1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (16175) 22 қараша, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
22 қараша 2016
Керек емес кезек
– Мына кезектiң “құйрығы” сiз бе?– деп сұраған қарны қабақтай, екi бетi тесiк табақтай, көздерi бiр сызық, қысқасы, түр-әлпетi қызық-қызық жiгiт ағасы сүттiң кезегiнде тұр­ған қызға қызыға, жұтына, жалана, жан-жағына қарана, көзiн сүзе қарады.
– Ағай, қойдың, немесе қоянның құйрығы дегендей, бiртүрлi сөйлейдi екенсiз... Кезектiң соңы мен!–дедi бойжеткен.
– Әзiлдеп жатқаным ғой, сiзбен таныссам, жақсылап қол алыссам, содан кейiн табыссам, жабыссам...
– Ақын емессiз бе?
– Ақын болмасам да ақындыққа жақын адаммын... – деген сылқым жiгiт әудем жерде тұрған қара сүлiктей “Джипiне” қарап қойды.
– Сiздей миллионер де сүт­тiң кезегiне тұрады екен-ау?
– Жо-жоқ, мен сiзбен танысу үшiн ғана...
 Бойжеткен алара қарады. Жiгiт ағасы тарағын алып, төрт-бес тал шашын тарады.
– Аулақ жүрiңiз!
– Қарындас, бiлесiз бе, ме­нiң сiздi аңдығаныма бiр апта болды. Үнемi сүттiң кезе­гiн­де тұрасыз. Сүттiң кезегiнен құтылудың оңай жолын айтқалы келiп тұрмын.
– Иә?
– Егер маған тисеңiз, махаббатыма басыңызды исеңiз, тоғызыншы әйелiм әрi сүйкiмдi тоқалым болар едiңiз. Сонда сүттiң кезегiнен құтыласыз әрi мұндай азаптан бiржолата құтыласыз! Бiздiң үйге сүттi үй күтушiлерi әкеледi. Қолыңызды берiңiз, айтқаныма сенiңiз!
Бойжеткен мес қарын мил­лионердiң бетiне ұза-а-ақ қа­рады. Анау жасанды жымиды. Сондағы бойжет­кеннiң айтқаны:
– Керегi жоқ! Байымның кезегiнде тұрғанша, сүттiң ке­зе­гiнде тұрғаным мың есе ар­тық!
 Миллионердiң аузы аңқиып, жым болды. Шыны керек, ал­қынған жүрегi жүн болды...
Төрехан Жаманбалаев
Павлодар қаласы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті