1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №45 (16231)   6 маусым, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
6 маусым 2017
Жағымпаздар жиыны

Жағымпаздар жалпақтап,
Бір-біріне жалтақтап.
Тақта отырған патшаны,
Жабыла кеп мақтайды.
Ал заманы өткен соң,
Астынан тағы кеткен соң,
Сол жағымпаздар қайтадан,
Жабыла кеп даттайды.

Ленинді де мақтадық,
Жер-әлемге сыйғызбай.
Құдай тұтып бейнесін,
Елдің есін жиғызбай.

Сталинді мақтадық,
Қан-қырғынды жақтадық.
Мыңдап-миллиондап қырылдық,
Бір төбеге жиналдық.
Сталиндей дараға,
Теңеу таппай қиналдық.

Ол замандар өткен соң,
Бұл заманға жеткен соң.
Құдай тұтқан пірлерді,
Жабыла келіп даттадық.

Әр заманда сұрқылтай,
Елді бастап кетеді.
Шындық барын ұмытпай,
Көзге айтсақ нетеді?

Жағымпаздар
жиылып,
Өткізеді жиынын.
Тақта отырған
патшаны,
Жабыла келіп мақтайды.
Ал заманы өткенде,
Жабыла солар
даттайды...

Кемшілікті көзге айтпай,
Күңкілдейміз бәріміз.
Өтірігіне биліктің,
Сенбейміз ғой әлі біз.

Батыр жандар атылды,
Тұрақсыздар
сатылды.
Енді халқым кім сақтар?
Сенің ерлік салтыңды.

Нұрберген ӘМІРЕ
Қапшағай қаласы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті