1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
22 қыркүйек 2015
Мен жемеген не бар?

Шынымды шыңғырып тұ­рып айтсам, мен жемеген, қатын, бала-шағам ауыздарына салып, рахаттана шайнамаған не бар? Құдайға шү­кiр, осы жасыма дейiн, талқан да жедiк, қатқан нан да жедiк, сорпаның сорпасын да iштiк. Қайқиған бананды балаларым түсiнде төртеу-бесеуден жеп жүр. Береке­мiз кiрiп шай iшемiз, кофенi қайтейiк? Екi жылда бiр ет асып жеймiз, “сары май тау­сылып қалмасыншы” деп, ернiмiздi майлап қана, сөйтiп, қымбатшылықты қы­тықтап,

22 қыркүйек 2015
Бейсебайдың қышқыл сөздерi
Белгiлi сатирик, марқұм Бейсебай Кiрiсбаепен бiр курста оқыған едiм. Ақсары жiгiттiң сөзiнiң қышқылы барын сол кезден-ақ байқағанмын. Лекцияда отырғанымызда маған тiлдей ақ қағазға былай деп жазғаны есiмде: “Мынау – Мұхтар Шерiмов, лекция жазуға ерiнiп... Ұйқың сенiң келдi ме? Қоясың-ау керiлiп”.  Бiрде “Балалар әлемiнен” көрдiм өзiн. Көстiм-шалбар көрiп тұр екен. “Маған балалар киiмi шақ келе бередi, бойым аласа болғандықтан.
22 қыркүйек 2015
Жаңа қазақтың сиқы
Шыңғырған шындықты сөз етсем:
Өзгенi пiр тұтып кезекпен,
Сұлбаңды сүйретiп ез еткен,
Мимырт тiрлiк кiмге керек?!
4 тамыз 2015
Еркiннiң ерке әзiлi
ГРП КЕЛIП, ҚҰС КЕЛIП...
Еркiн Iбiтановтың Жақан құрдасы (Әбiшбаев) аудандық партия коми­тетiне келгенге шейiн өз мамандығы бойынша геолог болып жұмыс iстептi. Жер қарая Байынқолдың қойнауынан кен iздеуге кiрiседi. Ол басқарған топ “геологиялық барлау то­бы” деп айтылады екен. Орысшасынан қысқартқанда – ГРП. Тау-тастың қойнауынан кен iздеу оңай емес. Қопарылыс жасап, шатқалдарды жаңғыртып жатады.
4 тамыз 2015
Жақында орыс ғалымдары “Ең батыл еркек кiм?” деген сауалға ғылыми тұрғыдан жауап та бердi. Шынында да, ең батыл еркек кiм? Ең батыл еркек – шашы жоқ еркек. Яғни, шашы түгел түсiп қалған таз адам. Халықта “төбе шашы тiк тұрды” дейтiн түсiнiк бар. Иә, адам қорыққан кезде шашының үрпиiп кететiнi де рас. Ал шашы жоқ адамның шашы қалай үрпиедi? Демек, оның шашы үрпимейдi.
4 тамыз 2015

Ырым демекшi, былтыр күздiң кезiнде келiншегiм Сырғатай екеумiз сырғамызды сылдырлатып, кеше ғана аяқ киiм дүкенiндегi “қан майданнан қағып шыққан” импорттық су жаңа етiктерiмiздi киiп, шықырлатып Жабағы досымның үйiне келдiк. Мақсатымыз – оның жақында жеңiл босанып, балпанақтай ұл тапқан әйелi Ақшагүлге құтты болсын айтып, ауыра беретiн алдыңғы баласының халiн бiлу. Келдiк, кiрдiк, шешiнiп төрге беттедiк.

4 тамыз 2015
«Ыстық» жиналыс...

Қарғаның миы ағып түсердей күн ысып тұр. Әшейiнде қала көшелерiнде “такси” сияқты безiлдеп жүретiн көртышқандардың өзi көлеңке iздеп, кеңкелес болып кеткен. Күннiң ыстығы алпысқа асығып бара жатқанда, Қызықстанның Күнгей облысының әкiмi аппарат қызметкер­лерiн жинап алып, жиналыс жасады. Жиналыс десе, жаны кi­редi. “Не мәселе екен? Не мәселе?” деп сыбырласқан әкiмшiлiк қызметкерлерi бiр-бiрiне сыбырлап сөйлесiп қояды.

16 маусым 2015
Соғысып қала беремiн...
Бiлмеймiн, Құдай маған бiр қарыс маңдай берген, тақылдамайтын таңдай бер­ген, көз берген, көп сөй­лемейтiндей сөз берген, қарлығаштың ұясындай мұрын берген, қысқасы, “бәрiн бұрын” берген. Бiрақ неге екенiн өзiм де бiлмей­мiн, көшеде жаяу жүргiншiлермен соғысып қала беремiн. Оларды не басып кетемiн, басып кеткен кезде, алды-артыма қарамай қашып кетемiн! Өйткенi мен де жаяу жүргiншiмiн... Бiлмеймiн, жолда келе жатсам болды, “Ойпырмай-Қазына” ұлт­тық қорында менеджер болып iстейтiн жас жiгiттердiң бiр миллион жетi жүз мың теңгеден аса жалақысы есiме түседi де,
16 маусым 2015

Жас ақын Балтабай Тайлақбаевтың пышақтың қы­рындай ғана алғашқы жыр жинағы шығып, бай әрi бақуат­ты бiр компанияны дүрiл­детiп басқарып отырған туған нағашысы тұсаукесерiн дү­рiлдетiп өткiзiп, ағыл-тегiл дастарқан жайған болатын. Мақтану мен мақтауға келгенде алдымызға жан салмайтын халықпыз ғой, поэ­зия табалдырығын ендi-ендi аттаған Балтабай молынан жайылған дастарқан үстiнде де мақтаудан кенде болған жоқ.

16 маусым 2015
Сайымжан Еркебаев – 80
Егер арамызда жүргенде үлкен прозашы, белгiлi сатирик, өткiр публици ст Сайымжан Еркебаев ағамыз мерейлi 80 жасқа толар едi. Амал не, өмiрден ертерек кеттi. Бiрақ Сайымжан Еркебаев артына мол мұра қалдырды. Әсiресе, сатира саласында. С.Еркебаевтың “Менiң Қожанәсiрiм келдi де...” деген циклдi, қысқа да нұсқа әзiл-сықақтары қазақ сатирасына үлкен олжа салғанын әде­биет сыншылары кезiнде жазды да. Бiз ендi бүгiн “Жас Алаш” газетiнiң оқырмандарына белгiлi сатирик Сайымжан Еркебаевтың бiр топ әзiл әңгiмесi мен Сәкеңнiң өзi жинап-жариялаған анекдоттарын (мұның көпшiлiгiн С.Еркебаев өзi шығарған) ұсынамыз.
31 наурыз 2015
Кiсiден иттiк шыққанда...
Күшiк күнiнде бәрi сүйкiмдi, қабаған ит қайдан шығады?
(“Қыз кезiнде бәрi жақсы, жаман қатын қайдан шығадыны” өзiмше өзгертiп, әйелдердiң көңiлiн аулағаным ғой).
Қорқаққа күнiң түссе де, қорқауға күнiң түспесiн.
Жапалақта ән болмайды, жағымпазда ар болмайды.
Жылпостың ары арзан, опасыздың назы арзан.
Қызғаншақтың көңiлi тар.
31 наурыз 2015
Ертеде Кiшi жүзде Оразымбет деген алаяқ,
жалақор кiсi болыпты. Бiр күнi ол қорасының
белдеуiн қалыңдатып жүрiп аңдаусызда көзiне қамыс
кiргiзiп алады.
– Әйел, ау, әйел, тез далаға шықшы, – дейдi.
31 наурыз 2015
(Қызметкер келiншектiң айтқаны)
“Көсегең көгергiр” Гор­ба­чевтiң тауы шағылып, бетi қайта бастаған тұс едi... Бiздiң аупарткомға идеология жөнiндегi хатшы боп Қалғанбаев деген зоотехник әлдеқайдан делбең етiп жетiп келдi. Обком жiбердi – бiттi, қол қусырып қарсы ал­дық. Ол кезде “парткомдарда идеология саласын қыз-келiншектер бағамдау керек” дейтiн ұранның тұғырынан түсе қоймаған шағы, соның пәрменi болар, мен аупарткомның үгiт-насихат бөлiмiн басқарамын, қарамағымда 3-4 келiншек және бар.
31 наурыз 2015
Сайлауға түсуден бас тартамын
1 сәуiр – күлкi күнi
Қадiрлi халқым! Маған ширек ғасырдан астам уақыт мемлекет басқару бақытын сыйлағандарыңыз үшiн сiздерге соңғы рет алғысымды бiлдiрмек­пiн. Оның мәнiсiне сәл кейiнiрек тоқталамын. Көп­теген қиыншылықтарды бастан бiрге кешiрдiк. Бұрын ешқашан мемлеке­тi болмаған елде, шекарасы болмаған жерде мемлекет орнаттым. Күллi әлемге таныттым. Елу елдiң iшiнен ойып тұрып орын алдық. Ендiгi межемiз – отыздық. Мәңгiлiк ел арманы алдымызда қол бұлғайды. Экономикамыз 12 есе, ал IЖӨ 16 есе өстi осы жылдар аралығында. Бұндай өсiм бiрде-бiр елде бұрын-соңды болған емес және болмайды да! Өйткенi мүмкiн емес.
11 наурыз 2015
“Бақсыға барсаң бақтыр дейдi,
Тәуiпке барсаң қақтыр дейдi”,–
Деген сөз тегiн бе,
Не болмайды өмiрде?!
Бақтыр дегенi – қойыңды сойып,
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»