1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (16175) 22 қараша, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
22 қараша 2016
Қағытпалар
***
Әйелi күйеуiне:
– Бiлесiң бе, екеумiз үй­ленген күнi жел ұйтқып, алай-түлей боран соғып кеткен жоқ па едi?!
– Оны неге есiңе алып отырсың?
– Айналайын табиғаттың өзi ескерткен екен ғой маған... Мен бейбақ дымды да түсiнбеппiн...
 
 
***
Дүкенге кiрген жiгiт бiр қорап темекi алып, содан кейiн жалма-жан оның бiр талын тұтатып жiберiп, шеге бастайды.
– Бiзде, дүкеннiң iшiнде темекi тартуға болмайды!– деп ескертедi дүкеншi.
– Қалай тартуға болмайды?! Мен бұл темекiнi осы жерден сатып алдым ғой.
– Жiгiтiм, бiз, мәселен, дәретхана қағазын да сатамыз. Сонда, немене, сiз дәл осы жерде...
 
 
***
 
Құрылыс жүрiп жатыр. Құрылыстың басына құрылыс компа­ния­сының басшысы келдi. Астына мiнгенi – жалт-жұлт еткен BMW. Құрылысшылар жалт-жұлт еткен автокө­лiкке қарап, әрқайсысы өз пiкiрiн бiлдiрiп жатыр:
– Не деген жақсы машина!
– Шiркiн-ай, мiнiп көрер ме едi?!
– Орындығы былғарымен қапталыпты!
Компанияның басшысы құрылысшыларға қарап былай дейдi:
– Егер сендер өздерiңдi ая­май, ерiнбей-жалықпай, жатпай-тұрмай жақсы жұмыс iстесеңдер, келесi жылы дәл осы уақытта сендерде де жақсы бiр мүмкiндiк болады.
– Ол қандай мүмкiндiк?
– Келесi жылы дәл осы уақытта мен бұдан да әдемi, бұдан да қымбат автокөлiк мiнiп келемiн. Сендер соны көру мүмкiндiгiне ие боласыңдар!
– ??..
 
***
Ауыл. Дүкен өртенiп жатыр. Дүкеншi шырқырап елдi көмекке шақырып жатыр. Бiрақ ел асығар емес.
– Жүрсеңдершi, көмек­те­сейiк...
– Асықпаңдар...
– Неге?
– Дүкеншiнiң кiмнiң қан­ша қарызы бар екенiн жазып қрятын дәптерi бар емес пе...
– Иә...
– Сол өртенiп кетсiн.
– Айтпақшы, сол бар екен-ау...
 
 
***
Астролог корольға келiп былай дейдi:
– Ертең сiздiң әйелiңiз қаза болады.
Король бұған мән бермейдi. Ертеңiне корольдiң әйелi өледi.
Әрi қайғырған, әрi ыза қысқан король астрологты таптырып алады да, қынабынан қылышын суырып:
– Өзiң қашан өлесiң? Маған ендi соны айт!– дейдi.
– Ұлы мәртебелiм, жұлдыздар менiң қашан өлетiнiмдi айт­пай тұр.
– Неге айтпайды?
– Олар сiз туралы ғана айтып тұр...
– Мен туралы не дептi?
– “Сен өлгеннен кейiн үш күннен соң король өледi” дейдi олар.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті