1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
"Жас Алаштың" сатиралық беті.
30 қыркүйек 2014
Қағытпа
Жириновскийден журналист сұрап жатыр:
– Мына Украинадағы соғыста кiм жеңедi деп ойлайсыз?
– Украиндықтардың қолындағы кiмнiң қаруы? Советтiң қаруы! Украиндықтарға қарсы соғысып жатқан орыстардың қолындағы кiмнiң қаруы? Советтiң қаруы! Бұл жерде украин да емес, орыс та емес, Совет қаруы жеңiске жетедi!
30 қыркүйек 2014
Таңдайымды көтерiңдершi...
“Мылжың” газетiнiң бас редакторы Айқайгүл Түкбiлме­сованың кабинетiне кiрсем, апай аузын арандай ашып, торт жеп отыр екен. Соған қарағанда, тәттiнi сұмдық жақсы көретiн болса керек. Кабинетi де сұм­дық, ұзын зал, “Т” әрпiне ұқсас жылтыраған стол, сол “Т-ның” басында шоқиып, кешiрiңiз, шiренiп, өзi отыр. Бұрышта елiмiздiң көк байрағы. Алдында бiрнеше телефон, сувенирлер...
19 тамыз 2014
Бар болсаң көре алмайтын, жоқ болсаң көк тиын бере алмайтын, бiреудiң iшiн кептiрiп жамандамаса ауырып қалатын, кеудесiне нан пiсiп, iсiп-кеуiп жүретiн бiр туысым бар. Бетiн аулақ қылсын, сол iнiм түсiме соңғы кезде жиi кiрiп жүр. Бүгiн де түсiмде көрдiм. Төрт жылдан берi көршi тұратын ауылдасыммен дәл үйдiң жанындағы мейманханада кездесiп қалған екем деймiн.
19 тамыз 2014
“Телевизордан сөйлейiн деп едiм”...
Кассаның алдында ала доптай домаланып келе жатқан Шалқақбай жездеммен кездесiп қалдым.
– О, жездеке, жол болсын! Бiрдеңеден құр алақан қалғандай қайдан қалбалақтап ұшып келесiң? – дедiм амандасып.
– Футболға, – дедi ол алқынып.
– Ойпыр-ай, мынауың жаңалық екен. Бұрын футболға трактормен   сүйрелесек те келмеушi едiң. Жайшылық па, әйтеуiр!
Жездем жан-жағына қарап, маған сыбырлай үн қатты.
– Бiлмеушi ме едiң, облыстың бiрiншi басшысы футбол десе
iшкен асын жерге қоятын жанкүйер екен. Қазiр қаланың бетке
шығар қаймағының бәрi осында келедi.
19 тамыз 2014
Осынау оқиға осыдан отыз жыл бұрын болған едi...Менiң күйеуiм преферанс ойнағанды қатты ұнататын және осы мақсатпен генералдың үйiне барып жүретiн. Бiзден онша алыс емес жерде “Патша ауылы” – бай-манаптардың еңсегей үйлерi бой көтерген-дi. Генералды – Касьян, ал оның әйелiн Фаина деп атайтын. Фаина – дәрiгер, Кремльдiң ауруханасында iстейдi.
1 шілде 2014
Сағындық кейiп отыр: – Тым құрыса бетiнен бiр сүйе алмағаның ба? Үш айдың жүзiнде азын-аулақ стипендияң­ды балмұздаққа құртқаннан басқа бiтiргенiңдi айтшы-ей кә­не?!
Мойныма су кетiп мен отырмын. Кенет Әли: – Идея! – деп қолын шошайт­ты.
1 шілде 2014
Әйтпесе...
Дәрет қағазын жарнамалап жатыр. Керемет дейдi, жұмсақ дейдi, жыртылмайды дейдi. Хош иiстi дейдi. Қысқасы, дәрет қа­ғазы емес, түбiт орамал дегенге келтiредi. Жақсы, әрине, бiздiң қамымызды ойлап жатыр ғой. Бiрақ дәрет қағазды пайдалану үшiн алдымен бiрдеме жеу керек қой, солай емес пе?
1 шілде 2014
Ойда жоқта ойпырмайлатып, премьер-министрдiң келе қалғаны! Астанадан алақайлап келетiн депутаттар болса мейлi ғой, төтеннен келген премьердiң мына келiсiне облыс әкiмiнiң басынан бу, арқасынан түтiн шығып кеткендей болды...
– Қойдың басын үйiтiп, пiсiрiп әкелудi бұйырыңыз, — дедi премьер.
1 шілде 2014
Ет жегiңiз келе ме?
Мектеп директорымын. Бiр күнi тәрбие жөнiндегi орынбасарым далақтап, екi көзi алақтап, жетiп келдi: –Ағай, ет жегiштер келе жатыр! –дедi. Қалалық бiлiм бас­қармасынан тек­серу­шiлер келiп­тi. Ұятсыздар өткен аптада ғана ет жеп кеткен болатын. Дереу алдарынан “апалап” шығып, асханаға қарай жетелей жөнелдiм. – Алдымен, бiлiм сапасын тексерiп алайық! –деп сызданды бiрi.
6 мамыр 2014
Не боп кеттi өзi?...

Оһ, шiркiн-ой, ту-у! Ешкiм жоқ сияқты маңайда, Құдай бердi, қайтадан оқиыншы: “Бай фирмаға босстың кө­мек­шiсi керек. Айлық ақысы – 250 000 – 300 000 теңге!” Паһ, шiркiн! Ту-у, әрi қарай оқиыншы тағы: “шетелге демалысқа, саяхатқа барып тұруына болады... Үш қатын алғысы келсе әуелi қонақ үй жалдаймыз, өзiмiз төлеймiз, содан кейiн қаланың ортасынан үш пәтер алып беремiз.

6 мамыр 2014
Көк дорбаны қолға қыса ұстап, базарға қарай дедектеп келе жатқам. Кенет дәл қарсы бұрыштан кiшкене бала жетектеген бiр жас келiншек шыға келдi. Сөйттi де, мен танымасам да “Саламатсыз ба, ағай?” – деп жылы ұшырай амандасып, иiлiп сәлем жасады.
6 мамыр 2014
Күн жексенбi болатын. Үйде бiр өзiм жаңа келген газеттердi оқып отырғанмын. Кенет сыртқы есiк қатты-қатты қағылды. Соққының орасан болғаны соншалық, ендi ашпасам сынатын түрi бар. Сонымен, бұл кiм болды екен деген екiұш­тылау оймен аштым. Есiктiң арғы жағында ұсқыны қорқыныштылау кiсi тұрды.
6 мамыр 2014
“Қатыным қапшық па?”
“Қытық-қытық!” қаласының әкiмi алаңдағы мiнберге шығып, жыбырлаған, тек бастары ғана қыбырлаған, “бұл немене өзi?” деп бiр- бiрiне сыбырлаған халыққа қарап тұрып: Спорт дегенiмiз – спорт! Спорт – спирт емес, СПИД те емес! Қазiр “Қолжетiмдi баспана” жарысы басталғалы тұр! Айдан келгенсiз бе, сайдан келгенсiз бе, немесе бiр балалы болып, байдан келгенсiз бе, онда жұмысымыз жоқ, жалпыхалықтық марафонға қатысып
1 сәуір 2014

Сiздiң бiздiң мекеменiң кассасынан ақша ұрлап жүргенiңiздi анықтадық. Бұ қалай? – дейдi.

Сiз өте қызық адам екенсiз, – деп таңданыпты бухгалтер, – Мен сiздерде жұмыс iстеймiн, ендi ақшаны осы өзiм жұмыс iстеп жүрген жерден

1 сәуір 2014

Сең бұзылғандай тың жердiң бұзылып жатқан кезi. Тiсiн терең салған со­қа, көшiп келiп жатқан жұрт. Бiреуге бi­реу жөн айтуға мұрша жоқ, абыр-дабыр кез. Редакцияның тапсырмасы бойынша әлi аты қойылмаған жаңа совхозға жете жығылған Бөден директорды әрең тапты.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»