1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
17 қаңтар 2017
ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗДАР?

Сiздерге шынымды айтайын, бiр апта бұрын аспандағы күндi жекешелендiрiп алдым. Алыстан басқарылатын қондырғы жасап шығарғанымды сiздерге қуана-қуана хабарлаймын! Мәселен, күндiзгi уақыттың қай кезi болмасын, пульттi басамын да, күндi өшiрiп тастаймын. Бүкiл әлем тас қараңғыда қалады! Бұл әсiресе, ұрыларға, таңға дейiн қыдыратын жастарға өте тиiмдi болып отыр. Қайтер екен деп, кеше күннiң жарығын үнемдеп, екi сағатқа өшiре қойып едiм, әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен ұялы телефоныма хабарласқандарда есеп жоқ! Министрлердiң өзi жалынады! Шетел президенттерi қайта–қайта қонаққа шақырып, жағымпазданып әлек.
Ақша деген әлемнiң түкпiр–түкпiрiнен суша ағып келiп жатыр! Күндi жаққаным үшiн салық төлейдi ғой... Бiр күнi бiр жiгiт келдi.
– Күндi бiр сағатқа сөндiре тұрасыз ба?–деп сұрайды.
– Не болып қалды?–деймiн мен.
– Сол. Банк тонауымыз керек едi...
– Аулақ жүр! Мен қарақшыларға қызмет етпеймiн! – деп қуып шықтым. Әсiресе, онсыз да ай сайын қымбаттатуға құмар энергиялық жарық берушiлердiң құдайы берiп қалды! “Апталап таң атпай-ақ қойсыншы...” деп жалынып жатады.
Жынды-ей, бiр кiсi келiп тұр. Бетiнде қытық жоқ. “Кешiрiңiз, көңiлдесiмнiң үйiне қонуым керек едi, күндi сөндiре салыңызшы..” деп тұр. “Ақысын төлеймiн” деп қояды тағы. Жыным келiп, көзiн шұқып ала жаздадым. Күннiң қызуын керек ететiн агрофирмаларда маза жоқ. Егiншiлер еңкiлдеп жылады. Қой, “Әрқашан күн сөнбесiн!” деген ән бар едi ғой, баяғыда. “Күндi жекешелендiрiп, байымай-ақ қойдым” деген шешiмге келдiм де, қашықтан басқару аппаратымды жерге атып ұрып, табаныммен мыжып-мыжып тастадым!
Ендi айды жекешелендiрудi бастадым. Сiздер қалай қарайсыздар өзi?

Бауыржан КӘДIРБЕКОВ,
Кентау қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті