1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
11 наурыз 2015
Ана елдi жау дедiң,
Мына елдi жау дедiң,
Қанқұмарлар бiздi де
Қалдырмайды сау дедiң.
Үрейге толы сөзiңмен
11 наурыз 2015

Туу-у, бүгiн кешке сыныптастарымның бешiрi ғой! Қалай барам мен? Аяғымда туфлиiм де жоқ, көйлегiм де ескiрген, үрлесең, жыртылып кетедi. “Ойбай-и...” деп осы үйдiң отымен кiрiп, “көңiлiм күлдей...” деп күлiмен шығамын. Нан да жабамын, айран ашытамын, есiк алдын сыпырамын, кiшкентай iнiмнiң мұрны астындағы “ләмпечкесiн” сүртемiн, тамақ пiсiремiн, ыдыс-аяқтарды жуамын. Анам байғұс базарда таң азаннан қара кешке дейiн пiсте сатады.

11 наурыз 2015

Қымбат киiмдер сататын атақты дүкенге кiрiп барғанымда, сатушылар таңырқай қарады. Мен оларға таңырқай қарадым. Үстiмдегi киiмдерiм де “ұялып”, төмен сыпырылып түсiп қалып, тыржалаңаш келгендеймiн. Әуелi көстiм-шалбар мен су жаңа көйлек, соңғы сәндегi шляпаны киiп шығып, айна алдында маңғазданып тұрдым.

11 наурыз 2015
Арғы жағын айтпаймын...
Шыңғырып шынымды айтайын, iшiмдiк атаулыны жек көремiн. Ал бүгiн кешке “за күйiк” iштiм. Ауылда жұмыс жоқ, қатын, бала-шағамды қалай асырап жүргенiмдi бiлмеймiн. Е, әйелiм менi асырап жүр­­ген екен ғой. Жарайды, мен не үшiн “за күйiк” iштiм? Жағымпаз ауыл әкiмi “Президент сайлауында бi­рiншi дауыс бергенге сыйлығымыз бар, “Отау ТВ” тарелкасы берiледi” деген. Таң атпай, ескi клуб­тың алдына келiп есi­нен тұрсам да, ағайыны Адыраспанға бере салды.
26 желтоқсан 2014
«Кеңкелес көпiр»

Шықшытына шиша кi­рiп кеткендей, түнде түсiнен шошып оянды. Түсiнде облыс әкiмi бетiн пышақпен кесiп алып: “Бетiңiзде қытық жоқ, жеп көрейiн­шi...” деп жатыр. Қысқасы, кесiп-кесiп жеп жатыр. Шөлейттi ауданға әкiм болып келгелi де, бiр жыл жыланның жұмырына жұқ болмағандай, өте шығыпты, бiрақ бiтiрген iсi жоқ. Содан ол орынбасарларын, архитектура-сәулет бөлiмiнiң басшыларын шақырып алды. “Бiздiң ау­данда неге өзен жоқ?” деп

26 желтоқсан 2014
Құрымбай
Бұл Құрымбай тұғырдан еш түспеген,
Кезiнде ол “хатшы” болып iстеген.
Қазақты тек қақпайлаумен келедi,
Қазақ десе тiлiн тас қып тiстеген.
26 желтоқсан 2014
Кеше бiр өсек естiдiм...

Кеше бiр өсек естiдiм. Кiмнен естiдiм? А-а-а! Радиодан естi­дiм. Голливудтың бiр әртiс қатыны, атын ұмыттым, буаз көрi­недi. Кешiрiңiз, екiқабат екен. Үш ай бопты. Үш ай бойы ешкiм бiлмеген, тiптi әлгi қатынның өзi де бiлмептi. Бiр күнi қараса... екiқабат дейдi! Еркек бала дейдi, атын Құдайберген қоя­мыз деген көрiнедi. Мiне, қазiр радио осындай өсектер айта бастады. Қып-қызыл өсек! Бiреу­лер өсек айтпаса, ендi бiреулер сол өсектi естiмесе, ұйықтай алмайтын болды қазiр.

25 қараша 2014
Қытай қазақтарының қалжыңдары
ЖЕҢГЕ МЕН ҚАЙЫН ӘЗIЛI
Белгiлi тарихшы-ғалым Нығмет Мыңжани, ұлттық армияның генерал-майоры болған Дәлелхан Сүгiр­баевтың бәйбiшесi Зылиқа, бiздiң үй көршi отырдық. 1982 жылы жазда Үрiмжi қаласына немiстiң әлемге әйгiлi түрколог-ғалымы Анна Мария Гаваин келдi. Ол жылы Гаваин ханым 82 жаста және өмiр бойы тұрмысқа шықпаған екен.
25 қараша 2014
Құлағдар бола жүрiңiз!
КҮЛКI КОРОЛIН ЕСКЕ АЛУ КЕШI
27 қараша күнi сағат 16.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшiлер үйiнде (Абылай хан даңғылы, 105) көрнектi қаламгер, күлкi королi Оспанхан Әубәкiровтiң туғанына 80 жыл толуына арналған еске алу кешi өтедi. Кешке белгiлi өнер шеберлерi Рамазан Стамғазиев, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Сүлеймен Ибрагимов, Құдайберген Бекiшов, Мұхаммедқұл Смағұлов және Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының
25 қараша 2014
Сиырдан сұраңыздар...
Сыннан көз ашпайтын министр Қимыл­да­мас Кадрбаев үкiмет сағатынан шыққаны сол едi, тiлшiлер қоршай қалды. Министр бұл жолы көңiлдi, ыңылдап ән айтып келе жатқан: “Чип-чип-чип, Мария Магдалена, о-о-о!” деп...
– Кешiрiңiз, 150-шi арнаның тiлшiсi едiм, биыл астық бiткен қар астында қалды... Обал емес пе?
– Оны ауа райынан сұраңыз!
– “Қисық” арнасынанмын, қай бiр жылы шетелден сатып алынған сиырлар­дың бәрiн өртеп өлтiрдiңiздер...
– Оны сиырлардан сұраңыздар!
25 қараша 2014
Құдайдың кезексiз бере салған жетi балам бар. Бәрi ұлбала! Үйде менiмен сегiз еркекпiз. Астанада бiр орыс кемпiрдiң қуықтай тауық­ханасында тұрамыз. Үстiңгi қабатта тауықтар, астында бiз – қазақтар. Шiркiн, өз үйiм болса ғой... Сыртқы есiгiнiң өзiн бесеу етер едiм. Мына шетiнен кiрiп, ана шетiнен шығып, бiр рахаттанатын! Кейде шалқамнан түсiп ойланамын: “Неге осы қазақтар ғана пәтер жал­дап жүредi? Неге өз жерi­мiз өзiмiзге бұйырмайды?”.
25 қараша 2014
Бiз бәрiн сатамыз!
Дүние – базар. Әлемдi кезiп жүрiп, әр елдiң, әр ұлттың не сатып жатқанын қызықтадым.  Жапоның компьютер сатып, дүниенi разы қылып жатыр. Қытайың да одан кем емес. Кәрiсiң анау, арзан автокөлiк­терiмен жұрттың алдын бермей жүр. Орысың мынау, арағы мен “Жигули” мәшинесiн әр елге тықпыштап жүрген. Ақырын аяңдап келiп, қазағыма көз салдым. Мұнда да сауда қызып жатыр екен. Сатып алушы жыртылып айырылады.
30 қыркүйек 2014
– Ресейдi күйзелттi-ау! Күйзелттi-ау бұлар Ресейдi әбден!
– Ренжiп қайтесiз соған?
– Өңшең арамтамақтар!
– Ренжiмеңiз ендi...
30 қыркүйек 2014
АУЫЛДА КIМ ҚАЛДЫ?
Жолықтырған Жақайды,
Әуестiк жеңдi Тоқайды:
– Жақа, ауыл аман ба?
Жаңалық айт одан да.
Мына қиын заманда,
Еңбегiмен сындарлы,
Күнi кеше дүрiлдеген
Ауылда не, кiм қалды
30 қыркүйек 2014
Өлермен өмiрбаян
– Сөйтiп, Пықып Асабас қаланың бас мүфтиi болыпты дедiң бе?
– Несiне таңданасың, бұйырғаны сол болса.
– Басқасын қайдам, ол кiсi молдалыққа мойын бұрады деп ойламаппын.
– Қызықсың, кешегi iшуден аты шыққан, арақты ажырамас ардағы санағандар да сәлде орап, таспиық тартып, тақуа болып жүр емес пе.
          Бiз бiлетiн Пықып Аса­бас кешегi кезеңде қызметтi қып-қызыл коммунист болудан бастады ғой...
– Коммунистiгiне ол Қы­тайда өтiп, онда бағы ашыл­май, мұнда базары жүргенi рас.
– Партия құлағанда үш күн, үш түн нәр татпай сазарып жатып алыпты дейдi ғой.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»