1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (16205) 7 наурыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
7 наурыз 2017
Салдармен сайыс

Құйындап келіп түйреп өтті.
Анау болса ұзынынан түсіп,
Ирең етті.
Мынаны
Олай өтіп бара жатып салып қалды.
Онысы
Тап сол жерде талып қалды.
Мұнымен тынбады,
Тағы бірін
Былай құйғып бара жатып,
Кескілеп турады!
Пой-пой-по-о-ой,
Жолындағылардың
Ешбірі шыдап тұрмады!
Жандары жәһаннамға жол тартып
Пыр-пырлады.
Кім көрген дәл осындай хас батырды!
Мына тау мен тас та
Көшіп кетпей шаққа тұрды!
Сайыпқыран самғады!
Омпасынан түсірмегені қалмады.
Қаскүнеммен
Ымырасыз күрес бастады.
Келесісін әй-шәйға келтірмей,
Шаншыды да тастады.
Қайтпас сапарға аттандырды!
Ананы да жіберді сол жаққа,
Қарқын алды іс қатты!
Мынаның қолына да
Соның ізімен кететін
Жолдама ұстатты.
Көзді ашып-жұмғанша
Көрінгеннің барлығын қырып салды.
Тіпті сонау
Алысырақ тұстағыларға да
Құрық салды.
Әп-сәтте айналада
Жағымсыз бейне қалмады!
«Сайыпқыран» атағы
Прәмі көкке самғады.
Бірақ біз қатты жаңылыппыз!
Құтылдық деген
Індет таратқыш қаскүнемдер
Ой-қырды қайта қаптады.
Шеттерінен
Домалап жатыр олардың
Жанап өткені, шаққаны.
Аусыл боп сиыр,
Топалаң келіп қой қалды.
Ертелі-кеш ақырып-шақыратын
Әтеш пен
Әңгінің де тілдері байланды.
Өңірдің тынысын білдіретін
Тіршілік иесі қалмады.
Қайта оралған пәлелер
Сыпыра жалмады...
Сөйтсек, әлгі сайысқанын қыратын
Сайыпқыран
Бойындағы қуатын
Себеппен емес,
Салдармен шайқасуға сарқыпты.
Себеп назардан тыс қалған соң,
Салдар боп қаптап жатқан
Індеттің қарқыны
Кемімепті, артыпты.
Ал себепті қайда десеңіз –
Жанынан көшіп кеткен тастап ел,
Әне, соно-оу тұстағы
Қорысқа айналған Шошқакөл!
Ол баяғыша
Бақа-шаян, құрт-құмырсқа,
Шыбын-шіркейдің
Көзі болып жатыр.
Соларды өндіретін зауыттың
Өзі болып жатыр!
 

* * *
Сайыпқыран болса
Салдармен әлі сайысып жүр,
Сол үшін
Қаймақ қосқан шай ішіп жүр!
 

Кемелбек ШАМАТАЙ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті