1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (16219)   27 сәуір, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
31 наурыз 2016
Достық әзiл
САЙЫН НАЗАРБЕККЕ
Қабағы мен мұрты сертиiп,
Онда Әзiретi Әлидiң
Түгi менен түсi бар.
Құрыш бiлегi серпiлiп –
Адайдың бес батпан қайрат-күшi бар.
31 наурыз 2016
Мың құбылған дүние-ай...
Анасы:
 – Балам-ау, жасың 40-тан асты. Сұрбойдақ атандың. Үйленсеңшi. Менiң де немере сүйгiм келедi. Уақыт та зырғып барады.
Баласы: – “Ой, апа-ау! О не дегенiңiз?! Президен­тiмiз айтты емес пе: “Алдымен үйлi болу керек, содан соң үйлену керек” –деп. Үлкен кiсi бекер
31 наурыз 2016
Дауыс беру
Бұл оқиға баяғыда болған. Айтайын дегенiмiз... Рачо Чобан қария таудың қуысында ешкi бағушы едi. Ешкiлерi 300-ден асады. Отбасының қамы үшiн Рачо Чобан ала жаздай ауылдың бетiн көрмейдi. “Ала жаздай” деймiз-ау, Рачо қарт ауылға екi жылда, кейде екi жарым жылда бiр-ақ рет келедi. Ешкi бағу оңай емес, Рачо қарт та ешкiнiң соңында ертелi-кеш салпақтайды да жүредi.
23 ақпан 2016
Үш елдің үш егде адамына бірдей сұрақ қойылыпты: «Сіз қандай табысқа жеттіңіз?».
Американдық:
– Мен мол байлыққа жеттім.
Қытай:
– Мен арманыма жеттім! Арма­ным – өзім тұрған
23 ақпан 2016
АҒАМЫЗ...
Жұмыстан соң үй, тірлік, бала қамы,
Жеңгеміз жүр тыншымай ойлап бәрін.
Көрші ауылда бір қызбен танысқалы,
Ағамыз жүр сапында бойдақтардың.
23 ақпан 2016
 Көкірек құрдасы Қисыққа телефон соқты.
– Ассалаумағалейкүм, аса құрметті Итеке...
– Әй, сен немене-ей, ел-жұртқа белгілі дардай адамды Итеке деп, итсің деп. Ой, оңбаған, ой, көргенсіз...
– Қисеке, таусылма, тоқтай тұр. Өзің емес пе, мені оңаша­да, ешкім жоқта «Итеке» деп ит екенімді есіме салып қой!» деген.
23 ақпан 2016
Маска сатып алыңыздар!
Күн жексенбі. Мықтыгүлмен екеуміз қол ұстасып базар ара­лауға шыққанбыз. Қалтамызды қампитып тұрған теңгеміз болмаса да, Мықтыгүлдің: «Не істейміз үйде отырғанда, ел мен жұртты көрейік, өзімізді көрсетейік», — деген сөзінен соң шығуға тура келді. Мен базар араламағалы не заман?! Қарасам, қаладағы қы­бырлауға жарайтын адамның бәрі бүгін осы араға жиналған секілді. Ерсілі-қарсылы ағылған елдің арасынан жол тауып жүрудің өзі қиын.
29 желтоқсан 2015
Шенеунiктермен шомылдым

Кедейлiк кеңiрдегiмнен қысып, дағдарыстан демiмдi ала алмаған соң, Астананың сол жағалауы мен оң жағалауын жалғастыратын көпiр үстiнде ойланы–ы–ып тұрғанмын. Есiл өзенi маған “О, сорлы кедей! Жаңа жылды қалай қарсы алар екенсiң?” деп емiрене ағып жатқандай көрiндi. Аш өзегiм талып, үйдегi аш бала-шағам мен қабырғалары терiсiн тесiп шығардай болған қатынымды ойлап, көзiмнен жас шығып кеттi.

29 желтоқсан 2015
Жай, әшейiн...
Бiр күнi дағдарыс дейдi ме, қымбатшылық дейдi ме, доллардың өсiп кеткенi дейдi ме, жама–а–ан көңiлiм кетiп жүрдi де, әйелiм мен бала-шағамнан рұқсат сұрамастан, сарай iшiне кiрiп алдым. Қарасам, арқан тұр екен, астыма бiр-екi шлакоблок қойып, арқанды сарайдың бөренесiне байлай бастадым. – Өлемiн! – дедiм жыламсырап.
29 желтоқсан 2015
Молданың әйдiгi

Әлгi “Өзiң бiлме, бiлгеннiң тiлiн алма!” деген көк қырсықтарға арналған бабаларымыздан қалған ауыр сөзi бар ғой! Сол сөз тап осы молданың өзiне арналғандай! Өйткенi кезiнде фелдьшер боп iстеген, Құдай қосқан қосағы: “Әй, сен шопыр боп жұмыс iстейсiң. Денеңдi таза ұстап жүруiң керек!” деп қақсайтын. Таң атқаннан кешке дейiн машинаның рөлiнде отыру оңай ма?! Оның үстiне жөндеу көрмеген, кедiр-бұдыр жолды есепке

29 желтоқсан 2015
СЕРIК ҚИРАБАЕВҚА
Болса болды үлкендер сыйға лайық,
Үлкендердi сыйлайық, қинамайық.
Ақсақал ма? Ол жағын өзi бiлер,
Академик, әйтеуiр, Қирабаев.
10 қараша 2015

Германиядан неге философтар көп шығады? Және бәрi де әлемдiк деңгейдегi философтар. – Сен немiстiң әйелдерiн көрдiң бе әуелi? Аяқ-қолы балғадай, екi иығына екi кiсi мiнгендей, бойы екi метрге жуық... Сен де ерiксiз философ болып кетерсiң!

10 қараша 2015
Ашаршылық
Ел президентi екi езуi кө­пiрiп, сөйлеп жатыр, сөй­леп жатыр:
– Қазiр жұртшылықтың жағдайы жақсарды, айлығы көбейдi...
– Бұрын кiм шетелге барып демалушы едi? Ешкiм де! Қазiр бiздiң халықтың басым көпшiлiгi шетелдiң қымбат курорттарында демалады...
– Балаларымыз не iшем, не кием деп ойламайды, бәрi даяр, бәрi дайын.
– Қос-қостан мәшине мi­нiп жүрген отбасылар қаншама! Тiптi 5–6 мәшинеден мiнiп жүрген отбасылар да бар...
10 қараша 2015
Кешiрiңiздер...

Кешқұрым едi, бiр қыз, обалдағы-ай, үстiнде iлiп алар киiмi жоқ, көшеде–е, күздiң қара суығында дiрдек қағып, жүгiрiп келедi. Жабыстырып, ақ матадан тiгiлген калготки ма, бiрдеңе киiп алған. Сырттай бақылап тұрмын... Тақыр кедейдiң қызы болды, аяғында туфлиi де жоқ, аяғының ұшымен жүрiп әйелдер аяқ киiмi дүкенi маңына келдi. Терезеден қарап, күрсiндi. Жынды ма деймiн, екi

10 қараша 2015
Көтiбар
Құдай маған әкiмдiктi бере салды, басыма бақтың өзi келе салды. Қалаға әкiм болған күнi ертеңiне орынбасарларымды жинап алдым, “сендер ұйықтап жүре бересiңдер ме?” деп бiраз қинап алдым. – Халықтың көңiлiн көте­руiмiз керек! Ол үшiн батырларымыздың пәленбай жылдық тойын өткiзейiк. Кiмде қандай ұрандаған ұсыныс бар? – деп сұрадым мен. Орынбасарларымның бiрi ойланып, екiншiсi столды сау­сағымен тықылдатып, үшiн­шiсi төбеге қарап қал­ды.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»