1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 35 (16221)   3 мамыр, сәрсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
3 мамыр 2017
«Шегебай бар ма?»

Үйде отырғанбыз. Сыртқы есік ашылды. «Сәлеметсіздер ме?» деген дауыс естілді. Әйелдің даусы. Егер даусына қарап адам тануға болатын болса, мынауың өңді келіншек. Сәлемін алып үлгертпестен: «Шегебай осы үйде тұра ма?» – деді дүңк еткізіп. Менің есім шығып кетті... Есің шықпағанда ше, үйіңнің есігін қағып, әкеңді әйел адам іздеп кеп тұрса. Және «Шегебай осында тұра ма?» деп өктем сөйлесе. Папамның не ойлағанын кім білсін, менікі ғарыштық жылдамдықпен кетті. «Ой жылдам» деген рас, ә.
Арғы бөлмеден әйелім Бану шығып: «Иә, осы үйде тұрады. Кіріңіз, мына бөлмеде», – деді. Әлгі әйел «кеше «скорый» шақырыпсыздар ғой, бүгін баланың жағдайын білуге келдім» дегенде барып «уһ» дедім. Қызым Айбаршынды қарауға келген 6-участоктың кезекші дәрігері екен. Бұлар сөйтеді, емделушіні фамилиясымен айтады. «Айбаршын» дей салса нелері кетер еді, адамның есін шығармай.
Бірден бір қызық оқиға есіме түсті. Бану мен Айбаршын екеуі ауруханада жатқан. Папам (Шегебай) екеуміз жағдайын білуге барғанбыз. Төртеуміз далада біраз отырдық. Бір кезде дәрігер терезеден басын шығарды да: «Шегебай, болды, ішке кір, дала суық», – деді. Папам отырған жерінде «шок» болды... «ова», «ева» деген жаман, бірақ мынау да сәл «не удобно» екен. Сондықтан Бауыржан бабамыздың жолымен ұлы, қызы дегенді жалғауымыз керек-ау. Қалай ойлайсыздар?

Бейбіт САРЫБАЙ, сатирик

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті