1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (16251)   17 тамыз, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
9 сәуір 2013
Бастық
ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк Қазақстанның мемлекеттiк қызметшiлерi лауазымдарының тiзiмiнен “бастық” сөзiнiң алынғанын мәлiмдедi. Электронды сайттардан
Жазғанменен бұған арнап неше өлең,
Көгере ме деймiн ендi көсегем?
Бастығыма “басеке” деп айта алмай,
Шынымды айтсам, қиын боп жүр кешеден!
9 сәуір 2013
“Е, той ғой...”
“Той дегенде, қу бас домалайды” деген сөздi кiш­кентай кезiмде түсiнбей, тiлiмдi тiстеп, өңкей әртүрлi пошымдағы бастардың сай-саламен тойға қарай домалап бара жатқанын елестетушi едiм. Сөйт­сем, қазекем бүгiнде өлiмдi де тойға айналдырып алыпты. Әкеңiз жетпiске жетiп жығылып, немесе шешеңiз сексенге секiрiп шығып алып, шыбын жандарын қиып кетсе, дос-жарандарыңыз құ­шақтап, арқаңыздан қаға­тын болды:
5 наурыз 2013
Шешесi қызына ақыл үйретiп жатыр:
– Қызым, есiңде болсын, күйеуге шықпай еркекпен бiр төсекте жатушы болма!
Қызы:
– Өзiм де осындай ойға келдiм. Еркектер кiммен төсектес болғанын бiр-бiрiне айтып қояды екен. Ақымақтар!
5 наурыз 2013
Серiк ҚИРАБАЕВҚА
Болса болды үлкендер сыйға лайық,
Үлкендердi сыйлайық қинамайық.
Ақсақал ма? Ол жағын өзi бiлер,
Академик, әйтеуiр, Қирабаев.
5 наурыз 2013
Кешiрiңдер, ды... ды...
Көзiм жоқ! Сипап қоям орнын, шынында да жоқ. Кеше ғана болған, рас айтам, кеше ғана болған. Ой, Алла, қайда қалды екен?! Кеше Жұмабай екеумiз бiраз сылқитқамыз. Бiраздан да өтiп кеткен сияқтымыз, бiраз болса көзiмдi жоғалтпас едiм ғой. Содан мiне, бiр көз бар орнында, екiншi көз жоқ. Сау көзiм бар, ал протез көзiм жоқ. Протез көзiмдi “өгей көз” деушi едiм, соған өкпелеп қашып кеттi ме? Әлде iшiп жүргенде бiреу көзiмдi ұр­лап кеттi ме екен?
22 қаңтар 2013
Сайлау пунктi. Дауыс беруге келген ақ­са­қалдың алдынан шыққан үгiтшi түсiн­дiрiп жатыр:
             Мiне, мына қағазда бес адамның аты-жөнi жазылған. Осының iшiнен қайсысын қалайсыз, соның аты-жөнiн қалдырасыз да, қалғандарын сызып тастайсыз.
             Мен адал, пара алмайтын, әдiл, турашыл кандидатқа дауыс берсем деймiн.
22 қаңтар 2013
Кәллектип боп “корпоративке” барған едiк...

Жаңа жылға бiр күн қалғанда кәллектип боп “корпоративке” бардық. Бұрын “корпоратив” дегенге кiм ба­рып көрген, керемет екен. Қызметтес қыз-келiн­шектер қосақтарын ертпей, өздерi ғана келiптi. Тәртiп солай көрiнедi. Мен де “бойдақ” болып барғанмын. Сонымен не керек, жаңа жылды, қазақша айтқанда, әкесiн танытып тұрып тойладық.

22 қаңтар 2013
ЖАҒЫМПАЗДАР ЖАҚТЫРМАЙДЫ ҚАБЕҢДI
Қазақ үшiн болып жатса көп егес,
Шындықты айтар шал қазақта көп емес,
Қазақ үшiн қажеттiгi Қабдештiң –
Ешқашан да Әуезовтен кем емес!
22 қаңтар 2013
Саусақ және... саяси қарсылық

Жексенбi күнi жыртиып, құлақшынымның жанынан құлағым қылтиып, орталық көшеге бара қалайын. Үкiмет шенеу­нiк­терi­нiң көшемен кетiп бара жатқан кортеждерiн көруге жүдә құмармын дә... Мен өзi саясатқа жұғымым жоқ, кiмнiң кiм екенiн де бiлмей­мiн. Қай министр екенiн қайдан бiлейiн, қолдарымды қалтама салып, жұмып тұрғанмын, бiр кезде сұқ саусағым өз-өзiнен серейдi де қалды.

27 қараша 2012
Мақтанудың да жөнi бар. Жөнiмен мақтанып жатсаң, жөнiмен мақтана алсаң, онда тұрған ештеңе жоқ. Ал жөнсiз мақтану... Бұл ендi...  Кеңес Одағы өмiр сүрiп тұрған кезде бiздiң қазақтар былай деп мақтанды: – Кеңес Одағында тұратын халықтардың iшiнде орыс тiлiнде акцентсiз, ең таза сөйлейтiн халық – қазақ халқы!
27 қараша 2012
Ақырзаманға дайынсыз ба?

Шаруам бар деп орталыққа кеткен Мықтыгүл бiраздан соң опыр-топыр болып қайта оралды. Сол жақтағы төрт-бес дүкендi түгел адақтап шығып, сауда жасап жарытпаса да, бiрер аптаға жетерлiк өсек-әңгiме жинап, үйге көз байлана бiр-ақ қайтатын Мықтыгүлдiң жылдам оралысынан бәрiмiз үрпиiсiп қалдық. Шынында да, тегiн емес екен.

27 қараша 2012
Шиқан
Шиқан шығып, әкеңдi…, мазаны алды. Суықтан ғой деймiн, әлде моншаға түспегеннен бе екен, моншаға түспегелi алты ай болды. Монша қымбаттайды дейдi. Көп баласы барлар моншаға қалай барады? Монша қымбаттаса, қазақтар бала табуды қоятын шығар, кiр-қожалақ балалар кiмге керек? Депутаттар, ойланыңдар… Жарайды, сонымен маған бiр шиқан… Бiр шиқан емес, қырық бiр шиқан шықты. Тура қырық бiр
9 қазан 2012

“Осыдан құтылайыншы” деп күйеуi әйелiне айтпастан мысықты қапқа салып, үйiнен екi шақырым алысқа апарып тастапты. Үйiне келсе, мысық үйiнде жүр. Қайтып қапқа салып, екi шақырым оңға, бес шақырым тiке, он бес шақырым солға.....апарып тастапты. Сөйтiп, әйелiне “Мысық үйде ме?” – деп телефон соғыпты. Әйелi: “иә” десе: “трубканы бершi албастыға, мен адасып қалдым...” – дептi.

9 қазан 2012
Облыстық аурухананың бас дәрiгерi және облыс әкiмi нөкерлерiмен палаталарды аралап жүр.
— Бұл қандай бөлiм? – деп сұрады әкiм.
— Нейрохирургия, – дедi бас дәрiгер.
— Мынау не?
9 қазан 2012
Шеге
Хотькиндi әйелi Варвара: Сенi де еркек дейдi-ау?! Ең болмаса қабыр­ғаға шеге қаға алмайсың? – деп мүжи бергеннен кейiн, еркек емес пе, Хотькин үйдiң iшiнен iздеп жүрiп бiр шеге тауып алды, сонан кейiн тағы да iздеп жүрiп кувалда (үлкен балға) тапты. Сонан кейiн:
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»