1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 35 (16221)   3 мамыр, сәрсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
3 мамыр 2017
«Қалыңмалдың арзан кезінде...»

Кешкі серуен кезінде қызым екеуміз дүкенге кіргенбіз. Қызым «алып бер» деген соң, бір «Албени» шоколадын алып бердім. Қазір 100 теңге тұрады екен. Қызым қағазын аршып жеп жатқанда баяғы балалық шағым есіме түсіп кетсе керек, қарап тұрып қалыппын. Менің қарағанымды басқаша түсінген қызым: «Папа, өзің де біреуін алып жесеңші», – деді. Сасқанымнан: «Жей бер, мен баяғыда 25 теңге тұратын кезінде тойып жеп алғам», – дедім. Ендігі айтпағым, алдағы уақытта спирттік өнімдер мен темекі 93 пайызға қымбаттайды деп жатыр. Сонда көрші «патсанчиктер» темекі берсе, «өздерің шеге беріңдер, мен 200 теңге тұратын кезінде тойып шегіп алғам» деп, сыра берсе, «өздерің іше беріңдер, мен былтыр 300 теңге тұратын кезінде тойып ішіп алғам» деп тұратын шығармыз, сірә. Бәрін қойшы, қалыңмалдың 80 мың теңге кезінде әйел алып алғанымыз қандай жақсы болған!
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті