай қорламаңыз, қорлатпаймыз. Оны ренжiтпеңiз, ашуландырмаңыз. Ол қазiр үлкен ой үстiнде тұр. Бiз айтып отырған екi атақ ол үшiн аз. Тап қазiр ол Халықаралық космановтар ұйымына қалай мүше болуды ойлап тұр.
– Сонда қалай, космосқа ұшып көрмесе де ме?
– Ол үшiн ұшу мiндеттi емес. Ол алмайтын қамал жоқ, ол таппайтын амал жоқ. Бұл сiзге де, бiзге де – ғасыр “құпиясы”.
Дамир ӘБIШЕВ 
Қостанай қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар