1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (16219)   27 сәуір, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
22 қаңтар 2013
ЖАҒЫМПАЗДАР ЖАҚТЫРМАЙДЫ ҚАБЕҢДI
Қазақ үшiн болып жатса көп егес,
Шындықты айтар шал қазақта көп емес,
Қазақ үшiн қажеттiгi Қабдештiң –
Ешқашан да Әуезовтен кем емес!
22 қаңтар 2013
Саусақ және... саяси қарсылық

Жексенбi күнi жыртиып, құлақшынымның жанынан құлағым қылтиып, орталық көшеге бара қалайын. Үкiмет шенеу­нiк­терi­нiң көшемен кетiп бара жатқан кортеждерiн көруге жүдә құмармын дә... Мен өзi саясатқа жұғымым жоқ, кiмнiң кiм екенiн де бiлмей­мiн. Қай министр екенiн қайдан бiлейiн, қолдарымды қалтама салып, жұмып тұрғанмын, бiр кезде сұқ саусағым өз-өзiнен серейдi де қалды.

27 қараша 2012
Мақтанудың да жөнi бар. Жөнiмен мақтанып жатсаң, жөнiмен мақтана алсаң, онда тұрған ештеңе жоқ. Ал жөнсiз мақтану... Бұл ендi...  Кеңес Одағы өмiр сүрiп тұрған кезде бiздiң қазақтар былай деп мақтанды: – Кеңес Одағында тұратын халықтардың iшiнде орыс тiлiнде акцентсiз, ең таза сөйлейтiн халық – қазақ халқы!
27 қараша 2012
Ақырзаманға дайынсыз ба?

Шаруам бар деп орталыққа кеткен Мықтыгүл бiраздан соң опыр-топыр болып қайта оралды. Сол жақтағы төрт-бес дүкендi түгел адақтап шығып, сауда жасап жарытпаса да, бiрер аптаға жетерлiк өсек-әңгiме жинап, үйге көз байлана бiр-ақ қайтатын Мықтыгүлдiң жылдам оралысынан бәрiмiз үрпиiсiп қалдық. Шынында да, тегiн емес екен.

27 қараша 2012
Шиқан
Шиқан шығып, әкеңдi…, мазаны алды. Суықтан ғой деймiн, әлде моншаға түспегеннен бе екен, моншаға түспегелi алты ай болды. Монша қымбаттайды дейдi. Көп баласы барлар моншаға қалай барады? Монша қымбаттаса, қазақтар бала табуды қоятын шығар, кiр-қожалақ балалар кiмге керек? Депутаттар, ойланыңдар… Жарайды, сонымен маған бiр шиқан… Бiр шиқан емес, қырық бiр шиқан шықты. Тура қырық бiр
9 қазан 2012

“Осыдан құтылайыншы” деп күйеуi әйелiне айтпастан мысықты қапқа салып, үйiнен екi шақырым алысқа апарып тастапты. Үйiне келсе, мысық үйiнде жүр. Қайтып қапқа салып, екi шақырым оңға, бес шақырым тiке, он бес шақырым солға.....апарып тастапты. Сөйтiп, әйелiне “Мысық үйде ме?” – деп телефон соғыпты. Әйелi: “иә” десе: “трубканы бершi албастыға, мен адасып қалдым...” – дептi.

9 қазан 2012
Облыстық аурухананың бас дәрiгерi және облыс әкiмi нөкерлерiмен палаталарды аралап жүр.
— Бұл қандай бөлiм? – деп сұрады әкiм.
— Нейрохирургия, – дедi бас дәрiгер.
— Мынау не?
9 қазан 2012
Шеге
Хотькиндi әйелi Варвара: Сенi де еркек дейдi-ау?! Ең болмаса қабыр­ғаға шеге қаға алмайсың? – деп мүжи бергеннен кейiн, еркек емес пе, Хотькин үйдiң iшiнен iздеп жүрiп бiр шеге тауып алды, сонан кейiн тағы да iздеп жүрiп кувалда (үлкен балға) тапты. Сонан кейiн:
9 қазан 2012
Күл-қоқыстағы қазақ тiлi

“Көкшетауда қазақ тiлiн күл-қоқыс төгетiн жерде үйренуге жарнамалап жатыр”. Осындай тақырыппен электронды сайттар хабар таратты. Қоқыс салатын жәшiктердiң сыртына “Қазақша сөйле!”, “Қазақ тiлiн үйренудi өзiңнен баста!” деп жазылған (Суреттi қараңыз). Өздерiнше қазақ тiлiн кемсiткенi, қорлағаны ғой...

9 қазан 2012
Келiншектерге кеңес
Келiн болып түскен соң, кеңкелес­тер сияқты кеңкiлдеп күле беруге де, күн өткiзу үшiн “әшейiн” өмiр сүре беруге де болмайды. Қыз күнiңдегi еркелiктерiңдi есекке артып, ауылыңа жiбер де, мына менiң, сегiз жыл “стажировкасы” бар жеңешелерiңнiң жетi кеңесiн жата қалып жаттап алыңдар! БIРIНШI КЕҢЕС: Келiн болып түскен күнi “командир” келiн атанып, атаң мен енеңдi сапқа тұрғызып қой
28 тамыз 2012
Иненiң көзiнен өтiп кететiн бiр пысық iнiмнiң арқасында бiр дөкей көкемiздiң тiлiн та­уып, жақсылап сыйлап, аузын майлап дегендей, тұрақты айлығы бар, майлығы мен шайлығы бар жұмысқа орналастым. Кедей бай болсам дейдi, бай құдай болсам дейдi. Текенi жезде деп, ешкiнi апа деп жүрiп, қызметiм бiраз өстi. Негiзгi мамандығымның қазiргi жұмысыма түк қатысы жоқ, жалпақ тiлмен айтқанда, жетi қайнаса да сорпасы қосылмайды
28 тамыз 2012
ИТТIҢ ЕТI
Орта жастағы әйел ет дүкенiне кiрдi.
– Сиыр етi де, шошқа етi де, қой етi де таусылып қалды. Тек иттiң етi ғана бар. Оның өзi төменгi сорт, жетiншi категория... – дедi дүкеншi.
– Қайтемiз, иттiң етi болса да екi кило өлше ендi.
Иттiң етiн алып үйiне кеткен әйел бiраз уақыттан кейiн қайта келдi:
28 тамыз 2012

Батыста бiлiм алған Саматтың ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналасқанына жарты жылдан ғана асқан. Мұндағы тiрлiктiң бәрi ол үшiн мүлдем жат, бөгде. Көрер көзге ұрып тұрған кереғар дүниенiң бәрi мұнда қалыпты құбылысқа айнал­ғандай. “Мынасы ендi болмайды” деп iшкi түйсiгiмен сезiнген нәрселерi болып кетедi. Ке­рiсiнше, дұп-дұрыс жасалған дүниесi алға баспайды. Бар дүние төңкерiлiп тұрғандай. Мұндағы тiрлiктi екi аяғыңмен жердi тiреп тұрып қарасаң – ұқпайсың.

24 шілде 2012
– Мәскеудiң №17 балалар бақшасында кастинг өтiптi.
– Жап-жас балаларды ерте бастан не үшiн, кiм үшiн iрiктеп жатыр?
– Бұл балаларды осы бастан Алла Пугачеваға күйеу болуға дайындап жатыр.
***
Хабарландыру: “№44 дүкеннiң алдынан велосипед ұрлап кеткен адам­ға айтарым, Лесная көшесiндегi №5 үй, 16 пәтерге кiрiп, велосипедтiң насосын да ала кет. Құр насостың маған ендi не керегi бар?!”.
24 шілде 2012
Қарасам, қатыным жоқ...
Сiздердi қайдам, өз басым қатынымды “қатын” деп атаймын. Еркелеткенде “Қатынушка”, “Қатынжан...”, “Сүйiктi қатыным менiң!” деп кете беремiн. Мейлi, сiз менi дөрекi, анайы, жабайы дегендей, жерден алып жерге салып, үстiмнен бүлдiзермен тегiстеп өтсеңiз де, жалпиған күйi орнымнан тұрып айтатыным: «Қа-а-ты-ы-ын...» Бiр күнi ерте тұрсам, көшеде кетiп бара жатқан орыстың бiр кеңкелес жiгiтi көзiн қысып: “Как дела?” деп қояды. Көзiмдi жұмып, қайта қарадым.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»