1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (16157) 20 қыркүйек, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
20 қыркүйек 2016
Қағытпалар

                                                                    

***
–Сiз балаларды жүзуге үйрету үйiрмесiнiң жетекшiсiз бе?
–Иә.
–Сiздi орныңыздан тапқаныма қуанып тұрмын. Баламды жүзуге үйрету үйiрмесiне берейiн деп едiм. Орын бар ма?
– Орын бар. Бiр орын. Кеше ғана бiр бала суға тұншығып өлдi. Соның орны.
 
 ***
Аса бай алпауыт летаргиялық ұйқыға батып,
2050 жылы бiр-ақ ояныпты. Жалма-жан өзiнiң агентiне телефон соғып, банктегi ақшаларының жай-күйiн сұрапты. Агент:
–Банкте сiздiң 10 миллиард долларыңыз жатыр. Және осыған қосымша 5 миллиард акцияңыз бар,– дептi.
Көңiлi жайланған алпауыт телефон трубкасын қойғаны сол екен, телефон шыр ете қалыпты. Алпауыт телефонды көтередi.
–Сiзге телефон станциясының кезекшiсi хабарласып тұр. Сiз 4 минут сөйлестiңiз. Сiзден бiз
6 миллиард 600 миллион доллар
ұстап қаламыз.
 
***
–Сiз осы банктiң қызметкерiсiз ғой, солай ма?
–Иә, солай.
–Мен несие алайын деп едiм. Бiрақ кепiлдiкке ештеңе қоймаймын.
–Несиенi қанша алсаңыз да, бiз сiзден кепiлдiк талап етпеймiз.
–Сонда сiздер адамның ар-ұятына сенесiздер ме?
–Иә, дәл солай!
–Егер мен несие алып, оны қайтармай қойсам, не iстейсiздер?
–Сiз онда Құдайдың алдында жауап бересiз.
–“Құдайдың” дейдi, қалай сонда?
–Мәселен, сiз несиеңiздi 2017 жылдың 15 қыркүйегiнде төлеп бiтiруге тиiстi едiңiз делiк. Сiз бұл күнi төлеп бiтiре алмадыңыз. Ендi 16 қыркүйек күнi сiз О дүниеде, Құдайдың алдында тұрасыз!
–?..
 
***
Алпауыттың туған күнi тойланып жатыр. Достары кезек-кезек сөйлеп жатыр. Олар да – шеттерiнен миллионерлер. Ең жақын досы былай дептi:
–Мен бүгiн мына тосты досымыздың миллиардер болғаны үшiн алайын деп отырған жоқпын. Талпынсаң, ұмтылсаң, миллиардер болу кiм-кiмге де қиын емес. Мен бұл тосты досымыздың 10 бiрдей iрi компанияны басқарып отырғаны үшiн де iшпеймiн. 10 компания былай тұрсын, бiздiң арамызда 20 компаниясы бар жiгiттер де жүр. Мен бұл тосты бiздiң досымыздың әлемде жоқ әдемi яхтасы үшiн де iшпеймiн. Яхта кiмде жоқ дейсiз қазiр?! Мен... Мен бар ғой, мырзалар мен ханымдар, мен бұл тосты бiздiң досымыздың ай сайын жұмыссыздарға берiлетiн жәрдемақы алатыны үшiн және оны тұрақты алып тұратыны үшiн iшiп қоям!
 
***
Шөл даламен келе жат­қан бiр жолаушы бә­дәуиге жолығады. Әбден шөлдеген, арыған, шаршаған жолаушы бәдәуиге былай дептi:
– Ең жақын құдыққа қарай жөн сiлтеп жiбер­сеңiз...
– Тiке жүре бер, жүре бер, төртiншi күнi оңға қа­рай бұрыл! Сонан кейiн...
– ??..
 
***
Әйелi күйеуiне былай деп жатыр:
– Ой, дүние-ай, маған кiм көңiл бiлдiрмедi: дәрiгер де, мұғалiм де, спортшы да, кәсiпкер де, артист те... Соның бәрiне де “отказ” бердiм ғой.
Күйеуi:
–Шiркiн-ай, сол топтың iшiнде мен неге болмадым екен?!
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті