Теледидар – адамның жаны мен жүрегін баурайтын әлем. Осы жерде қазақ теледидары атына заты сай болуы үшін міндетті түрде 24 сағат қазақ тілінде «сөйлеуі» тиіс. Ал қазақ тілінде жұмыс істеу деген тек қана үнді, түрік сериалдарын аударып беру емес. Оның үстіне «Қалаулым» сияқты мән-мағынасыз дүниемен шектелген болсақ, онда жуық арада қазақтың көсегесін көгертемін деу – құр далбаса. Егер де нақты қазақ үшін жұмыс істеймін десе, кез келген телеарна қазақтың ұлттық құндылығы мен идеологиясын насихаттайтын дүниелерді тәулік бойы беруі керек.

Ешқашан бітпейтін, бітсе де кем дегенде бірнеше жыл экраннан түспей қоятын үнді сериалының қазаққа түк пайдасы жоқ. Барлығының сарыны сүйдім-күйдімнен ары аспайды. Өзге елдің қаңсығын таңсық етуге мүдделі арналарға әлі тыйым болмай тұр. Ұлттық құндылықтарға бас қатырмайтын арналарға үндінің мәдениеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі көбірек ұнайтын секілді.
«Еуразия» бірінші арнасында көрсетілетін «Қалаулым» бағдарламасы қазақ менталитетіне, қазақ табиғатына мүлдем жат. Бағдарламаны көріп отырған ұлдан намыс, қыздан ұят кетті ме деп қаласың. О заман да бұ заман қыздың жігітті қалап келуі деген масқара ғой. Қазақтың ару қыздары мен сұлтан жігіттері қазақ деген атқа лайық болуы тиіс. Қайдағы бір сапасыз бағдарламаны көргенше, еліміздің өркендеп өсуіне, дамуына үлес қосайық!

Кәусар ЛЕСКЕНҚЫЗЫ
Жамбыл ауданы
Алматы облысы

1 ПІКІР

  1. Мен өзім журналист ретінде айтайын: Мақалада құр эмоциядан басқа ештеме көріп тұрған жоқпын…
    Егер ойын жеткізгісі келсе фактымен тың ақпаратпен және себеп салдары т.б көрсетіп ойын дәлелдеуі керек емеспе… Ол бағдарламаны қолдамайтын болса оның жабылуына халықтың көзін жеткізіп келген зиянын айтып, бағдарламаның қатысушылармен сұхбаттасып әсер етуге боладығой… Мысалы мен ҚАЗҰУ- дың журналистика факультетінің 4 курсында оқимын, бізден «Қалаулымға» қатысып жатқан студенттер бар. Бірі ақша, бірі атақ үшін жүр. Бұл бағдарламаны ашқан Аша Матаймен түрік инвесторларымен сұхбаттасып көру керек шығар. Әлемде осыған ұқсас бағдарламалар бар, болды да сол бағдарламалардан қандай зиян болды кім зардап шекті тағысын тағыны жазу керек қой. Жас Алаш сайты эмоцияға емес таза шындықпен танымдық тың ақпаратпен толғанын қалаймын!

Comments are closed.