1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
17 қаңтар 2017
Енеме ант етемiн!

Ант – қант емес, тәттi–i–i болып ерiп кететiн. Антыңа адал болған жақсы. Бүгiнде ене мен келiн, бiрi – кене, екiншiсi – маса болып жүр. Кене болатыны – келiн енесiн кенедей шағып алады, маса болатыны – енесi масадай ызыңдай бередi, келiнiн жақтырмайды. Сондықтан үйлену тойларында жаңа түскен жас келiн енесiнiң алдында ант бергенi дұрыс. Сонымен, жас келiн әулеттiң ақ орамал туын ұстап тұрған ененiң алдына келiп, оң қолын шекесiне апарып, ант қабылдайды:
– Мен, Айгүл Сұлтанбайқызы, балаңызға халал жар болуға, яғни тек балаңыздың қасына өмiр бойы қонуға, дастарқанды жайнатуға, еттi бабымен қайнатуға, қамырды атама шайнатуға, кiрiмдi жууға, он жылда он бала тууға, қандай қиыншылық болмасын, белiмдi бекем бууға, бiр реттiк балалар жәрдәмақысынан жымқырмауға, көшеде келе жатып, ысқырмауға, шешеме жалған ақпар бермеуге, шақырмаса, төркiнiме келмеуге, өсекке жақын болмауға, салпы етек қатын болмауға, смартфоннан секс көрмеуге, жүзге жетпей өлмеуге, балаларымды жылатпауға, отбасылық туды құлатпауға, күйеуiмнiң “нервiсiн” жемеуге, енем ашуланса, бiрдеңе демеуге, түске дейiн жатпауға, темекi шегiп, насыбай атпауға, үйiмдi сыпыруға, уақыт жоқ қыдыруға, орамалымды көшеде шешпеуге, жалаңаяқ қара суды кешпеуге, қолымды мұздай суға салмауға, енемнiң рұқсатынсыз банкоматқа бармауға, сыпсыңдап сөз таластырмауға, “шуба керек!” деп мәселенi қарастырмауға, баттастырып боянбауға, түн iшiнде шыңғырып оянбауға, қонақ келсе тырыспауға, енеммен ұрыспауға, көршiлермен жұлыспауға, баланы шектемеуге, ата-енеме “Қарттар үйiне кет!” демеуге, былшиып семiрмеуге, дастарқан басында сүйектi кемiрмеуге, “ватсаппен” өсек айтпауға, өмiр күрес, қайт десе де қайтпауға, енемнiң топырағынан жаралуға, “Жақсы келiн” деген сөзбен интернетте таралуға ант етемiн! Қолбасшы қайын атам мен қорғаныс “министрi” енеме қызмет етемiн!
Жас келiн басын иiп, әу¬леттiң туы ақ орамалды сүйiп, енесiнiң қолынан қабылдап алады. Ал қыз ұзату тойында күйеубала қайын атасының алдында әскерише қақиып, қолын шекесiне апарып, ант қабылдайды:
– Мен, Асқар Айтбекұлы, қызыңызға халал бай болуға, аспандағы жарқыраған ай болуға, отбасыма лайықты сақадай сай болуға, жатып iшер жалқау болмауға, бөтен үйге қонбауға, әйелiме “Әй, үй!” демеуге, қабақ қарын болып, не болса соны жемеуге, темекi шекпеуге, иненi бiлегiме екпеуге, сiздердi жамандап сөкпеуге, абыройымды төкпеуге, қыз көрсем, көз салмауға, осымен бiттi, түнгi клубтарға бармауға, әйелiме “О, шешең...” деп боқтамауға, сырахана жанына тоқтамауға, кiр жумауға, бала тумауға, өсек айтпауға ант етемiн! Қызын берген инвестор қайын атам мен қыз дайындау комитетiнiң төрайымы – қайын енеме адал қызмет етемiн!
Күйеубала да әулет қамшысының сабынан сүйiп, қайын атасын құшақтайды.
Мiне, ант – қант емес ерiп кететiн, ант дегеннiң қасиетi сол, ұрпақтан ұрпаққа жететiн...


Мұхтар ШЕРIМ,
Шымкент қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Асхат | 26 ақпан 2017 14:26
Өте жақсы ант
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті