1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (16157) 20 қыркүйек, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" сатиралық беті. Дайындайтын Әмірхан Меңдеке
20 қыркүйек 2016
Үш тұғырлы ауыл

2041 жыл. Ауыл әкiмi Әбiтай жиын өткiзiп жатыр.

– Не iстеймiз бұл? Аудан әкiмi қысып жатыр...
– Қысқанда не дейдi?
– Үш тұғырлы тiлдi, яғни атың өшкiр үштiлдiлiктi үкiметiмiз мек­тептерiмiзге 2016 жылы енгiзiп едi ғой. Содан берi де 25 жыл өтiп­тi. Ширек ғасыр! Бiрақ үш­тiлдiлiк не бердi? Балаларды миғұла, жарымес еткеннен басқа ештеңе де берген жоқ... Бiрақ жоғары жақ халықты тыңдаушы ма едi?! Үкiмет арнайы комиссия шығарыпты.
– Нендей комиссия?
– Үштiлдiлiктiң 25 жылдығына орай. Жер-жердi, қала демей, ауыл демей, түгел тексередi екен. Бiздiң мiндетiмiз өз ауылымызды қайткен күнде де “үш тұғырлы ауыл” деген беделдi де абыройлы тiзiмге ендiру болмақ.
– Тiзiмге енбей қалсақ не болады? – деп сұрады мектеп директоры Мыңжан.
– Онда ауылдың мұқтажына деп мемлекеттен бөлiнетiн қаржыны да қысқартатын көрiнедi. Сондықтан қайткен күнде де “үш тұғырлы ауыл” деген тiзiмге енуiмiз керек. Қайтсек те!
– Әрине, бұлар ең алдымен мектептi тексередi ғой, – дедi мек­теп директоры әкiмге.
– Мектептегi балалар жаппай үш тiлде улап-шулай берсiн. Келсiн-келмесiн, мұғалiмдер де ағылшынша балпылдай берсiн. Түк болмаса, өмiрде өзi жеген кәмпиттердiң атын есiне түсiрiп, шетiнен атай берсе де... Әрине, ағылшынша мен орысшаға көбi­рек мән бересiңдер ғой. Қазақшаны мүлде азайтыңдар! Мыңке, былтырғыдай жасайсыңдар ғой тағы да...
– Былтыр не болып едi? – деп сұрады ауыл белсендiсi Ермекбай.
Министрлiктен арнайы келген инспекторға концерт бердiк емес пе. Сөйтсек, өзi қазақ бола тұра әлгi инспектор қазақша ләм-мим деп сөйлей алмайды екен. Ағылшыншаға да мүлдем мақұрым. Өрiкгүл Еңсебаева “Бипыл-айды” тамылжытқанда:
– Ой, қандай жақсы! Ағылшынша ән айтуды меңгерiп алыпсыздар әбден! – деп мәз болды. “Бипыл, бипыл, бипыл-айды” ағылшынша деп ойлап қалса керек,– дедi мектеп директоры сылқ-сылқ күлiп.
–“Бипыл-айды” биыл да айтыңыздар! – дедi ауыл әкiмi. – Әсi­ресе, қайырмасын қайта-қайта айту керек. “Бипыл-ай” деп созбай-ақ, “бипл, бипл, бипл...” десеңдер де болады ғой. Сонан кейiн, Мыңке, әндi шолжаң, са­қау, тiлiн төсеп сөй­лейтiн, “р” мен “ң”-ды айта алмайтындарға айтқызыңыз. Комиссия “ағылшынша айтып жатыр” деп ойлап қалсын.
– Оны қатырамыз, Әбеке. Қам жемеңiз!
– Сонан кейiн, Мыңке, балаларға ән айтқызған кезде бiрiншi шумақты– ағылшынша, екiншi шумақты – орысша, үшiншi шумақты – қазақша айтқызыңыздар. Тiптi қазақша айтпай-ақ қойыңыздаршы. Тойст, бiрiншi шумақ – ағылшынша, екiншi шу­мақ – орысша, ал үшiншi шумақтың орнына ағылшынша бiрiншi шумақты тағы қайталап жiберi­ңiздер.
– Ол үшiн аудару керек қой...
– Аударыңыз, аудартыңыз...
– Орысшаны бiрдеңе етiп аударамыз-ау, ағылшыншаны қалай аударамыз?..
– Мыңке, оны бүйте салсаңдаршы, қазақшаны терiс қарай оқи салыңдар, ел “Е,е, мынау ағылшыншасы шығар” десе болды да. Оны кiм бiлiп, кiм зерттеп жатыр?! Менiң естуiмше, бұл жолы комиссия үйдi-үйге кiрiп, әр отбасының үш тiлде сөйлеп жүрген-жүрмегендiгiн тексере­тiн көрiнедi, – дедi ауыл әкiмi Әбiтай отырғандардың бәрiн көзбен шолып.
–“Бiздiң ауылда 100 пайыз қазақ тұрады!” демеймiз бе комиссияға, – деп қызынды Ермекбай.
– Қысқарт, Ермекбай, бәрiн бүлдiресiң! Олар бәрiбiр өз дегендерiнен қайтпайды... Есiң­де бар ма, осы үштiлдiлiк алғаш енген 2016 жылы бүкiл қазақ күңiренiп кеттi ғой. Сонда да қайтпады ғой Сағадиев! Оданша осы ауылды ойша бiр сүзiп шығайықшы. Көшенiң басынан бастайық. Көшенiң ең басында кiм тұрады? – дедi Әбiтай бас бармағын бүгiп.
– Өзiңiз де бiлесiз ғой, Бөрi­баевтар тұрады.
– Бұлар үш тұғырлы отбасы ма?
–“Үш тұғырлысы” несi?
–“Үш тiлде сөйлей ала ма?” дегенiм ғой.
– Үйдiң иесi Бөрiбаев Аман, әйелi Сәттiгүл, бұлар тек қазақша сөйлейдi. Екi қызы бар. Үл­кенi – 9-сыныпта. Онан кейiнгiсi – 7-сыныпта.
– Онда ескертiп қойыңдар, комиссия келген күнi екi қызы бiр-бiрiмен бiлген орысшасы мен ағылшыншасын араластырып, төпелей берсiн. Кинофильмдерден үзiндi айта берсе де болады. Тiптi не айтып тұрғандарын өз­дерi де, комиссия да бiлмей қалатындай болсын. Айтпақшы, Аманға да ескертiңдер, сөзiнiң арасына анда-санда орысша қосып...
– Ескертемiн, айтып қоямын. Iшiп алса өзi де әйелiн орысшалап боқтайтын.
– Қо-о-ош. Бөрiбаевтардан кейiн кiм тұрады?
– Құдабаевтар тұрады.
– Кемпiр мен шал. Екеуi ғана. Не бала жоқ, не немере жоқ. Мы­­нау қиын болды-ау, ә... Жасы сексенге таяп қалған қарияларға қалай...
– Әбеке, шал мен кемпiрден қам жемеңiз, өзiм сылап-сипап көндiремiн. Ыстық картоп бар ғой, ыстық картоп... Мiне, осы ыстық картопты аузыңызға салып, сонан кейiн сөйлеп көрiңiз­шi. Тура ағылшынша сөйлеп жат­қандай боласыз. Шәйгүл апама да сол күнi ыстық картоп пi­сiрткiзiп қоямын. Шалы аузына   бiр картоп, кемпiрi аузына бiр картоп салып сөйлеп отырса, комиссия да оларды ағылшынша сөйлеп отыр деп ойлап қалатын болады.
– Қойыңызшы! Баланың сөзiн айтып... Соны комиссияның бiлмей, аңғармай қалғаны тегi?!–дедi Ермекбай ернiн шығарып.
– Бiлсе бiле берсiн! Аңғармаса аңғарусыз қалсын!   Аңырап қалсын, өңкей қарғыс атқандар! Оларға керегi де – осы!– дедi ызаға булыққан қазақ тiлiнiң мұ­ғалiмi Сабыржан қалш-қалш етiп.– Бiздiң үкiметке, бiздiң мемлекетке керегi не? Тоқ етерiн айтайын ба? Халықтың қазақша сөйлемегенi керек оларға! Ағылшының былай тұрсын, орысың былай тұрсын, иттiң тiлiнде, малдың тiлiнде, тiптi есектiң тiлiнде сөйлесе де сөйлей берсiн, тек әйтеуiр қазақ тiлiнде сөйлеме­сiн! Мiне, бiздiң үкiметтiң халықтан талап етiп отырғаны! Бұлар қазақ тiлiн көрге тықпай, көзiн жоймай тоқтамайды!
– Қой, әрi кеттiк, Құдабаевтан кейiн кiм тұрады? – дедi ауыл әкiмi.
– Нағыз үш тұғырлы отбасы тұрады! – дедi мектеп директоры көзi жайнап, – Жұматаевтар тұрады. Василий Жұматаев! Энглш, Русиш Василийұлы Жұматаевтар! София Ғафитоллақызы Жұматаева!
–“Энглшi”, “Русишi” несi?–дедi ауыл әкiмi Әбiтай түсiнбей қалып.
–Ойбай-ау, сiз әлi естiмеген екенсiз ғой. Бұлардың 6-сыныпта оқитын баласының аты –Энглш. Төртiншi сыныпта оқитыны – Русиш. Ағылшын, орыс тiлiн тез сүйренiп алсын деп қойған ғой әке-шешесi. Үш тұғырлы тiлге орайластырып. Әрi ырым етiп. Баяғыда Ерденбай атамыздың Ресейде жүрген кезiнде туылған бала ғой бұл Василий. Мектептi де Ресейде оқыған. Орысшасы да жақсы. Ал әйелi София Ғафитоллақызы – татар қызы. Орысшаға да, татаршаға да жүйрiк. Өзбекшенi де, ұйғыршаны да қатырады деп естiдiм. София Ғафитоллақызы – педагог. Өзi күндiз-түнi қадағалап отырғаннан кейiн солай шығар, Энглш те, Русиш те үш тiлдi ара­ластырып, қойыртпақтатып, ешкiм түсiнбейтiн быламық тiлде сөйлеуге төселiп те алды. “Су iшкiм келедi” дегендi үш тiлде, “суды” –ағылшынша, “iшкiмдi”– орысша, “келедiнi” қазақша айтады.
– Онда былай етiңдер! – дедi ауыл әкiмi Әбiтай арқасынан ауыр жүк түскендей бiр “уһ” деп алып, – Комиссия да көшенi жағалап, әр үйге кiре бермес. Егер “Бiр үйге кiрiп шықсақ, дұрыс болар едi...” деп жатса, онда комис­сия­ны Жұматаевтардың үйiне алып барыңдар. Сонан кейiн тағы бiр айтарым, Жұматаевтар сол күнi қазақша сөйлемей-ақ қойсыншы, бәлесiнен аулақ! Неғұрлым қойыртпақтатып, неғұрлым ұғынықсыз етiп, неғұрлым түсiнiксiз етiп сөйлеуге тырысып бақсын!...
Әзiм Кенбайұлы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті