1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (16241)   11 шілде, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
11 шілде 2017
Қағытпалар

Бір жастау әйел әңгіме үстінде өзіне құдағи болып келетін қарт әжеге бір емес, бірнеше рет байқамай, «қызымды сізге тапсырдым» дей беріпті. Сонда әлгі әжеміз: «Құдағи, қызыңды маған емес, қайта мені соған тапсыр», – деген екен.

***
Қожанасыр бірде түн ішінде шошып оянып: «Қатын, тұр! Дереу қағаз-қалам әкел», –депті.
Әйелі байғұс түртінектеп жүріп отағасының сұрағанын қолына беріпті. Сонда Қожекең: «Қызыл-жасыл тауықтар жүр, жасыл жапырақтар арасында», –деп жазыпты да, қайта ұйықтап кетіпті.

***
Екі келіншек сөйлесіп отыр:
– Күйеуім азанмен қалаға кеткен. Әлі келген жоқ. Соны ойлап, уайымдап отырмын.
– Несіне уайымдай бересің? Мүмкін, оны көлік қағып кеткен шығар?

***
Денсаулығы сыр беріп жүрген бір байғұс емшіге барып көрінсе, анау: «Теңізге бар», – деп жөн сілтепті. Одан шыққан соң, келесісіне барса, ол: «Жаяу жүр», – дейді.
Оған да көңілі толмаған байғұс енді үшінші біреуге барып, алдында кімдерге барғанын, олардың не дегеніне дейін түк қалдырмай айтып беріпті.
Сөйтсе, ана данышпан: «Онда теңізге жаяу бар», – деп «кеңес» берген екен.

***
Бір жігіт бойжеткен қызды үйіне шығарып салыпты. Қыз ана жігітті онша ұнатпайды екен. Үйдің тұсына келгенде қыз қайтайын десе, анау ананы-мынаны айтып жібермепті.
Ақырында шыдамы таусылған қыз: «Е, кетші! Кет дегенде ит те кетеді ғой», – десе, жаңағы сабазың беті бүлк етпей:
«Бірақ кейбір иттер ырылдап тұрып алады ғой», – деген көрінеді.
 

Бақыт ҚҰРАЛБАЙ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті