1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
17 қаңтар 2017
Қағытпалар

–11 миллиард долларыңыз бар екен. I-м-м-м... Мұның бәрi өз ақшаңыз ба?
–Әрине, өз ақшам. Ал сiз кiмдiкi деп ойлап едiңiз?
–Халықтың ақшасы емес пе екен?..
–Есiңiздi жиыңыз! Халық мұндай ақшаны қайдан алады? Әрине, өз ақшам!

***
– Қайынатаңыз қайтыс болды деп естiп едiм. Иманды болсын!
Жүректен кеттi ме?
– Жоқ. Француз коньягiн iшiп отырған. Коньякты тек қара уылдырықпен iшушi едi ғой. Бұл жолы да коньякты тастап жiберiп, қара уылдырықтан асап жатқанда, қақалып...
– Не деген әдемi өлiм!

***
1990 жыл. Мәскеу. Орталық телеарнаның дикторы хабарлап жатыр:
– Кеше Ресей президентi Ельцин ауырып қалды. Бiрақ ол есiн жимаса да, өзiне-өзi келмесе де Австрияның елшiсiн, сонан соң Францияның сыртқы iстер министрiн қабылдады.

***
Қуырылған жұмыртқаға қарап қонақ:
– Мына жұмыртқаларыңыз халал ғой, әйтеуiр? – дейдi.
– Әрине, халал, – дептi үй иесi.– Сенбесеңiз, есiктiң алдына шығып, тауықтарыма қараңыз. Түгел хиджаб киiп жүр.

***
Әйелдер босанатын үйдiң алдына келiп бiр еркек айқайлап тұр:
– Қалима! Әу, Қалима!
– Не?
– Аман-есен босандың ба?
– Босандым, шүкiр...
– Қалай?
– Үшем тудым. Үш сәби!
– “Үшеу” дейдi. Iшiнде менiң де балам бар шығар, ә?
– Әрине...

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Марат | 18 қаңтар 2017 08:13
Халал жумыртка жайлы артык кеткен екенсiздер
Еркин | 10 наурыз 2017 14:57
Исламга катысты сайкы мазак кылу капирлерге жарасады
Аюхан Молдаш | 13 сәуір 2017 13:10
Ешқандай да Исламға сөз кеп жатқан жоқ! Бұл қазіргі дінді бұрмалап жүрген дүмшелердің ісін әзілмен әжуалау! Қазір еттен секем алып жемейтін такфирші дінбұзарлар тауықтың жұмыртқасын да "харам" деуге көшті! Мынау соларға қарата айтылған әдемі әзіл! Шындық сол! Ал Исламда шындықпен әзіл айту "харам" емес!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті