1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 35 (16221)   3 мамыр, сәрсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
3 мамыр 2017
Күле отырыңыз

Бір ауылда көктемде жаңбыр жаумай, құрғақшылық қаупі төнгеннен кейін жұрт жиналып, тасаттық беріпті. Бірақ, қызық болғанда, осы ауыл құдайы берген сайын көрші елді мекенде жаңбыр жауады екен. Тағы мал сойып, тасаттық береді. Тағы көрші ауылда селдетіп жауын жауады. Тіпті үшінші мәрте құрбандық шалған кезде көрші ауылды су алып кете жаздапты. Ал құдайы берген ауылға бір тамшы да тамбайды.
Жұрт аң-таң боп балгерге барған ғой. Сөйтсе балгер құмалағын шашып жіберіп:
– Айналайындар-ау, көрші ауылдан ұрлап алып келген малдарыңды емес, өздеріңнің малдарыңды соймайсыңдар ма? – деген екен.

***
Ауылдағы қойшыға Алматыдағы баласынан «тез жет» деген жеделхат келіпті. Оқуынан бір нәрсе болып қалды ма деп уайымдаған қойшы апыл-ғұпыл бір қойының етін сөмкеге салып, Алматыға тартыпты. Сөйтсе баласы: «Жәй әншейін, көке, Алматыда үлкен концерт болғалы жатыр. Бірге оқитын жігіттер «әкең қойшы, мәдениетсіз» деп ылғи кекетеді, сізге театрды көрсетейінші деп едім», – депті.
Сөйтіп, кешкісін әкесін үрмелі оркестрдің концертіне ертіп барыпты. Әкесін ең алдыңғы орынға отырғызып, соңына дейін тамашалатады. Жатақханаға келген соң әкесінен «не көрдіңіз?» деп сұрайды ғой.
Сөйтсе әкесі:
– Білмеймін, балам, мен жайбарақат тыныш отырғанмын. Бір кезде шапанын ит жыртып тастаған бір кісі шықты да, иіліп амандасып, ар жағында отырғандарға қолын көтеріп сілтеп қалып еді, құдай басқа салмасын, бірдеңе басталды да кетті. Әлгі кісі «әй, қойсаңдаршы» дейді қолын сермеп. Аналар «қоймаймыз, қоймаймыз» деп безектейді. «Қойыңдар» деп қолын ары-бері сілтеп біраз әуреленді, олар қоймады. Болмаған соң әрқайсысына жеке-жеке жалынды. «Әй, сен қойшы» дейді қолымен шұқып көрсетіп. Ол «қоя алмаймын» деп одан бетер безектейді. Ары жалынды, бері жалынды, болмады. Сосын ашуланып кетті де, «қоясыңдар ма, жоқ па?» деп қолын қатты сермеп қалғанда, аналар қорыққанынан қоя салды. Сосын әлгі кісі бізге қарап «кешірерсіздер» деп басын иді де, «кінәлі мен емес, мыналар» деп қолын созып аналарды көрсетті. Сөйтіп еді, ана сабаздар «кінәлі біз едік, кешіріңіздер» деп орындарынан атып тұрып, бастарын изеді, – депті.

***

Бір кісінің әйелі ірі, етжеңді, ал өзі әлжуаз әрі арық екен. Ішіп келсе болды, әйелі күйеуін олай да, былай да сілкілеп, әжептеуір ұрып алатын көрінеді. Ішіп қалған ауыз қойсын ба, күйеуі бір күні үйіне келмей қалыпты. Бұған әйелі қатты ашуланады. Ертеңіне кешке бір-ақ келген күйеуін біраз төмпештеп, жеңіл киімімен далаға қуып шығарып жіберіпті. Дала суық, жаңбыр құйып тұр. Жауынның астында қалып, әбден жаураған әлгі кісі дірілдеп тұрып:
– Әттасына нәлет, Құдай өзі берген жанды өзі алар, үйге жүгіріп кіріп, құлақшынымды алып қашып кетсем бе екен, ә, – деп қиялданған көрінеді.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті