1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Астананың Сарыарқа аудандық соты Қажымқан Мәсiмовтiң құқық қорғаушы Т.Сағымбаевтың үстiнен түсiрген шағымын қараудан бас тартты. Неге?
Ұлының премьер тағында көп отырмайтынын сезгендiктен
Әдiлдiкке бет бұра бастағандықтан
Iстi одан әрi ушықтырмауды ойлағандықтан
Үлкен Мәсiмов өнбейтiн арыздан өзi бас тартқандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010
"Жас Алаштың" әлеуметтік беті. Дайындайтын Дилара ИСА
10 наурыз 2010

Алматы облысы, Қарасай ауданы әкiмiнiң орынбасары Едiл Қалиев “Жас Алаштың” арнаулы бетi “Тұрмыста” жазылған “Қошмамбет, сенi қайтейiн?!” атты мақалаға (№7, 26 қаңтар, 2010 жыл) ресми түрде мынадай жауап хат жiбердi: “Аудан әкiмдiгiнiң тапсырмасы бойынша, “Қошмамбет – 2” ауылы тұрғындарының шағымы, “Жаңа Шамалған” ауылдық аумақ әкiмдiгiнде қаралды. Аталған ауылдық аумақтың 7 елдi­мекенiнде 1989 жылдан берi Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркiменстаннан көшiп келген оралмандар көптеп қоныстанған.

10 наурыз 2010

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың назарына!  Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 18 жасқа дейiнгi мүгедек балалардың ата-аналарына ай сайын 15 мың теңге шамасында жәрдемақы төлеу туралы заңның күшiне енгенiн хабарлады. Дұрыс-ақ. Бiрақ, 18 жастан асқан кемтар балалардың ата-аналары елеусiз қалды. Неге? Жоқ әлде заң шығарушы шенеунiктер мүгедек бала 18 жастан асқаннан кейiн аурудан айығып кетедi деп ойлай ма?

10 наурыз 2010

ҚР Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаевтың ресми мәлiметiне сүйенсек, соңғы 10 жылда Қазақстанда 37 450 бала асырап алынған. Оның iшiнде 8 мыңнан астам баланы шетелдiк азаматтар асырап алды. Нақтылап айтсақ, АҚШ-қа – 6406, Испанияға – 600, Бельгияға – 343, Германияға – 173, Канадаға – 167, Ирландияға – 140, Францияға – 131 бала кеткен. Жас шамасын да тiлге тиек етсек: 1-3 жас аралығындағы балалардың саны – 5892, 4-6 жасқа дейiнгiлер – 1278, 7 жастан жоғарғысы – 999. Өкiнiштiсi, 10 жылдың iшiнде қазақ 3752 жетiмiн шетел асырыпты.

10 наурыз 2010

Шолпан Калингараева 7 баласымен Астана қаласындағы “Ударник” бақ өсiру қоғамы саяжайында қуыстай екi бөлмелi үйдi паналап, өлместiң күнiн кешiп жүр. Балапандары да әлi жап-жас. Тұңғыш қызы – 20, кенжесi – 4 жасқа толды. “Жаз мезгiлiнде екi ай ашық аспан астында жаттық. Қатты аязда пәтерсiз қалдық. 1 жыл толды, үкiмет жәрдемақы да бермей қойды. Жұмыссызбын. Балаларымның киерге киiмi, дастарханға қояр асым жоқ.

26 қаңтар 2010

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың айтуынша, өткен жыл Қазақстанның еңбек нарығында күрделi кезең болыпты. “2008 жылдың күзiнен бастап елде жұмыссыздар саны артты. Жұмысшыларының жалпы саны 135 мың адамды құрайтын 264 кәсiпорын өндiрiсiн толықтай және жарым-жартылай тоқтатты. 25 мың адам жартылай жұмыс күнiмен қамтылса, 15 мың 600 адам еңбекақысы сақталмайтын демалысқа шықты”,

26 қаңтар 2010

“Үш балам бар. Күйеуiм жалданып, қара жұмыс iстейдi. Малымыз жоқ. Диқаншылықпен айналысайық десек, егiндiк жерiмiз тағы жоқ. Әлеуметтiк жәрдемақы алмаймыз. Күнкөрiсiмiз мүшкiл болып тұр. Сiздерден сұрайтыным, күнкөрiсi қиын отбасыға мемлекет тарапынан қандай көмек қарастырылған? Көмек болса, қандай құжаттар керек екенiн бiлiп берсеңiздер екен”.

26 қаңтар 2010

Әлi есiнде... 1989 жылы “ПМК” деген құрылыс мекемесiнде жұмыс iстеп жүрген кезi. Жамбыл ауданының бiр ауылынан үлкен мектеп салды. Ғимараты биiк, еңселi, әп-әдемi болып шықты. Бiр қауым елге үлкен қуаныш сыйлап, ауыл ақсақалдарынан бата алып қайтқан-ды сол жолы... Арада төрт-бес жыл өттi ме, жоқ па... бұған бiр құрылысқа қызыл кiрпiш керек боп қалғаны... Жасыратыны жоқ, ол кезде көптеген кiрпiш зауыттары тоқтап қалғандықтан кәсiпкерлер ескi ғимараттарды бұзып алатын. “Пәлен жерде кiрпiш бар” дегендi естiп барса

26 қаңтар 2010

«Сананы тұрмыс билейдi» деген қанатты сөздiң бары да рас. Иә, көп мәселе тұрмысқа, бiздiң тұрмысымызға байланысты. Бiз қалай күнелтiп жүрмiз? Тұрмысымыз қай деңгейде? Осы сауалдарға жауап iздеп, бiрнеше адамды әңгiмеге тартқан едiк.

26 қаңтар 2010

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты “Қошмамбет-2” ауылы Алматы қаласынан небәрi 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда дәл қазiр шамамен 150 отбасы күнелтуде. Бұлардың басым көпшiлiгi көршi Өзбекстаннан көшiп келген қазақтар. Әрбiр отбасында орташа есеппен алты жан бар. Яғни, дәл осы елдiмекенде бүгiнгi күнi тоғыз жүзге жуық адам түтiн түтетiп, тiршiлiк жасауда. Әйткенмен, алғашқы шаңырақтың қазығы қағылғанына бес жыл толса да, қатқыл жол төселмеген, ауызсу жоқ, көгiлдiр отын тартылмаған, қоғамдық көлiк жүрмейдi.

17 қараша 2009

«Өмiрдiң еш мағынасы қалмады. Пәниде маған орын жоқ. Қош бол, жарық дүние. Қош болыңдар, бәрiң де. Қош...».
Бұл Алла берген ғұмырын өз қолымен қиған пенденiң соңғы сөзi. Бүкiләлемдiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiнше, дүние жүзiнде әр жиырма секунд сайын бiр адам осылайша өмiрмен қоштасады. Жылына әлемде он миллион адам өзiне-өзi қол жұмсауға барады. Ал Қазақстан суицид (өзiне-өзi қол жұмсау) көрсеткiшi бойынша әлемде үшiншi орынға шықты.

17 қараша 2009

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРIНIҢ ҮМIТI ҚАШАН АҚТАЛАДЫ?

Жақында «Жас Алаш» газетiнiң аймақтағы тiлшiсiн iздеп таяққа сүйенген қарт әже келдi. Өз бетiмен жүре алмайтын болған соң, оны сүйемелдеп қызы жүр екен қасында. Кеудесi толған орден-медальға қарап қарт әженiң алдында басымды идiм. Өйткенi, ол онсыз да санаулы қалған Ұлы Отан соғысы ардагер­лерiнiң бiрi едi. Ол өзiн «мерген Мафтуха Рыспаева» деп таныстырды ресми түрде.

17 қараша 2009

Үкiметтiң «2010-12 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ма­құл­данды. Әдеттегiдей билiк «халықтың әлеу­меттiк жағдайын жақсарту үшiн жеңiлдiктер жасадық» деп бұлбұлша сайрауда. Ақиқатында бұл жаңалық елдiң ең­сесiн көтердi ме? Тұр­мыс-тiршiлiгiн түзе­дi ме? Таразылап көрелiк.

17 қараша 2009

Жетiмдер жайында ащы шындықты жазып, жарияладыңыздар. («Жас Алаш», №76, 22 қыркүйек, 2009 ж.). Осы мәселеге байланысты мен де өз пiкiрiмдi бiлдiрiп отырмын. Асылы, жетiмдер үйiндегi жағдай былайғы тiршiлiкте де орын алуда. Мәселен, менiң Лена атты медбике досым дәм-тұзы жараспай бiрiншi күйеуiмен ажырасты. Қолында ұлы болса да. Сөйтiп, үш баласы бар отбасылы еркекпен жүрiп, тағы бiр ұл тапты. Ол досымды тастап, өз отбасымен кеттi. Ал құрбым басқа үш баласы бар жүр­гiзушiге тұрмысқа шықты. Отау құрғанына бiр жылдай уақыт толды.

17 қараша 2009

Құрметтi оқырман қауым! Әлеуметтiк тақырыптарға арналған «Тұрмыс» атты арнайы беттiң беташарын жасап жатқан жайымыз бар. Мақсат – қоғамдық маңызы атан түйеге жүк боларлық өткiр мәселе­лердi тағы бiр қырынан қозғау. Елдiң тыныс-тiршiлiгiн көрсетiп, мұң-мұқтажын айтып, қуанышын жеткiзу.