1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (16205) 7 наурыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
7 наурыз 2017
«ОБЛЫСТЫҚ ТУАЛЕТ»

Ауылдан арсалаңдап қалаға келейін. Қалаға қыдырып келген жоқпын, оны-мұны, майда-шүйде керек болып, артынып-тартынып келе жатқанмын ғой. Құдайдың бере салған қуығы қыштап, дәретхана іздейін. Бұрын кеңес заманында аттаған сайын дәретхана болатын, қазір бірі де жоқ, тек мекеме, кафелердің ішінде болмаса... Олар да асылып өлейін деп жатсаң да кіргізбейді. Маңдайшасына «Қалалық туалетхана» деп жазып қойған екі қабатты үйді көріп, көзім шығып кете жаздады. «Туалетханасы» несі? «Дәретхана» деп жазса қайтеді? Осы әкімшілікте отырғандардың дені сауатсыз, қиялилар-ау деймін. Ойым онға, қиялым қырыққа бөлініп енді кіре бергенімде, алдымнан автомат асынған күзетші шыға келді.
– Қайдан келдіңіз?
– Ауылдан.
– Ауылдан болсаңыз, облыстық туалетке барыңыз!
– Кешір, інім, кіре салайын...
– Болмайды! Бұл – қалалық туалетхана.
– Әншейін айтамын, мен де қалалық туалетпін. Ой, кешір, інім, қалалықпын... – дедім өтірік айтып.
– Қаладан болсаңыз, ЦОН-нан мекенжайыңыз туралы анықтама әкеліңіз.
– Ойбай-ау, оны әкелемін дегенше қуығым жарылып өлемін ғой.
– Тәртіп солай.
Амал нешік, ақыры ол сілтеген көшеге зымырай жөнелдім. Шыдап келемін. Жүрісімнің, жүгірісімнің өзі қызық болып кетті... Көрер едім, сіздерді де қыштап бара жатса... Содан маңдайшасында «Облыстық туалет» деген жазуы бар мекемеге, ой, кешіріңіздер, дәретханаға да жеттім-ау. Жете бере алдымда қолына гранат ұстап тұрған күзетшіні құшақтай алдым. Сүйенбесем, дауыл тұрып, аспаннан жауын сіркіреп кететіндей.
– Ары тұрыңыз! Жанкешті болсаңыз, гранатпен жарып өлтіремін! – деді ол.
– Ойбай-ау, қайдағы жанкешті? Сәл... «кіш» етіп алайын...
– Қалалық туалетке барыңыз!
– Сол қалалық туалеттен жіберді.
– Резюмеңіз бар ма?
– Құдайым-ау, резюмесі несі? Мен жұмысқа тұрайын деп келген жоқпын, нетейін деп...
– Немене, нетейін деп? Қалада тіркелгенсіз бе?
– Жіберші, шырағым! Өліп барамын!
– Сіз өзі қазаққа ұқсамайсыз.
– Енді?
– Сириядан келген жоқсыз ба өзі? Олай болса, халықаралық туалетке барыңыз!
– А?
– Халықаралық туалетке деймін...
– Жарайды, құрысын! Нелерге шыдамаған қазақ! Ауылға дейін шыдаймын! Шыда, қазақ!
Суық күнде бүрсеңдеп, ауылдағы қайран кең даламды, ен даламды көзге елестетіп кете бардым. Қайран қазағым-ай, не дейін, үйге барып не жейін?..

Мұхтар ШЕРІМ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті