20 қазан 2009
Әдiлеттi ту еткен «Нұр Отаным»
Бүгiнгi пародия
Қатты құрсау сыртында қалыңдаған,
Тас iшiнде алтындай алынбаған.
Жатып едiң бiр кезде, Қазақстан,
Дербес ел боп бiр күйде танылмаған.
Мiне, бүгiн құйылған құрыштан да,
Мықтылықпен ұстадың дұрыс таңба.
Бiр шетiне әлемнiң “Нұр Отан” деп,
Көк байрақты жаздың сен бұрыштама.
Жер кеудесiн жеңiспен дүбiрлеттiң,
Қиындыққа қайысып бүгiлмессiң.
Жасыл шардың бетiне шыттай жаңа,
“Нұр Отаным”, қызыл гүл ғұмыр ектiң.
Гүл-ғұмырды қаулатар әдiлеттен,
Тәуелсiздiк жасарар мәңгi көктем,
Бейбiтшiлiк тудырған шұғыласын,
Азат күннiң арайлы таңы неткен.
Жеңiс енi қалықтап шырқауларда,
“Менiң Қазақстаным” шырқалғанда.
Салтанаты асқақтап ұлтымыздың,
Құлаш ұрад құлшынып шын арманға.
Сәйден Көксегенұлы,
“Текелийский рабочий” газетi.
17.06.2009 ж.
***
Кедейдiң соры құрсау қалыңдаған
Кеудеде жаны ғана алынбаған.
Жатырсың Қазақстан “Май шелпек” боп,
Бiр топқа, бұрын жұртқа “танылмаған”.
Халықтың шыдамын-ай! Құрыштан ба?!
Теңгеден бiр көрмедi дұрыс таңба.
Әлемнiң бiр қожасы “Нұр Отан” деп,
Доллармен билiк жазды “бұрыштама”.
“Нұр Отан” күнде тойлап, дүбiрлеттiң,
Билiкке иiлсең де басқаға бүгiлмессiң.
Жасыл шардың бетiне “су бояумен”,
“Нұр Отанның” шимайлар су суретiн”.
Құл-тобырды қаулатар “әдiлетпен”
“Нұр Отанмен” билiкке мәңгi көктем.
Аз ғана топ тудырған “шұғыладан”,
Тұралаған халықтың халi кеткен.
Билiкке “арнап” “Менiң Қазақстаным”
шырқалғанда,
Бiр бiтедi жағымпаз “мылқауға” да,
Салтанаты асқақтаса “жебiрлердiң”
Кедейлер үзiм нанды тұр армандап.
АУЫП КЕЛГЕН АДАМНЫҢ АЙТҚАН ӘҢГIМЕСIНЕН
(мысал аралас тұспал)
– Бiз мына алып елденбiз,
Жанға жайлы жер iздеп.
Осында ауып келгенбiз,
“Бiз үшiн жер, су, бәрi!” – деп
Болашаққа “нық” сенгенбiз.
Жатсынбайтын ортада,
Өркендей өсiп, өнгенбiз.
Тарихи Отан тар келiп
Байлық iздеп кеткенбiз.
Өткелектен өткенбiз,
Момынның жерiн тартып ап,
Шұрайлы өлкеге де жеткенбiз.
Балақтан кiрiп, басқа өрлеп,
Өз дегенiмiзбен өктембiз.
Момынның шырылына
Өкiнiш, өксiк, қыжылына
Бiз онша мән бермеймiз.
Билiк пен заң қолдап отырғандықтан,
Оның несiне терлеймiз.
Бiле бiлсең бар ғой –
Жергiлiктi жердiң ит екеш итi де
Бұйрыққа бағынышты
Құйрығын бұлғақтатып қарап тұрады.
Майлы тоқаш ұстаған қолымызды,
Ауық-ауық иiскеп, жалап тұрады.
“Есектiң құйрығын жусаң да” –
Деген мақалды малданып,
Бiзден қалған қоқым-соқымға алданып
Жүрсе-дағы онысын: – Ұят-ай!
Масқара! – демейдi,
Бiзге де керегi сол, ұпайымыз
Түгелденiп, көбейген үстiне көбейдi.
Иә, бiздiң мақсат бiреу-ақ:
Қарпып қалу, тартып алу, асап қалу!
Иiнi жұмсақтардың
Иығына шығып алып
Өзiмiзге лайық жақсы өмiр жасап алу.
Басымызға “қиын күн” туа қалса,
Барып жан сауғалар тарихи отанымызды
Қуантарлықтай
Қоржын толы қымбат “жүгiмiз” бар.
Бiрақ, бұл жерде де,
Бiздiң асығымыз алшысынан түсуде.
Себебi, Ата заңмен атастырылған,
Яғни, заңдастырылған “ресми” тiлiмiз бар.
Тек қана бiзге ғана ерекше,
Нұрын төгер күнiмiз бар.
Десек те болады, иә, тағы бiр айтарым,
Бұл жерде бiреу бiзге көзiн “алартса”,
Артымызға бiз сұғып алғандай “аттан” саламыз
“Құқығымызды құдыққа лақтырды!” – деп
“Таптады!” деп, неше түрлi “пәленi жабамыз”.
“Үлкен жердегiлерге” арызданып,
Көз алартқыштарды бар ғой,
Экономикалық “рычагпен” соғамыз.
Иә, соның бәрiн бiлгендер
Қара басының ғана қамын ойлап жүргендер.
Дау-дабыраны қаламайды,
Бiздi алақанына салып аялайды.
Түсiнiп отырған боларсың,
Әңгiмемдi аяқтай келе айтарым мынау:
Өмiр бойы бiздiң бетiмiзден қақпағандарға
Осы уақытқа дейiн
Жылы-жұмсағын аузымызға тосып,
Өркөкiрек өктемдiгiмiздi сақтағандарға,
Бiздiң де ерекше сый-құрметiмiз бар.
Ойыншық орынтаққа
Бiзге ыңғайлы жанды “қуыршақты”
отырғыза да алатындай “құдiретiмiз” бар...
отырғыза да алатындай “құдiретiмiз” бар...
Қыдыр Байдүйсенов,
Текелi қаласы.




