1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (16241)   11 шілде, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
11 шілде 2017
«Новый» қазақ

Менің бір көршім бар. Өзі сауысқаннан да сақ бір шоқып, екі қарайды. Біз көрші болғалы бес-алты жылдың ішінде үйіне ешкім бас сұққан емес, өзі де ешкімнің шаңырағына кірмейді. Бірдеңе сұрап қалсаң, құдайдың тегін ағып жатқан қара суын бермейтін нағыз шық бермес Шығайбай.
Бәріміз үшін оның қандай қызмет атқаратыны, немен шұғылданатыны бір жатқан үлкен жұмбақ. Баяғы бала кезімізде киноларда көретін шпионның нақ өзі.
Айтпақшы, бұл көршімнің қақтаған балық сияқты қатып қалған әйелі және сабалақ-сабалақ жүнді иті бар екендігін білеміз. Олар да иегері сияқты ешкіммен араласпайды, сирек бой көрсетеді. Көршімнің шиқ-шиқ етіп жүретін ескі жеңіл машинасы болатын. Оны сатып жіберген болуы керек, бір күні жап-жаңа «Мерседес» мініп жүргенін көріп қалдық. Ол көп ұзамай-ақ өзінің ескі үйін сатып, Алманияға көшіп кеткен неміс көршісінің үлкен жаңа үйін сатып алды. Оның ағаш қақпасын алып тастап, оның орнына жаңа темір қақпа орнатты. Бір айдан соң әлгі қақтаған балық сияқты әйелі жердің астына түсіп кеткендей зым-зия жоқ болып, енді сабалақ-сабалақ жүнді итті қақшаңдап қалған бір жас әйел серуендетіп жүретін болды.
Сөйтіп, көршім өзінен және итінен басқасын бәрін шетінен жаңалап шықты. Арада бір апта өткен соң біреулер көршінің жаңа үйдегі жаңа қақпасына:
Көліктің алдың жаңасын,
Үйдің алдың жаңасын,
Қақпаның қойдың жаңасын,
Қатынның алдың жаңасын.
Қайтесің бәрін жаңалап,
Бәрібір өзің жамансың, — деп майлы бояумен баттайтып тұрып, өлеңдетіп жазып кетіпті. Кім болса да, дәл біліп жазған. Бірақ, оған ұялып, намыстанып жүрген көршім жоқ. Сол баяғы тұрысы, сол баяғы жүрісі. Оған аспан түсіп, жер ойылып кетсе де бәрібір. Өйткені, ол «новый» қазақ қой...

Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті